Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары

Мектептің  мәселесі:

 

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептегі пәндерді оқытудың инновациялық процессін енгізу»

 

 

 

2021-2022 оқу жылындағы мектепішілік тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткеніне құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, тұлға қалыптастыру»

 

 

 

 

 

 

Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие міндеттері:

1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту. 

отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру. 

4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру. 

5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

6) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

7) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.

8) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

9) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.

10) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

11) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеу, «қатер» тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тарту.

12) Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасына сәйкес кеңінен қолдану.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Оқушыларда:

 

-өмірдің ең жоғарғы құндылығын түсінетін, бойында жалпы адами және ұлттық құндылықтарды сіңірген, өзін-өзі реттейтін,тұрақты мінез-құлықты, жан дүниесі бай, өзінің ел және адамгершілік үшін миссиясын түсінетін  тұлға қалыптасады.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

 

  1. «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011 жыл;  
  4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                              8 тамыздағы Заңы;
  5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы                                     4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
  6. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы;
  7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
  10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.

 

Бірінші бағыт – Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
  3. ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, гимн, ту), құқықтық тәртіпке;
  4. Елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
  5. Өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
  6. Басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
  7. Өз өлкесінің табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
  8. Құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына; Заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; Әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Екінші бағыт – Рухани-танымдық тәрбие

Мақсаты: Адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас қалыптастырады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
  3. Өзінің қасиетіне, арына және парызына;
  4. Ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
  5. Өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;
  6. Діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;
  7. Ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;
  8. Түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне;
  9. Өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру.

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Құндылықтар жүйесін қалыптастыру қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу; әрбір мектепте музейлер ашу; атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер; сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;
  3. Мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;
  4. Өз халқының мәдени мұрасына;
  5. Қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
  6. Қазақстанның этномәдениетіне;
  7. Этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.

Төртінші бағыт – Отбасылық тәрбие

Мақсаты: Құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Этноәлеуметтік рөлдерге;
  3. Өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;
  4. Адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.

Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: оқушылардың бойында: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтар қалыптастыруға көмектеседі.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
  3. Экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;
  4. «Адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
  5. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
  6. Кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
  7. Нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
  8. Экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
  9. Еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;
  10.  Мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.

Алтыншы бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: Эстетикалық сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын көркемдік-эстетикалық қабылдау.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Толеранттылық және ғаламдық пікір;
  3. Көпмәдениеттілік және көптілділікті;
  4. Мәдениетаралық әрекет;
  5. Мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;
  6. Қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын;
  7. Қарым-қатынас мәдениетін; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;
  8. Шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.

Жетінші бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты: Білімнің құндылығын; зияткерлік позицияның құндылығын; әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығын; ал ақпараттылық мәдениеті – кибермәдениетті және кибергигиенаны қалыптастырады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;
  3. Сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;
  4. Зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;
  5. Пікірталас жүргізу дағдыларына;
  6. Жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне;
  7. Қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына; өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;
  8. Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
  9. Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;
  10. Ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;
  11. Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Сегізінші бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру

   Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру, өз денсаулығына жауапкершілікпен  қарау құндылығы қалыптастырады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
  2. Денсаулық жағдайының скринингіне;
  3. Әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
  4. Теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
  5. Табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
  6. Денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;
  7. Өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;
  8. Қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
  9. Денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.

 

 

Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық жоспары

Сынып сағаты:

 5-11 сыныптарға СӘРСЕНБІ  басталуы 08.00-08.25

1-11 сыныптарға БЕЙСЕНБІ басталуы 08.30-08.55,  13.15-13.45

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

Қр Тәуелсіздік күніне арналған бойынша «Тәуелсіздік жетістіктері» сынып сағаты, 1 сынып оқушыларына арналған «Кел, балалар оқылық»мерекелік саптүзеу

01.09.2021.

Саптүзеу сынып сағаты

Барлық мектеп ұжымы

1-11 сыныптар

Мектеп әкімшілігі

Сынып жетекшілер

Пед кеңесте

2

Проблемалы балалармен жұмыс:

- 1 сыныптан бастап проблемалы балаларды анықтау және педагогикалық қараусыздықтың қалпын білу;

 

 

Жыл бойы

 

 

Зерттеу, анықтау, бейімдеу

1 сынып

Психолог

1 сынып жетекшісі

Тәрбие ісінің меңгерушісінің жанындағы кеңесте

3

1,5  сынып оқушыларының бейімделу мәселесі  бойынша диагностика

Қыркүйек

Диагностикалау

1, 5 сыныптар

психолог

 

 

4

18-29 қараша «Балалар Конвенциясы» күніне орай «Бала құқығы-адам құқығы»  видеоролик

Қараша

 

 

1-11  сыныптар

Аға тәлімгер Құқық пәнінің мұғалімі

 

5

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  іс-шаралар ұйымдастыру.

 

Желтоқсан

 

Жеке жоспар бойынша

1-11 сыныптар

Бекітілген мұғалімдер,

2,5 сынып жетекшілер

кітапханашы

 

6

16-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастыру

 

Жыл бойы

Жеке жоспар бойынша

1-11 сыныптар

 

 

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі

сынып жетекшілер

кітапханашы

бекітілген мұғалімдер

Директордың жанындағы кеңесте

7

«Ауған ақиқаты» тақырыптық іс шаралар ұйымдастыру

Ақпан

жеке жоспар бойынша

5-11  сыныптар

АӘД пәнінің мұғалімі

Бекітілген мұғалімдер

 

8

Патриот айлығы,

1-9 мамыр  аралығындағы даталы күндерге арналған айлық іс-шаралар ұйымдастыру

Сәуір -Мамыр

жеке жоспар бойынша

1-11 сыныптар

АӘД пәнінің мұғалімі

Бекітілген мұғалімдер

Директордың жанындағы кеңесте

Бірлік күніне арналған іс шара

1 мамыр

 

1-4 сыныптар

5-11 сыныптар

3, 6 сынып жетекшісі

 

Отан қорғаушылар күні

7 мамыр

маршировка

5-11 сыныптар

АӘД пәнінің мұғалімі

 

Ұлы Отан жеңіс күні

9 мамыр

митинг

5-11 сыныптар, ауыл тұрғындары

4, 9 сынып жетекшісі

 

9

 4- Маусым ҚР Рәміздер күніне орай  суреттер және шығармалар байқауын және тақырыптық викториналар өткізу

4 маусым

Сурет байқауы

Жазғы балалар алаңындағы демалушылар

«Балдәурен» сауықтыру лагерінің тәрбиешілері

 

10

 

 

 

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, ата-аналардан, мұғалімдерден түнгі кезекшілік ұйымдастыру,

«Түнгі көшедегі балалар» рейд

Ай сайын

Рейдттер

Барлық мектеп

Әкімшілік.

Кесте бойынша кезекшілер мұғалімдер,

 ата-аналар, психолог

Ата-аналар жиналыстарында

- Балалардың бос уақыттарын өткізулерін  бақылау, қадағалау 

- Құқық қызметкерлерімен тығыз байланыста болу,  алдын алу әңгімелерін өткізу;  Оқушылардың құқық қызметкерімен кездесуін ұйымдастыру  

Жыл бойы

Құқық қызметкердің жұмыс кестесіне сәйкес жылына 2 рет кездесу

 

5-11 сынып оқушылары

Сынып жетекшілер

Мектеп психологі

Тәрбие ісінің  меңгерушісі, жергілікті қызмет полициясы

 

"Тәуекел тобындағы" балаларды  және отбасыларды анықтау  

Құқықбұзушылық яғни тәртіпсіздік  жасайтын  балаларды анықтау тіркеуге алу  

Үнемі

Анықтау, зерттеу, тіркеу

Тәртіптері нашар балалар

Мектеп инспекторы

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Сынып жетекшілер

Сынып жетекшілер Әб отырысы

Құқықбұзушылықтың  алдын алу кеңесінің жұмысын ұйымдастыру 

Үнемі

 

жеке жұмыс жоспары

1-11  сыныптар

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Психолог

 

Тәрбие ісінің меңгерушісінің жанындағы кеңесте

13

 

Көп уақыт бойы сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, олардың мектепте қайта келуіне  шара қолдану. Үй жағдайын қадағалау

Сабақты босату фактісі бойынша

Анықтау

Сабақты көп босататын оқушылар

Тәрбие ісінің меңгерушісі  Сынып жетекшілері, психолог

 

Оқушылардың күн сайын сабаққа, мектеп және сынып іс-шараларға қатысу бойынша бақылауды ұйымдастыру.

Кезекші сыныптар кестесін құру

Үнемі

Бақылау

Кезекшілік кестесін құру

1-11 сыныптар

Мектеп әкімшілігі  Сынып жетекшілері, кезекші мұғалімдер

 

15

Демалыс уақыттарында оқушылардың уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізулері үшін жұмыстар жүргізу, ата-аналардан қолхат алу

қараша, қаңтар, наурыз

Әр тоқсанға (күз, қыс, көктем, жаз) жеке жоспар бойынша

1-11  сыныптар

Сынып жетекшілер. Жауапты мұғалімдер, дене шынықтыру мұғалімдері

 

Тәрбие ісінің меңгерушісінің жанындағы кеңесте

16

 

Жетім және қамқорға алынған балалардың тұрмыс жағдайын зерттеуді ұйымдастыру

Қыркүйек, қаңтар, наурыз

Зерттеу

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі мектеп психологі 

 

Әлеуметтік қауіпті жағдайда болатын, сәтсіз отбасыларды анықтау және мектепішілік есепке алу

 

Жыл бойы

Есепке алу

Әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылар

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Сынып жетекшілері психолог

 

18

Адам саудасының алдын алу бойынша сынып сағаты

уақытында

Сынып сағаты

5-11 сыныптар

Сынып жетекшілер

 

19

Суицидтің алдын алу  мәселесі бойынша жұмыстар ұйымдастыру.

 

Үнемі  уақытында

 

/жеке жоспар бойынша/

1-11  сыныптар

Психолог 

 

 

20

Оқушылардың жазғы демалысын, практика кезеңін жоспарлау

Мамыр

Жоспар құру

1- 10  сыныптар

Әкімшілік,

 аға тәлімгер

Пед кеңесте

21

Мектепте тәрбие жұмысының мониторингін және анализін өткізу, есеп тапсыру (кітапханашы, психолог, аға тәлімгер, сынып жетекшілер, үйірме жетекшілер, АӘД, денешынықтыру)

І,ІІ жарты жылдықта

 

Талдау, сараптау, есеп тапсыру

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі

 

 

22

Бопсалау мәселесі бойынша оқушылармен жұмыс. Кәмелетке толмаған балалар арасында бопсалау мәселесіне қатысты тақырыптық әлеуметтік сауалнамалар жүргізу, Бопсалаудың, жәбірлеудің алдын-алу бойынша сынып сағаты

қаңтар Қараша айының сынып сағатының  кестесі бойынша

Сауалнама

сынып сағаты

1-11 сыныптар

Тәрбие ісінің меңгерушісі  психолог

 сынып жетекшілер

 

23

Сәтсіз отбасылармен жұмыс атқаруға ата-аналар комитетін тарту, қамқорлық кеңесімен ақылдасу

Үнемі

отырыс

Сәтсіз отбасылары

Тәрбие ісінің меңгерушісі 

Психолог

 сынып жетекшілер

 

24

12 сәуір – Ғарышкер  күніне арналған іс шара

сәуір

Саптүзеу сурет сайысы

1-11 сыныптар

Аға тәлімгер көркем еңбек пәнінің мұғалімі

 

25

Ы.Алтынсариннің 180 жыл толуы

қазан

(жеке жоспар бойынша онкүндігі)

1-11 сыныптар

Тіл мұғалімдері

 

26

Қазақ ақыны Ж.Жабаевтың 175 жылдығы

 

Сыныптан тыс іс шара

1-11 сыныптар

Сынып жетекшілер

 

27

Қоғам және мәдениет қайраткері Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығы

 

Сынып сағаттары

1-11 сыныптар

Сынып жетекшілер

 

28

Әдебиеттанушы, педагог, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы

қыркүйек

Жеке жоспар бойынша

1-11 сыныптар

Тіл мұғалімдері

 

 

29

Қазақтың халық әртісі, музыканты, композитор ақын А.Жұбановтыңм 115 жылдығы

желтоқсан

Мерекелік іс шара

5-11 сыныптар

Музыка мұғалімі

 

30

Лирик ақыны, аудармашы М.Мақатаевтың 90 жылдығы

 

Сыныптан тыс іс шара

1-11 сыныптар

Тіл мұғалімдері

 

 

31

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс шаралар

 

Жеке жоспар бойынша

Оқушылар»

Барлық мұғалімдер

 

 

 

Рухани-адамгершілік тәрбие

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру, өткізу

Тамыз-Қыркүйек

 

Есепке алу, зерттеу

Тұрмысы төмен, көп балалы отбасындағы балалар

Мектеп әкімшілігі  және ауыл әкімшілігі

Директордың жанындағы кеңесте

2

Жаппай оқыту

 

Тамыз, қаңтар наурыз

(жеке жоспар бойынша)

 

0-18 жастағы балалар

Тәрбие ісінің меңгерушісі, бекітілген мұғалімдер

 

Жаппай оқыту айлығы бойынша «Қамқорлық» акциясы ТОО, ИП демеушілік

10 қаңтар –

10 ақпан

(жеке жоспар бойынша)

Тұрмысы төмен, көп балалы отбасындағы балалар

Тәрбие ісінің меңгерушісі бекітілген мұғалімдер

 

 

3

 

Қарттар айлығына  орай іс-шаралар ұйымдастыру:

 

Қазан айы бойы

Жеке жоспар бойынша

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі,

аға тәлімгер

8 сынып жетекшісі

Директордың жанындағы кеңесте

Шаруашылық көмекті қажет ететін қарттар мен мүгедек және жалғызбасты адамдарға шаруашылық көмек көрсетуді ұйымдастыру

Қазан айы

Көмек көрсету

Еріктілер клубы

Еріктілер клубының жетекшісі

 

«Қариясы бар үйдің –қазынасы бар» тақырыбында сынып сағаты,

Қазан

 

1-11 сыныптар

сынып жетекшілер

 

5

Алғыс айту күні

1 наурыз

ойындар

1-11 сынып оқушылары

Аға тәлімгер

2, 5 сынып жетекшісі

 

6

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Үнемі

Жеке жоспар бойынша

Барлығы

Тәрбие ісінің меңгерушісі, бекітілген мұғалімдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ұлттық тәрбие

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

Экстремистік және террористік әрекеттердің алдын алу бойынша сынып сағаттарын ұйымдастыру

уақытында

Сынып сағаты

7-11 сыныптар

Сынып жетекшілер

 

Діни экстремизм және терроризм идеяларын таратуға идеологиялық қарсы әрекеттер бойынша  алдын алу жұмыстары

Үнемі

 

жеке жоспар бойынша

5-11 сыныптар

Тәрбие ісінің меңгерушісі  

Құқық пәнінің мұғалімі

 

2

 

22-Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру

Наурыз

Мерекелік концерт

0-11 сынып

Тәрбие ісінің меңгерушісі

 қазақ тілі пәнінің мұғалімі

1 сынып жетекшісі сынып жетекшілер

Директордың жанындағы кеңесте

«Бәйге» ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру

Наурыз

Ұлттық ойын

5-11 сыныптар

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері

 

 

3

«Қыздар» «Ұлдар» клубының жұмысын ұйымдастыру

Үнемі

(жеке жоспар бойынша)

5- 11 сыныптар

Тәрбие ісінің меңгерушісі

 Клуб жетекшілер   

 

 

 

 

 

 

Отбасы тәрбиесі

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

Отбасы күніне орай іс-шаралар ұйымдастыру

Қыркүйек

Жеке жоспар бойынша

Ата-аналар

1-11 оқушылар мұғалімдер

Тәрбие ісінің меңгерушісі

аға тәлімгер сынып жетекшілер

Тәрбие ісінің меңгерушісінің жанындағы кеңесте

2

 

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналыстары.

Қазан, сәуір

 

 

Жиналыс

Ата-аналар

Мектеп әкімшілігі

Мектеп психологі

Сынып жетекшілер

Директор жаңындағы отырыс

Барлық сыныптарда тоқсан сайын ата-аналар жиналыстарын өткізу

Қазан, желтоқсан, наурыз, мамыр

Жиналыс

Ата-аналар

Сынып жетекшілер

 

 

Өз міндеттерін дұрыс атқармайтын ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізу

Жыл бойы

 

Жекелей жұмыстар

Ата-аналар

Мектеп әкімшілігі психолог

 

 

Мектеп өміріне белсенді араласып мектептің дамуы мен көркеюіне зор үлес қосқан  ата аналарды марапаттау 

25.05.2022.

 

Марапаттау

Ата-аналар

Мектеп әкімшілігі

Қамқорлық кеңес

 

Директор жаңындағы отырыс

Ата-аналар комитетінің отырыстарын жүйелі түрде өткізу

 

Отырыс сайын

Отырыс

Ұйым мүшелері

Ата-аналар комитетінің төрағасы

Тәрбие ісінің меңгерушісі сынып жетекшілер

 

Мектеп психологы ата-аналармен үнемі тығыз байланысты болу.

Үнемі

Әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналар

Психолог

 

 

Балалардың тәртіптері оқу үлгерімдері басқа да қосымша мәселелер бойынша ата-аналармен  үнемі байланыста болу.

Жыл бойы

Кездесу әңгімелесу

Ата-аналар

Мектеп әкімшілігі сынып жетекшілер қамқорлық кеңес

 

 

3

Аналар күніне арналған құттықтау тілектер

наурыз

Мерекелік концерт

1-11 сыныптар

аға тәлімгер 4,10 сынып жетекшілер

 

4

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» жұмысын ұйымдастыру (жеке жоспар бойынша)

қараша

 

5- 11 сынып оқушылары

Психолог

 

Республикалық хатының негізінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

Экологиялық сенбіліктер, мектеп аймағын көгалдандыру бойынша еңбек жұмыстары, мектеп алаңын бекіту

Жыл бойы

 

(жеке жоспар бойынша)

Барлық мектеп ұжымы, оқушылар

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Шаруашылық ісінің меңгерушісі

Мектеп ұжымы

Директордың жанындағы кеңесте

2

«Гүлдер әлемінде» бөлмелерді гүлдендіру, фойедегі гүлдерді күту

 

үнемі

 

 

0-11 сыныптар

Кабинет меңгерушілері,  еңбек мұғалімдері

 

3

 

Жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беруге көмек көрсету  (мамандықты таңдау)

 

 

Кеңес беру

9-11  сыныптар

Мектеп психологы  

Тәрбие ісінің меңгерушісі

 9-11 сынып жетекшілер

 

Мамандық таңдау жайында ашық тәрбие сағаттары

 

Жоспар бойынша

Сынып сағаты

9- 11 сыныптар

 

9-11 сынып жетекшілері

 

Сынып жетекшілер ӘБ отырысы

Кәсіптік бағдар беру бойынша агитациялық жұмыс

уақытында

 

9,11 сынып

Тәрбие ісінің меңгерушісі

 

4

Экологиялық білім беру сынып сағаттырының бағдарламасын енгізу

Жоспар бойынша

Сынып сағаты айына 1 рет

1-11 сыныптар

Сынып жетекшілер

 

«Табиғат-тіршілік бесігі» суреттер байқауы

Сәуір

Байқау

1-4 сыныптар

Аға тәлімгер

 

 

«Құстарға қамқор болайық» акциясы

Қазан, сәуір

Акция

5-8 сыныптар

Технология пәнінің мұғалімі

 

«Жасыл мектеп» акциясы

Мамыр маусым

акция

5-10 сыныптар

Бекітілген мұғалімдер

 

 

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

Ұстаздар күніне орай іс шаралар ұйымдастыру

1-4 қазан

Мерекелік концерт

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Аға тәлімгер

11 сынып жетекшісі

 

видео құттықтаулар, фотосуреттер, қабырға газеттер көрмесі

1-4 қазан

Фотосуреттер көрмесі

5-11 сыныптар

Аға тәлімгер

 сынып жетекшілер

 

 

«Мұғалімге арнау» оқушылардың авторлық шығармашылық бұрышын ұйымдастыру

1-4 қазан

Өлең арнау газеттерге жариялау

1-11 сыныптар

Аға тәлімгер

 

 

2

«Алтын күз 2021» іс-шара

Қазан

 

сайыс

5-11 сынып

Аға тәлімгер

 10 сынып

 

 

3

«Шырша тойы-2022» мерекелік кеш

Желтоқсан

 

1-4 сыныптар

5-11 сыныпта

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі

4, 11 сынып жетекшісі

Директордың жанындағы кеңесте

4

8 наурыз Халықаралық аналар күніне орай мерекелік іс шаралар ұйымдастыру  

 

наурыз

Ата-аналарға, ұстаздарға, қыздарға

 

 

 

1-4 сыныптар

5-11 сыныптар

ШО

Тәрбие ісінің меңгерушісі

2,8 сынып жетекшісі

ШО тәрбиешісі

10 сынып жетекшісі

 

 

5

25-мамыр соңғы қоңырау мерекесін ұйымдастыру

25 мамыр

Салтанатты жиын

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі

11 сынып жетекшісі аға тәлімгер

Директордың жанындағы кеңесте

6

Мектеп түлектерінің мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру

Маусым

Кеш

9, 11 сыныптар

9, 11 сынып жетекшілер тәрбие ісінің меңгерушісі 

 

 

7

Махаббат күніне арналған «Қозы көрпеш Баян сұлу» мерекесі

15 сәуір

Махаббат кеші

5-11 сыныптар

Аға тәлімгер

7 сынып жетекшісі

 

8

 ЮИД слеті бойынша «Жол қозғалысы инспекторы» атты мектепшілік байқауы

сәуір

Жол ережесі

1-11 сыныптар

Аға тәлімгер АӘД пәнінің мұғалімі

 

 

9

«Жол қозғалысы ережелері бойынша үздік бейнеролик» атты сайысқа қатысу

қыркүйек

видеоролик

9 сынып

Аға тәлімгер АӘД пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

«Қазақстан халықтарының тілдері күніне» орай іс шаралар ұйымдастыру

Қыркүйек

/жеке жоспар бойынша/

1-11 сыныптар

Тіл мұғалімдері

Гуманитарлық ӘБ отырысы

2

Жоғары сынып оқушыларының  жиынын өткізу.

Қыркүйек, ақпан

 

Жиын

9-11 сыныптар

Аға тәлімгер

 

 

3

Өзін-өзі басқару, «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының жұмыс жоспары

Қыркүйек

 

(жеке жоспар бойынша)

«Жас Ұлан» балалар ұйымы

Аға тәлімгер

 

Тәрбие ісінің меңгерушісінің жанындағы кеңесте

4

«Төл тенгенің туған күні» валюта күніне орай оқушылардың шығармашылық бұрышын ұйымдастыру, көрме жасау, сынып сағаты өткізу

қараша

Шығармашылық шара,

сынып сағаты, саптүзеу

1-11 сыныптар

Аға тәлімгер кітапханашы сынып жетекшілер

1, 5 сынып жетекшісі

 

 

5

Барлық деңгейдегі халықаралық, республикалық,  облыстық, аудандық сайыстарға, байқауларға, фестивальдарға, слеттарға қатысуды ұйымдастыру

 

Жыл бойы

 

Сайыстар, байқаулар, фестивальдар

ойындар

Мектеп ұстаздары және оқушылар

Мектеп әкімшілігі

Аға тәлімгер

 пән мұғалімдер

 

 

 

 

 

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

 

Жүргізілетін іс-шаралардың тақырыптары

Мерзімі

Өтілу түрі

Қамтылатындар

Жауапты

Қайда қаралады?

1

«Денсаулық фестивалі» денсаулық күні

Қыркүйек мамыр

Қызықты старт, кросс

Оқушылар

Денешынықтыру пәнінің  мұғалімдері аға тәлімгер

 

2

 

ЖЖЕ алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырып өткізу

 

Ай сайын

Жеке жоспар бойынша (Жылына 8 сағат сынып сағаты)

1-8 сыныптар

Сынып жетекшілер

Аға тәлімгер

Тәрбие ісінің меңгерушісіжанындағы кеңес

Мектеп дәлізіндегі жолда жүру ережесіне байланысты жасақталған бұрышты жаңарту

қыркүйек

Ақпараттық бұрыш

 

тәрбие ісінің меңгерушісі

 

 

3

ЖҚТБ мен дүниежүзілік күрес айлығын ұйымдастыру.

Қараша желтоқсан

 

 Жеке жоспар бойынша

5-11 сыныптар

Психолог

мектеп медбикесі

 аға тәлімгер

 

4

Қысқы спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіп тұру

Қыс мезгілінде

Спорттық ойындар

1-11 сыныптар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

 

 

 

5

Оқушылардың  аймақтық, аудандық, облыстық спартакиадасына қатысуын  ұйымдастыру

Кесте бойынша

 

Спорттық сайыстар

5-11 сыныптар

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері

 

 

Шахмат турнирлеріне қатысу

Кесте бойынша

турнирлер

1-6 сыныптар

Шахмат жетекшілері

 

6

Туберкулездің алдын-алу айлығын ұйымдастыру.

уақытында

Жеке жоспар бойынша

1-11 сыныптар

Мектеп медбикесі

 

 

7

«Астмасыз өмір» дүниежүзілік айлығы

уақытында

жеке жоспар бойынша

1-11 сыныптар

Мектеп медбикесі

 

 

8

Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орай «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз» айлығы

Мамыр

жеке жоспар бойынша

5-11 сыныптар

Мектеп медбикесі

 

 

9

Төтенше жағдайдың алдын-алу, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатындағы ережелермен таныстыру

Қыркүйектің алғашқы аптасы

Сынып сағаты

1-11 сыныптардың оқушылары,

ата -аналар

Сынып жетекшілер

 

10

Су қата бастаған және ери бастаған  кездегі мұздағы қауіпсіздік шараларын өткізу

Қараша және наурыз, сәуір

Сынып сағаты

1-11 сыныптар

Сынып жетекшілер

 

11

Кәмелетке толмағандарға шылым, ішімдік сататын дүкендерді анықтау рейді. 

Айына 1 рет

Рейд

Ауылдағы дүкен иелері

Мектеп инспекторы

 

12

«Балдәурен» жазғы балалар алаңын ұйымдастыру.

Маусым айы

Демалыс

1-4 сыныптар

Мектеп әкімшілігі аға тәлімгер

Пед кеңесте

13

«Жеке бастың гигиенасы» әңгіме. Тазалық тексеру.

Апта сайын

Таңғы тексеріс Әңгіме

1-11 сыныптар

Мектеп медбикесі

 

14

«Ерте жүктіліктің зияны және ерте жүктіліктің алдын-алу»

Жеке жоспар бойынша

Әңгіме,

кеңестер

9-11 сыныптардың

қыздары

Мектеп психологі

Мектеп медбикесі

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 24.11.2021 10:47
Құрылған күні: 24.11.2021 10:47

Текст