Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәнінен есеп

Өзен жалпы білім беретін орта мектеп КММ

«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша есеп

2019-2020 оқу жылы

 

 

2019-2020 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнінен 03.02-12.02 күндер аралығында онкүндік апталығы жүргізілді, жеке жоспар құрылып, бекітілді. 2,3,4 сыныптар арасында ашық сабақтар өткізілді.

«Жалпыадамзаттық құндылықтар» рухани-адамгершілік құндылықтарға байланысты өзін-өзі тану сабағынан ашық сабақ жүргізіліп, дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстелге 7-11 сынып оқушылары қатысып, жалпы адамзаттың қасиеттерін, рухани адамгершілік құндылықтарын түсіндіріп, әңгімелер жүргізілді.      

 «Сүйіспеншілік өмір негізі» атты республикалық сынып сағаттары 0-11 сыныптар арасында жүргізілді. Барлық оқушылар  қызығушылықпен қатысты.

   

   

  

  

Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында «Біз біргеміз» ұранымен волонтерлар клубының мүшелерімен қаңтар, ақпан айларында жалғыз басты аналарға, әжейлерге көмек көрсетіп, отырдық.

  

Биылғы оқу жылында бірінші рет өзін-өзі тану пәнінен олимпиада ұйымдастырылды, олимпиада мектепшілік, аймақтық, аудандық кезеңдерде жүргізілді. 9-11 сынып оқушылары қатысып, тестпен эссе түрінде жүргізілді. Аймақтық олимпиада кезеңде мектебіміздің оқушылары 1 орынға ие болды. Аудандық олимпиада кезенінде 10-11 сынып оқушылары Темирбекқызы Арайлыммен Бұғыбай Еркегул 3 орынға иеленді.

 

 

    

 

 

Жаңартылған күні: 22.05.2020 11:38
Құрылған күні: 22.05.2020 11:38

Текст