Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға

Мұз үстіндегі қауіпсіздік

 ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!  Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан  құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.  

Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайда болады, сол себепті үйлердің фасадын айналып өту керек.

Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеңіз.

Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса, жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болмайды. Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек.

Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден бас тартыңыз.

Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:

  • автобустың артынан айналып өту;

  • балаларды өз жаныңнан жібермеу;

  • бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;

  • жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау;

  • жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта  жол шетінде тұрмау;

  • автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау;

  • көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

- Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн.
Бірінші жаяу жүргенге бейімдеп, құтқаратын заттарды кигізіп,( мысалы құтқару кеудешесі) ең жеңіл адамды жіберу керек

- Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтеуге болмайды.
- Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.
- Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз.
- Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма.
- Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз..

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару:
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады. Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат.
Мұз үстінен жүру ережесі:
Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғи жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралары 5-6 метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзын таяғы болуы тиіс.
Егер аяғыңыздың астында мұз жарылса:
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.   
Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: 
Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп  жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.
Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарфтың бір ұшын лақтыру немесе таяқ, шаңғы, баспаағаш т.б. ұштарын жылжыту керек. Зардап шегуші, сол заттардың біріне қолың жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.
«Қалай дұрыс құлау» керек:
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Жаңартылған күні: 09.02.2024 09:45
Құрылған күні: 09.02.2024 16:02

Текст