«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Бракераж комиссиясы отырысының
№1 хаттамасы 23.09.2024 ж.
Комиссия төрағасы:
1. Сарин Ж.Т. – мектеп директоры
Комиссия мүшелер:
2. Ахметжанова З.Т. - ТІМ
3. Жагслаг Г. – әлеуметтік педагог
4. Жусупова Р. – қамқоршылық кеңестің төрайымы
5. Касымбаева М.Т. – мектеп медбикесі
6. Магзумова А.О. – мектеп психологі
Күн тәртібі:
1.Бракераж комиссиясының мақсаты мен міндеті
2.Мектеп асханасының санитарлық жағдайы.
3.Тамақтандыруда әзірленген астың сапасы.
Тыңдалды: Мектеп директоры Сарин Ж.Т. сөз алып, тамақтану сапасы мониторингісін жүргізу жөнінде бракераж комиссия мүшелерінің құрамымен таныстырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бекітуімен 2021 жылдың 05 тамыз айындағы №76 бұйрыққа сәйкес «Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығымен таныстырды.
Тыңдалды: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметжанова З.Т. қатысушыларды мектеп асханасының жұмысы бойынша, сапалы тамақтандыру бойынша комиссия рейдтерінің қорытындысымен таныстырды.
Тексеру мақсаты: Асхананың санитарлық жағдайы.Азық-түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын тексеру, дайын тамақтар мен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру.
Бірінші мәселе бойынша: Комиссия мүшесі мектеп медбикесі Касымбаева М.Т. мектеп асханасында 2 аспазшы жұмыс істейді, атап айтқанда 1 аспазшы жалпы мектеп оқушыларына тамақ дайындаса, 1 аспазшы «Еркетай» шағын орталығының бүлдіршіндеріне тамақ дайындайды.
Медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты асхананың барлық қызметкерлерінде бар. Асхананың санитарлық жағдайы жақсы, ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі, терезенің алды, үстелдер, стеллаждар, ыдыстар өз орнында, таза, еден жуылған, асхана іші таза, тазалығы үнемі қадағалануда деді.
Жаппай оқыту қоры қаражаты есебінен аз қамтылған отбасы балалары үшін тегін тамақпен 10 оқушы, 1-4 сынып бойынша 34 оқушы қамтамасыз етілген. Адам басына бір тамақтану құны 645 теңгені құрайды.
Екінші мәселе бойынша: Ас ішу блогында 2 тоңазытқыш бар, оларда температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Күн сайын аспазшы дайын тамақтың тәуліктік бақылауын іске асырады. Ас ішу блогынын өндірістік аумағында, шкафтар, стелаждар, санитарлық-техникалық жабдықтар жақсы жағдайда. Ас ішу үстелдері ыстық сумен жуғыш құралдарды қосу арқылы жуылады. Күн сайын мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі ілінеді. Шикі және дайын тамақтардың журналы бар. Асхананың санитарлы-гигиеналық жағдайы жақсы, барлық талаптар орындалатынын айтты.
Қаулы етілді:
1.Мектеп асханасында бракераж комиссиясының санитарлық жағдайының бақылау жұмысы жалғастырылсын.
2.Ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі келісімге сәйкес үнемі комиссия тарапынан бақылауда болсын.
Комиссия төрағасы: Сарин Ж.Т.
Хатшы: Талтакаева Д.