Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сап және оның элементтері. Саптық қалып" АӘД сабағы 10 сынып

08.02.2021

Сабақтың тақарыбы

                             Сап және оның элементтері. Саптық қалып.

Күні:09.12. 2020

Мұғалімнің аты-жөні:  Сеит Ануар

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа  негізделген оқу мақсаттары:

10.5.1- жүйенің негізгі элементтерін және олардың анықтамаларын біліңіз
10.5.2  - жүйені басқару кезінде командаларды беру тәртібін анықтау

10.5.3 - бұрғылаудың біртұтас техникасының өнімділігін көрсету

 

Сабақ  мақсаттары:

Барлық оқушылар: Саптық машықтану барысында оң нәтиже жету үшін ҚРҚК-рі басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының саптық жарғыларында көрсетілген жалпы ережелер мен талаптарын білетін болады.

Оқушылардың басым бөлігі: Саптық дайындық сабақтары әскери қызыметшілердің өмірі мен қызмет жолында өзінің оң әсерін беретінің түсінеді.

Кейбір оқушылар: Тактика, атыс дайындықтары, дене шынықтыру жаттығулары және басқа да оқу пәндерінен игерген машықтарды қолданады.

 

Тілдік мақсат

 

Оқушылар:  Бейнелеу, талқылау және көрсету арқылы өзінің АӘТД бойынша түсінігін   көрсетеді. 

Негізгі сөздер мен тіркестер: Саптық қалып, арақашықтық, қатар, аралық, бас киім.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылы-мын жақсарту ауызша сөйлеу дағдылары дамиды,  сұрақтар қоя алады.

Талқылауға  арналған  тармақтар:  топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар: 

 

Алдыңғы тақырып

Жарықшақты қол гранаталары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар мен (төменде жоспарланған жаттығулармен  қатар,  ескертпелерді  жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Қарастырылатын тақырыптар:

1.Сап және оның элементтері.

2.Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.

3.Әскери қызыметшінің сапқа тұру алдындағы және саптағы міндеттері.

4.Саптық қалып және саптық тәсілдерді орындау.

АӘТД кабинеті

 

 

Ортасы      

30 минут

 

1. Жаңа тақырып.    30 минут

Сабақты ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі:

  1. Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.

2. Қатар – әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

Машиналар сызығы – машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.

3. Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.

4. Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың – алдыңғы бөлігі).

5. Саптың тыл жағы – маңдайшепке қарама-қарсы жағы.

6. Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.

7. Арақашықтық – әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.

8. Саптың ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

9. Сап тереңдігі – бірінші қатардан (алдында тұрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал машиналардағы іс-қимыл кезінде – машиналардың бірінші сызығынан (алдында тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта тұрған машинаға) дейінгі қашықтық.

10. Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.

Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында  екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса, онда ондай қатар толық емес деп аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.

Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери қызметші алдында тұрған қатарға ауысады.

Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарға сапқа тұрғызылады.

11. Бір қатарлы (қатар) және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған болуы мүмкін.

Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда орналасады.

Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.

12. Лек – әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.

Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.

Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.

Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір-бірден тұрғызылады.

13. Өрістетілген сап – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына  тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.

14. Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы.

Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.

15. Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.

Тұйықтаушы – лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).

Саптық тұрыс

Саптық қалып (1-сурет) «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.

Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.

Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Саптық қалып

 2-сурет. Бас киімнің шешілген күйі:                                                                 1) фуражка; 2) пилотка; 3) далалық мақта-мата             фуражка; 4) құлақшын

 

 

«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.

«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.

«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.

 Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.

Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады (2-сурет).

Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.

Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод – тоқта!»

Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жиі адымда!», «Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойыншаәр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі. Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

 

Орнында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу – сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен;

оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:

- бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл – қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 165 - 180 адым, адымның шамасы 70 – 80 см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 110 - 120 адым, адымның шамасы 85 – 90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кзінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

 Плакат,маркер, постер, түрлі түсті қағаздар, таныстырылым.

Аяқталуы    

5 минут

Рефлексия

«Райтинг» (Right  – «дұрыс» деген сөзден) тәсілі.

Тәсілді баға қоюда, өз еңбегін бағалау дағдысын қалыптастыруда қолданады. Жұмысты аяқтаған соң оқушы өзіне баға қояды. Содан кейін мұғалім оны бағалайды. Нәтиже бөлшек түрінде: алымында оқушының бағасы, бөлімінде мұғалімнің бағасы жазылады.

Нені үйренуі тиіс: Роботтардың атқара алатын қызметтері.

«Плюс-минус-қызықты» тәсілі.

«П» – «плюс» бағанына - сабақта ұнағанның бәрі жазылады: жақсы көңіл күй сыйлаған немесе пайдалы болған ақпарат және жұмыс түрі.

«М» – «минус» бағанына - сабақта ұнамаған жайттар: жағымсыз әсер қалдырған, түсініксіз болған немесе пайдасы болмаған ақпарат жазылады.

«Қ» бағанына – сабақта жаңадан алынған «қызықты» мәліметтер, бұл тақырыпта тағы білгілері келетін мағлұматтар және мұғалімге қойылатын сұрақтар жазылады.

Стикерлер, макеттер, практикалық оқу жаттығу орындары

         

 

 

AӘТД  жетекшiсi________________/ .

 

 

Просмотров: 1427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст