Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Факультатив есеп "Көркем жазу"

23.04.2021

Көркем жазу

 

Факультатив сабақ

  Мұғалім: Онгарбай Жанерке

Бұл факультатив сабақ аптасына 1 рет өткізіледі. Сыныпта 11 оқушы бар. Оның 4-еуі қыз, 7-еуі ұл балалар.

Оқытудың мақсаты:

 

     Оқушыларға  пәнді терең меңгерту, қатесіз, көркем дұрыс жаза білу қабілеттерін дамыту,қалыптан тыс ойлай алатын,ақыл-ойы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру

          Оқытудың міндеті:

1. Оқушылар қатесіз көркем жазуға үйренеді;

2. Саусақ бұлшық еттерін, саусақ ұштарын, ақыл- ойын, мінез-құлық мәдениетін дамыту;

3. Байсалды, салмақты, орнықты, ұстамды, табанды қасиеттерге үйрету;

4.Әсемдікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа, тыңғылықтыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Күтілетін нәтиже:

 

-ақыл –ойы;

-сабаққа деген ынтасы,қызығушылығы артады;

-көркем етіп жазады;

-жауапкершілікке,еңбекқорлыққа;

-мінезі байсалды,салмақты, орнықты, табанды, ұстамды,тыңғылықтылыққа;

-шығармашылығы дамиды;

-бірін-бірі тыңдай білуге;

-өз бетімен жұмыс жасай білуге үйренеді.

 

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:


 

1. «Көркем жазу» сабағында үйрету жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу;

2. Пәннің мақсаты комплексті түрде ескерілуі тиіс.

3. Берілген тапсырмалар жоспарлы түрде,белгілі бір жүйемен,оқушылардың басқа

пәндерден алған білімдерінің негізінде жүргізілуге тиіс.

4. Психологиялық,педагогикалық және гигиеналық талаптар ескерілуі тиіс.

5. Берілген жаттығулар оқушы дайындығының деңгейіне сәйкес болуы және

денсаулығын сақтауға бағытталуы тиіс.

6. Оқушының өзіндік жұмысына құрметпен қарау.

7. Оқушы шығармашылығына дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру.

 

Таңдау сабағының тақырыбының мазмұны.

 

Оқушыларға жазу дағдыларын меңгертуде алдымен сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді,өлең жолдарын мән беріп оқығанын, жете түсінуін қадағаланды. Әрбір сөзді қатесіз , көркем жазу үшін мәтіндегі, өлеңдердегі түсініксіз сөздерге түсініктеме берілді.

 

Оқушының көшіріп көркем жазуға , жатқа жазуға қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты өлең жолдары , жұмбақтар , жаңылтпаштар , ертегі, әңгіме мазмұнды мәтіндер енгізілді және бұл тапсырмаларды орындады.

Тақырыпқа сай берілген суреттер оқушыны жан- жақтылыққа,

танымдық ойлау шеберлігінің шыңдалуына, ой әсемдігін көркем жаза

 

білуіне жетеледі.

 

Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады.

 

Бірінші бөлімде -- жуан айтылатын дауысты дыбыстар.

 

Екінші бөлімде -- жіңішке айтылатын дауысты дыбыстар.

 

Үшінші бөлімде – қатаң дауыссыз дыбыстар.

 

Төртінші бөлімде – ұяң дауыссыз дыбыстар.

 

Бесінші бөлімде – үнді дауыссыз дыбыстар.

 

Әр бөлімде дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуы туралы мағлұмат берілді.

 

 

Оқушы дыбыстық талдауға, көп нүктенің орнына әріптерді қоя білуге, сөздерді буынға бөліп жазуға, өлең жолдарын, мәтіндерді қатесіз, көркем жазуға үйреніп келеді.

 

Осындай жаттығулар арқылы оқушының жазба тілі қалыптасып, жазуға деген ептілігі арта түседі.

 

Оқушы мәтін құрастыруға, сөзжұмбақтар шешуге, сурет бойынша әңгіме құрастыруға қызығушылық қабілеті артады.

 Сабақта қолданған әдістерім:

 

1. Көркем жазу

 

3. Ойын әдістері

 

4. Топтастыру

 

5. Мағынаны білу

 

6. Ситуациялық сұрақтар

 

7. Сұрақ-жауап

 

8. Ой толғанысы

 

9. Ой шақыру

 

10. Салыстыру

 

Жоғарыдағы айтылған жұмыстардың барлығы орындалды.

Көркем жазуды өте жақсы жазатын оқушылар: Кеңес Камила, Темірбек Ерасыл, Кеңес Нұрмұхан, ал жақсы жазатын оқушылар: Байзолла Наргиз, Аузар Әсем. Ал төмендегідей оқушылармен тағы да дұрыс жазуына назар аударып, жұмыс жасаймын деп ойлаймын. Олар: Сулейменова Руфина, Жұмаш Рүстам.

Кім дұрыс, көркем жаза алса, сол оқушының мінез- құлқы дұрыс қалыптасады деп ойлаймын.

 

 

Мұғалім: Онгарбай Жанерке

2021 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Өзен жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

Көркем жазу

ФАКУЛЬТАТИВ САБАҚ ЕСЕБІ

1 «А»  сынып

 

 

 

 

 

 

                                                          Мұғалім: Онгарбай Жанерке

 

 

 

 

                                         2020-2021 оқу жылы

Просмотров: 1596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст