Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзен өлкесіндегі бәйшешек гүлінің емдік қасиеті ғылыми жұмыс

28.05.2021

Бағыты: Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау.

 

 

 

 

 

 

Секциясы: Биология

 

 

 

 

Тақырыбы: Өзен өлкесіндегі бәйшешек гүлінің емдік қасиеті

                                                                                                                                                          

 

                        

 

 

 

 

 

 

                                                                 Орындаған :  Орынбай Адия

                                                                 Жетекшісі: Асылхан Сайра

 

 

 

 

 

                              Өзен «ЖББОМ»КММ

                                           2020жылы

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Аңдатпа

Зерттеу жұмысында «Өзен» өңіріңдегі бәйшешек өсімдігінің емдік қасиеттері сипатталады. Бәйшешек өсімдігін зерттеу кезеңінде «Қызыл кітапқа» кірген екі түрін және сонымен қатар дала зонасында кздесетін түрі анықталды.Біздің жұмыс Өзен өңірінде осы бағытта жүргізілген ғылыми зертеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы «Өзен» ауылында өткізілді, нәтежесінде бәйшешек гүлінің емдік қасиетін анықтадық. Зерттеудің алғашқы баспалдағы жалпы бәйшешек гүлінің емдік қасиеті жайлы мәлімет жинаудан басталды. Осы мақсатта мектеп кітапханаларынан сонымен қатар осы жұмысты іздеу арқылы кітаптар

 сатып алып,бәйшешек гүлдері туралы деректер жинақталды. Сонымен қатар,ауылдың дәрілік өсімдіктерді көп қолданатын апаларымыздан сурау арқылы жүргізілген сұқбаттар оң нәтиже бере бастады. Зерттеу барысында «Өзен» өңірінде өсетін бәйшешек гүлінің түрлерін жинақтау, теру,өңдеу

Жұмыстарымен қатар кеппе шөп жасау.

 

       Abstract

The research work describes the medicinal properties of the plant snowdrop rd Ozen.In the study period sign snowdrop "Red book" also includes two kezdese defined type and steppe zones.Our work in this direction of research works conducted in the region of Sochi.Conducted field research in the village of Ozen,as a result, identified the healing properties snowdrops-flowers.General information about snowdrops-flowers medicinal properties of harvest began the first stage of the study.To this end, also job search through books from school libraries buy flowers snowdrops data were collected o in addition,the positive results of the interviews carried out across many medicinal plants used, polarimetervillage.Snowdrops-flowers that grow in the study in the region of Razdol'noye types of equipment, recruitment,processing In parallel with the work on the creation of keppe grass of the Field"pharmacy", a booklet of collection of poems.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

І Кіріспе...................................................................................1-2бет
ІІ тарау.Негізгі бөлім

ІІІ тарау.Қорытынды бөлім

 

1.Әдеби деректерге шолу.......................................................3-5бет

 

1.1.Ақмола обылысында эндемикалы өсімдіктердің таралуы мен биологиялық ерекшеліктері............................................................................3-5бет

1.2.Ақмола обылысының  эколого-географиялық жағдайы

Ақмола обылысының физикалық географиялық жағдайы....6-9бет

2.Бәйшешектің шығу тегі құрылысы мен географиялық таралу жолдары, күтімі негізгі ерекшеліктері ........ ....................................... .................10-13бет

2.1 Бәйшешек  өсімдікінің қорғауа алынған түрлері...............14-15бет

2.2Бәйшешектің емдік қасиеттері..............................................16-18бет

2.3Социомерия................................................................................19бет
 

3тарау.Қорытынды бөлім...............................................................20-21бет

  •  Қолданылған әдебиеттер тізімі ..........................................22бет

    Ұсыныс .............................................................................................23бет

Пікір....................................................................................................24бет
 

 

  •  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның  флорасында 5700-ге  жуық түр бар, оның арасында1000-ғажуығы сирек кездесетін өсімдіктер.Соңғылардың біразы реликті(көне қалдық)өсімдіктер.Реликті өсімдіктер жасыл әлемнің тарихы менэвлоциясының куәсі. Сондықтан сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау және көбейтуге үлкен мән беріледі. Олар біздің кең байтақ республикамызда да кездеседі. Осы өте  сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға аса мән берілмей келеді. Бұлардың түрінің жоғалуы адамзат үшін орны толмас ағаттық. Өсімдіктерді қорғау жұмыстары, бірінші кезеңде, тізім жасаудан басталады [1]. Қазақстанның ғылыми-зерттеу Ботаника институты және Бас ботаника бағы «Қызыл кітап» [2] баспадан шығарған еңбектерінде 306 өсімдік енгізілген. Бірақ тұқымы, түрі жойылып бара жатырған өсімдіктерді қорғау өз деңгейінде емес. Бұлай дейтініміз, соңғы жылдары қорғалатын өсімдіктердің тағы 100-ден асатын түрлері белгіленіп отыр.

Жерімізде өсетін жабайы өсімдіктер генофондында мәдени дәнді дақылдарға туыстас арпа, қара бидай кездессе, бағалы тағамдық жемістерден сирвес алмасы, өрік, қарақат, таңқурай, қой бүлдірген, жабайы жүзім секілді өсімдіктер де өседі. Ал шипалы өсімдіктердің түрлері болса, олар 500-ге таяу. Қазіргі медицинада соның тек 30-дан астамы ғана пайдаланылады. Шырғанақ, дәрмене, қырықбуын, қылша, қара андыз,бәйшешек сияқты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс жылдан жылға артып отыр [3].Сирек кездесетін өсімдіктердің жоғалуына көптеген факторлар кері әсерін тигізуде. Сондықтан реликті өсімдіктерді тек «Қызыл кітап»-қа енгізіп қоймай, қорықтар ұйымдастырудың маңызы бар. Өсімдіктің биіктігі 20 см дейін жетеді және оның тамырсабағы қсықа болады. барқыт тәрізді қабаты бар толқынды жапырақтары шоқты құрайды. Сәуір айнан бастап мамырға дейін бәйшешек ерекше сары-алтын түсті, бір жағына қарай еңкейген және кілттер бумасына ұқсас, шатыршалардағы қоңырау түрлі гүлдерімен гүлденеді. Бәйшешектер бүкіл Еуропа мен Азияның кейбір бөліктерінде таралған, және жағалау жанындағы шалғындықтар мен құрғақ аралас ормандарды мекендейді.

Көктемгі бәйшешек атауы латын тілінің «приму» – «алғашқы» немесе «көктемгі» сөзінен шығады, өйткені ол көктемнің алғашқы жаршыларының бірі болып табылады. Бәйшешек көне ғасырларда-ақ емдік мақсаттарда пайдаланылған.

Начало формы

Конец формы

Language

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты : Ақмола облысы Зеренді ауданы Өзен ауылында кездесетін бәйшешектің биологиялық ерекшеліктерін анықтап, қорғау шараларына ұсныстар беру болып табылады. Қазіргі кезде,аллергияның көп болуы, адамдарда иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты және нарықтық экономиканың болуы, отбасының қаржысын үнемдеу мақсатында дәрілік өсімдіктердің маңызы зор. Кейбір ауылдық жерлердің дәріханасында көптеген дәрілерді табу қиынға түседі. Ал дәрілік өсімдіктердің бәрі дәрі жасауға қолданылады. Сондықтан осы тақырыпты таңдауыма тура келді. Осы тақырыпты зерттеу барысында алға қойған мақсатым: Өзен өңірінде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктердің популяциясын анықтап, зерттеп және оны насихаттау.

 Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді қойдық.
 

Зерттеу міндеттері:

1. Ақмола облысында сирек кездесетін бәйшешек гүліне ботаникалық, биологиялық, экологиялық сипаттама жасау.

2. Бәйшешек гүлінінің дәрілік маңыздылығына  талдау жасау.

3.Дәрілік шипалық өсімдіктерді қорғаудың тәрбиелік мәнін ұсыну.
4.дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін анықтап, тәжірибе жасау және насихаттау;


Зерттеу нысаны:

1.Зерттеу жұмысының нысаны ретінде дәрілік өсімдіктер туралы еңбектер, зерттеу мақалалары;

2.Ауылда жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер,олардың түрлерін құрылысы мен жағдайы

Зерттеу әдістері:бақылау,жобалау,ақпараттар жинау,сараптама

 бақылау,жобалау,ақпараттар,жинау,сараптама
Зерттеу болжамы: ауылымыз жойылу алдында тұрса да, генофонд пен жабайы дәрілік өсімдіктердің популяциясын сақтап, зерттеу, себебі осы мәселені ешкім қарастырған жоқ
Қорытынды мен нәтижелер: Өзен өңірінде жабайы дәрілік өсімдіктер кездеседі, олар әлі зерттеулерді қажет етеді және оларды пайдалану және қорғау керек. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Өлкемізде  сирек кездесетін бәйшешек гүлінің  жойылу қаупі, маңыздылығы, қорғау әдістерін анықтау.

Осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз жұмысты мынандай бағытта жасауды ұйғардық:

а) Ақмола   облысының климаттық жағдайы.

ә) Ақмола облысында  кездесетін эндемикалы өсімдік бәйшешектің биологиялық ерекшеліктері және таралуы және дәрілік маңызы (дала және тауда кездесетін өсімдіктер түрлері).

б) Эндемикалы өсімдік бәйшешекті қорғаудың тәрбиелік маңызы.

 

 

  •  
  • ӘДЕБИ-ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ

 

1.1 Ақмола  облысында эндемикалы өсімдіктердің

таралуы мен биологиялық ерекшеліктері

 

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа,1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер [4].

Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия. Қазақстан флорасындағы түрлердiң басым бөлiгi 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын – Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.

Республикамыздың қазiргi флорасы эоцендiк субтропиктiк (36-58 млн. жыл бұрын), олигоцендiк орманды-мезофильдiк (26-35 млн. жыл), неогендiк ежелгi жерортатеңiздiк таулы-ксерофиттiк, субтропиктiк-ксерофиттi бұталық және миоцен-плиоцендiк алғашқы далалық (13-25 млн. жыл), плейстоцендiк (2 млн. жыл) флоралардың негiзiнде қалыптасқан [5].

Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол, экол, эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.

Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – респуб-лика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, Өскеменнен жоғары Көкшетау мен Петропавл қаларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала белдемi – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемi – қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық экожүйелер таралған [6].

Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i – эндемиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және оңт. қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн – бозды белдем; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем – күңгiрт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ – жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500 – 2800 түр бар, олардың iшiнде 200-215 түрi – эндемиктер. Шөлдi аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн. га., немесе елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыржусан-еркекшөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстан-ның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген аллювийлi – эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты (сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiм-дiк жамылғылары тән; 4) тау етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер – аум. 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жамылғысы тән [7].

Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18,6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4-5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шама-ланады. Оның iшiнде 540-570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165-170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктер-дiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiру-шiлiк 700 - 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар [8].Бірқатар  өсімдіктердің  түрлерінің  жойылуына  ауа  мен  су  ластануы, топырақтың өз құнарлығы жоғалуы, биологиялық жүйесінің тұрақтылығы бұзылуы жол ашады.

 

 

1.2 Ақмола обылысының  эколого-географиялық жағдайы

Ақмола обылысының физикалық географиялық жағдайы.

 

Орта ғасырдағы  Қазақстандағы  мәдениет ерекше сұлулығымен тәнті ететін

Қазақстанның қақ ортасында Астанадан солтүстік – батыс жақта 160 км қашықтықта Көкшетау тауларынан қазақ шөл далаларынан бөлейтін, жарты шөл және шөлдің қиылысында Қорғалжын – Теңіз құрамына Қорғалжын ұлттық қоры орналастырылған.Қордың жалпы көлемі 237 100  га. Аймағында Қорғалжын өзені және Теңіз өзені бірігуінен екі өзенінің шөл даласының тікенектермен тіректерге толы, ағаштары аз елді мекен болып табылады.

1968 жыл су – батпақты жерлер болып есептелетін қызғылт фламинго, бірқазан және басқа құстар қоныстанатын жерді қорғау мақсатында қорық құрылған еді. Фламингоның популяциясы Орталық Азияда ірі болып келеді.

Астана мен Көкшетау екі қаласының расында орналасқан Бурабай өзенін «Қазақстандық Швейцария» деп атайды.

«Алла әлемді құрағанда – аңызда айтылғандай – бір халыққа қалың ормандар мен өзендер, жазық даланы берсе, басқаларға биік таулар және теңіздер берген еді. Қазақ болса тек жазық даланы алған болатын. Бұл қазаққа өкінішті болып, Құрушыдан сұлу табиғаттың бір бөлігін сұрайды. Одан кейін Алла өзінің қоржынынан (сөмкесінен) жазық далаға таулы, мөлдірдей – таза суымен, гүлденген гүлдерді, сұлу табиғаттың бөліктерін жайып салған болатын. Тауларды түрлі образды ағаштар және тікенектермен, құстармен, өнеді – балықпен, даланы – құрт – құмырсқамен толтырған болатын. Осылай Бурабай құрылған еді».

Географиялық орны. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. Батыста – Қостанай, солтүстікте – Солтүстік Қазақстан, шығысында – Павлодар және оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектеседі. Облыс Ресейдің Орал, Түмен, Томск, Омбы, Новосибирск сияқты дамыған  өлкелеріне  жақын орналасқан, олармен ұзақ  мерзімдік экономикалық байланыс орнатылған. Облыстың аумағы 146,2 мың шаршы шақырым, ол Республиканың аумағының 5,4 пайызын құрайды. Облыс тұрғындары 2012 жылда  —  731 398  мың адам (4,8%), ұлттық құрам – қазақтар – 49,21% ,орыстар – 34,36%, украиндақтар  – 4,73%, немістер – 3,58%, басқалар – 6,2 %. Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы, іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыстың құрамында Көкшетау және Степногорск сияқты облыстық маңызы бар 2 қала, 17 аудан, 8 аудандық маңызы бар қала, 14 кент және 244 ауылдық округ кіреді.

Тарихы. Ақмола облысының құрылуы мен дамуының тарихы және оның қазіргі кездегі әкімшілік шекараларындағы қалыптасуы қазақ халқының өзінің тәуелсіздігі жолындағы жігерлі күресімен, дербестігімен және гүлденуімен, яғни мемлекетіміздің өткен тарихи кезеңімен тығыз байланысты.

Қазақ хандығының 18 – ғасырдың соңындағы және 19 – ғасырдың басындағы сыртқы аяси жағдайы айтарлықтай күрделі болды. Көрші елдердің тарапынан басқыншылықтан қорғануды іздестірген кіші және орта жүз өкілдері сүйемелдеу жөнінде Ресей мемлекетіне өтініш білдірді. 1740 жылға қарай екі жүз де Ресей адалдығы туралы ант берді.

Жер бедері. Облыс аумағының рельефі әртүрлі: басым көпшілік жерлерін жазықтық, ұсақшоқылық, осал бөлшектелген өзен алқаптары, орманмен көмкерілген таулар алып жатыр. Таулы теректі орман базасында бірнеше курорттар, санаторилер, демалыс үйлері, Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылықтары құрылған. Онд өндірістік бағыттағы жұмыстармен қатар, жануарлар мен құстардың түрлерін өсірумен және бейімдеуден айналысады. Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (ең биік шыңы – Көкше тауы – 947 м), Жақсыжанғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Имантау (661 м), Зеренді (587 м) тауларымен қоса Көкшетау дөңестерінің телімдері алып жатыр. Облыстың оңтүстік бөлігі абсолюттік биіктігі 300 м құрайтын дөңесті – адырлы жазықтық алып жатыр. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары, оңтүстік – шығысында көрікті Ерейментау таулары (ең биік шыңы Ақдын – 899 м), солтүстік – шығысында   Сілеті жазықтығы, орталық бөлігінде – Атбасар жазығы, оңтүстік батысында Теңіз – Қорғалжын ойпаты орналасқан.

Сулары. Облыс аумағында бірнеше өзендер ағады, олардың ішінен біршама ірілеулері : Есіл, Шағалалы өзендері. Тұрғындарды сумен қамтамасыздандыру мақсатында Есіл өзенінің бойында Вячеславское су қоймасы (410 млн. м3), Сілеті өзенінің бойында Сілеті су қоймасы (230 млн.м3) салынды. Щучье-Бурабай аймағы көлдерге өте бай. Олардағы су құрамы негізінен тұщы, әрі аз тұзды, ағыссыз көлдер болып келеді. Сонымен қатар, Майбалық және Балпашсор сияқты емдік қасиеті бар көлдер де кездеседі.

Ақмола облысы өзендерге, тұзды және тұщы сулы көлдерге бай. Айтарлықтай үлкен өзендері:тармақтарымен қоса Есілқ өзені (жалпы  ұзындығы – 2450 км, Қазақстан Республикасының аумағында – 1719 км), Нұра (978 км),Сілеті (407 км), Құланөтпес (364 км), Өлеңті (273 км), Шағалалы (234 км). Тұщы сулы ірі көлдерге Қорғалжын (330 км2), Қожакөл (60 км 2), Итемген (57,4 км2), Майбалық (21,1 км2), Шортанды (18,6 км2)Қопа(14 км2), тұзды көлдерге : Теңіз (1162 км2), Қыпшақ (64,7 км2), Керей (63 км2), Қияқты (51,6 км 2), Үлкеншабақты (26км2), Кішішабақты (21,4 км 2) және т.б. жатады. Салынған су қоймалары : Вячеславск (аумағы 60,7 км2 сыйымдылығы 410,9 млн. м3),Сілеті (аумағы 36,3 км 2 сыйымдылығы 221,8 млн.м3),Шағалалы (аумағы 6,6 км2 сыйымдылығы 280 млн. м3).

Климаты. Ауа –райы жазы ыстық шұғыл – континентальды, қысы суық, қары аз және ұзақ, қатты желді, тәулік бойы температурасының тез өзгеруімен ерекшеленеді. Қазақ ұсақшоқылық ауа – райына барынша әсер етеді. Қаңтардағы орташа температура – 16 – 18 0 С, шілдедегі орташа температура +19 + 210 С. Жауын – шашынның жылдық саны – 250- 400 мм. Жаз кезінде болатын жауын – шашынның басым көпшілігі маусым – шілдеде, қыс мезгілінде қараша – желтоқсан айларына тиесілі. Жаз.ы кездегі жауын – шашын найзағаймен қосарланып келетін нөсерлі сипатта болады. Жауын – шашынсыз кезең орташа есеппен 30 күнге дейін созылады. Ауа – райы тез континентальды, әрі тым құрғақ. Жаз кезеңі қысқа, жылы, ал қысы ұзақ, аязды, қатты желдер мен бұрқасындар жиі болып тұрады. Негізгі ауа – райын құрастырушы фактор – көп жағдайда маусым – шілде айларына сай келетін күн нұрының шуағы. Ауаның ең төменгі көрсеткіші - 400 С, ал ең жоғарғы +44 0  С. Атмосфералық жауын – шашынның жылдық орташа көрсеткіші 265 мм. Желдің жылдық орташа қуаттылығы секундына – 5,3 м

 Топырағы, өсімдігі және жануарлар дүниесі. Өсімдік жазықтық жерлерге тән түрлі өсімдіктермен және тиісінше ландшафтпен, әсіресе облыстың солтүстік бөлігінде теректі – қайынды орман, тау беткейлерін көмкеріп тұратын түрлі шөптесін өсімдіктермен ұсынылған.

Облыстың жануарлар әлемі өзінің байлығымен және түрлілігімен ерекшеленеді.Ұсақ жәндікті қоректенушілердің 55 түрі, құстардың 180 түрі, балықтардың 30 түрі және басқа да жанаурлардың түрлері мекен етеді. Облыс аумағында «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, халықаралық маңызы бар Қорғалжын Мемлекеттік қорығы бар. Жануарлар мен құстардың сирек кездесетін түрлерін сақтап қалу үшін, Атбасар, Бұланды, Ерейментау және Восточный қорықшалары жұмыс атқарады. Облыстың солтүстік бөлігінде түрлі өсімдікті – қызыл бетегелі және қайың – қылқан жапырақты орман алқаптарымен (Бурабай, Зеренді және т.б.) қоса қарапайым, оңтүстікте карбонатты қара топырақ басым. Таулы теректі орман алқаптарының базасында курорттар, санаторилер, демалыс үйлері құрылған. Бурабай және Зеренді аңшылық шаруашылығы жұмыс істейді, онда өндірістік бағыттағы жұмыстармен қатар жануарлар мен құстардың алуан түрлі өсірумен және бейімдеумен шұғылданады.

Жер қойнауы. Облыстың аймақтарында зерттелген сирек кездесетін құрамды және алтын қорлар, күміс,уран,молибден,техникалық алмастар, ақ балшық және мусковиттер сонымен қатар бірге темірлі кен, тас көмір, кең тарл,ан минералды сулар және емдік пайдалы кең қазбалар, көмбе доломиттер көптеп кездеседі. Баланстық қорлардың өлшелетін құндылығы АҚШ долларымен есептегенде 20миллиардты  құрайды,болжамдық қорлар – 100 миллиард АҚШ долларынан асады.

 

 

2тарау.Бәйшешектің шығу тегі құрылысы мен географиялық таралу жолдары, күтімі негізгі ерекшеліктері.

 

Бәйшешектің шығу тегі.

 

Бәйшешек гүлі жер бетіне ең алғаш шығатын өсімдік. Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылған уақытта қыс мезгілі екен. Жерде қалың қар жатқандықтан аяғы тоңған Хауа ана жылы жұмақты есіне алып қайғырған уақытта, оның көз жасын көрген періштелер бірнеше қар қылауларын бәйшешек гүлінеайналдырыпты.
Қатты қуанған Хауа ананың бойында Құдайдың кешірімін алуға деген үміті ояныпты, содан бері бәйшешек гүлі – сенімнің яғни үміттенудің символы болып есептеледі.
Орыс халқының аңызы бойынша қаһарлы Қыс патшайымы мен Аяз патшасы жер бетіне «Көктемді келтірмейміз», деп шешіпті. Алайда батылдық танытқан Бәйшешек қыстың суығына қарамай жер бетіне өсіп шығып, Күн анадан көмек сұрапты. Күн ана Бәйшешектің ерлігіне разы болып, жерді күн көзімен жылытып, Көктемнің келуіне жол ашыпты.Ел аузында гүлдің пайда болуы туралы небір әдемі аңыздар баршылық. Соның біріне құлақ түріңіз... Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп,  өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен. 
 

Бәйшешек гүлі неге құрып барады?

– Бəйшешек – ерекше өсімдік, көктемнің алғашқы гүлі. Ол тіпті далалы аймақта ауа температурасының өзгеруіне əсер етеді. Медицина саласында да бəйшешектің пайдасы көп. Бірақ, бір ескеретіні – гүлді жұлған сəттен бастап, таңнан кешке дейінгі уақыт аралығында солып қалады.Көп адамдар бəйшешектің жойылып бара жатқанын білмейді.

Қазіргі таңда бəйшешектерді толтыру мақсатында осы гүлді зерттеуді, қорғауды таңдадым. Алай-дүлей мінезді қыстың құрсауынан құтылдық. Жер-дүниеге жылу сыйлаған көктем есік қағып тұр. Осындайда бәйшешек гүлі ойға орала береді. Оны көктемнің хабаршысы дейді жұрт. Жер-Ананың буыны босаған сәтте жер бетінде қаулап шыға келер еді. Сол бір сәттер көз алдымыздан кетпейді. Қаратаудың етегіне қоныс тепкен ауылда өскендіктен бұл бізге таныс көрініс. Елді мекенге ентелеп тұрған қырат жақ көктем келгенде көркем кейіпке еніп жүре беретін. Гүлдің неше алуан түрі шығатын. Алдымен бәйшешек бойын тіктер едіау. Жердің бетінде сол гүл көбірек көрінетін.Сол бәйшешек неге азайды? Қазір жердің ылғалы кеміді. Бұрын әр ауылдың іргесінде өзен-көлдер болатын. Бүгінгі күні олар да тартылып кеткен. Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Суландыруға көңіл бөліне бермейді. Ілгеріде жауын-шашын да көп болушы еді. Көктем келді дегенше жаңбырдан көз ашпайтынбыз. Дәл қазір бір тамшы да тамбай, елдегілер алаң күйге түсетіні тағы бар. Оны табиғаттың тосын құбылысы деп қараймыз ба? Бәлкім, қоршаған ортаның өзара байланысына назар аудара алмай жүрміз бе? Солай-ау. Оның анық-қанығын ғалымдар айта жатар. Біздің айтпағымыз, сондай құбылыстар салдарынан өсімдіктер әлемі де құрып барады. Ілгеріде дала төсінің сәніне айналған бәйшешек те сондай салғырттық салдарынан қазақ жерінен жойылып кетуі ғажап емес. Бәйшешек жер жүзінің бірқатар бөліктерінде өседі. Әсіресе, Еуразия мен Жерорта теңізінің маңынан көбірек кездеседі. Қазақстанның Алатау тауының бөктерінде, Қаратау баурайында шығады. Гүлдейтін уақыты – наурыз айы. Бұл уақытта өзге өсімдіктер әлі де көктеп шыға бермейтінін білеміз. Қысқасы, бәйшешек ерте гүлдеп, жердің тоңын жібітіп, адамзат баласына қарбалас тіршілікке толы көктем мезгілін алып келеді. Сондай-ақ, жазғытұры келгеннен бәйшешек жұлғыштар да көбейе түседі. Әрине, біреулер анасын, жан-жарын, қарындастарына гүл сыйлап қуантқысы келетіні анық. Алайда сол кезде бәйшешек біткен азайып, оның шыққан аумағы да тарылып, көзден ғайып бола түседі. Қазіргі таңда ірі қалалар маңында оны емге іздесең де таба алмайтын күйге түсіп барамыз. Тіпті, елді мекендер маңында да ол көзге ұшыраса бермейтін болмайды. Басқа да мақсаттарда есепсіз жұлынған бәйшешек осылайша қас пен көздің арасында еліміздің «Қызыл кітабынан» орын алып, арнайы қорғау шарасы жүргізілуде.

 Бәйшешек ерте гүлдейді.

 Ерте көктемде қар астынан қылтиып шығатын, көктемнің жаршысы секілді бәйшешекті жақсы білесіңдер. Оған қысқы суық, қар, тіпті көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Бәйшешек өсімдік атаулының ішінде ерте оянатыны.

Таратып айтқанда, бәйшешек — құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнекті өсімдіктер. Оның Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі.

Бәйшешектер Қазақстанда негізінен Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі сонымен қатар орманды дала зонасында кездеседі.Бәйшешектің биіктігі 10-30 сантиметрдей. Тамыр түйнектері ұзынша немесе шар тәрізді домалақ болады. Шоғырланып біткен таспа жапырақтарының саны — 6-9, ұзындығы — 10-12 сантиметр. Сары немесе көкшіл түсті дара гүлінің гүл қоршауы қарапайым күлте жапырақшалардан тұрады. Гүл қоршауының ортасынан ұзындығы 10 сантиметрдей түтік шығады да, гүлі сол түтіктің ұшында жетіледі. Жұқа, қара, қоңыр қабықты, сабағы тақыр 2 - 3 жапырақты дара гүлді. Көкек - мамыр айларында гүлдейді. Жемісі – қауашақ, жоғары жағы үшкірлеу, ұзындығы 1, 5 - 2, 5 сантиметр, ені 1,5 сантиметр.Бәйшешек нәзік әрі сынғыш болғанымен қорғаныш қасиетке ие. Олардың түбіндегі пиязы улы болғандықтан бірде - бір кеміргіштің тиісуге батылы бармайды. Бәйшешектің пиязы улы болғандықтан адамдар үшін де қауіпті.

 

Негізгі ерекшеліктері.

Бәйшешектердің табиғи түрлері еліміздің таулы беткейлерінде кездескенімен, оның гілдерін және жай күлтелі түрлері көгалдандыру мақсатында шет елден әкелініп, жерсіндірілді. Сол себепті бәшешек түрі мен сұрпыны қарай әр мезгілде гүлдейді.Оның кейбір түрі желтоқсан, қаңтар айларының аралығында гүлдесе, енді бірі наурыз және сәуір айларында гүл жарады. Ғалымдар бәйшешектің гүдеуі сұрпынына ғана емес, өскен жерінің климатына, ауа-райына да байланысты екенін айтады. Сондықтан да бәйшешек кешігіп немесе уақытынан ерте гүлдеп жатса, таңдаудың қажеті жоқ.

Күтімі:Бәйшешекке көп күтім көрсетілмейді. Тек адам аяғы таптамайтын жерге егіп, гүлдеп біткен соң түбін қопсытып, қоректендіру қажет. Ал бұл гүлді 4-5 жылда бір рет түбін бөлу арқылы көбейтуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1

Бәйшешек  өсімдікінің қорғауа алынған түрлері

 

 Мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген бәйшешек, оны Алатау жауқазыны деп те атайды, онсыз да жойылып кету алдында тұрған гүлдердің санатына жатады. Алматы қорығы мен Іле Алатауы ұлттық паркі қызметкерлерінің бақылаулары бойынша, тұрғындар тарапынан бәйшешектер көп терілгендіктен, соңғы он жылда олар қаладан 5-7 шақырымға тау жаққа «алыстап» кеткен. Айтар ауызға оңай болғанымен, 5-7 шақырым оңай қашықтық емес, көп-көрім атшаптырым жер. Егер көктем сайын бәйшешектерді жұлу және аяусыз қырқу жұмыстары дәл қазіргідей қарқынмен жалғаса беретін болса, онда көктемнің хабаршысы болып саналатын бұл гүлдің көп ұзамай Алатау бөктерлерінде көзден ғайып болмасына  ешкім  де кепілдік бере алмайды. Сондықтан да  қоршаған орта үшін маңызды бұл мәселеге қоғам болып назар аудару қажет.Атап өтерлігі, Қазақстан заңнамасында бәйшешекті жұлғандар үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған екен. Мәселен, Қызыл кітапқа енген бәйшешекті теру заңсыз. Алайда, ашығын айтайық осы күнге дейін Қазақстанда гүлд ізаңсыз жұлғаны немесе қырыққаны үшін азаматтардың бас бостандығынан айырылған фактілерді (мүмкін бар да шығар) естіген емеспіз. Бұның да өзіндік себептер бар тәрізді. Жалпы, бәйшешек жайлы нақты мәліметтерді білмек болып Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан Алатау бәйшешегі (лат. Crocusalatavicus)– құртқашаштар тұқымдасына-жататын, Қазақстан аумағында өсетін, бәйшешектің белгілі түрі. Ірі қиыршық тасты, сазды беткейлерге,шабындықты және далалы учаскелерге тау етегінен орман белдеуінің жоғарғы шекарасын да өседі.Жоңғар Алатауында,бүкіл

ТяньШаньда(Алматы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстаноблыстарында) кездеседі. Онша биік емес (10-30 см-ге дейін), сабақ түбінде шоқталған, гүлдері дара, жиірек екі-төрттен воронка тәрізді. Гүлсерігінің жапырақтары аппақ, (ұзындығы 4 см) сырт жағы сұрғылт күлгін, барлық бәйшешектердің сабағы жетілмеген, сондықтан түтік гүлді топырақтың бетіне алып шығады. Аталығы үшеу, қызғылт сары тозаңдарымен, түйін бағанасы ұзын, жіп тәрізді, тісшелі. Дәл осы аналық ауыздағы егістік шафранының бағанын кулинарияда татымдар ретінде пайдаланады. Біз қарастырып отырған түр хош иісті болғандықтан түс бері үшін қолданылады. Бәйшешек жылдың әр түрлі кезеңінде гүлдейді: қаңтар-наурыздан сәуірге дейін, сәуірден мамырдың аяғына дейін, сондықтан оңтүстікте оны «подснежник», қазақша бәйшешек деп атайды. Жемісі (үшұялы қорапша) топырақтың жоғарғы қабатына орналасқан, пісіп болысымен (мамыр-маусым) олардың ұщы топырақ бетінде байқалады. Түр жоғарғы декоративтілігімен, ерте гүлдеуімен бағаланады. Бәйшешектің көптеген баулық сорттарын голландиялық сұрыптаушылар ашқан.«Бәйшешектер негізінен сәндік өсімдіктер».Қазақстан жұртшылығының бәйшешекті «тек бірнеше күн ғана мерекені әшекейлеу» үшін пайдаланып жүргені рас. Сосын солып қалғаннан кейін қоқыс жәшігіне лақтырып тастаймыз. Жер ананы сән-салтанатымен құлпыртып, адамдарға бірнеше күндік емес, ұзақ уақыт қуаныш сыйлап тұрғаны мың есе артық емес пе?, Арнайы құмырада өсіріуіміз керек. Себебі, құмырада өсірілген гүлдерді үй жағдайында жылдар бойы күтіп-баптауға, көбейтуге мүмкіндік бар. Мұндай гүлдер үйдің тазалығын сақтап, адамның көңіл-күйін көтереді. Олай болса, табиғатты қорғап, аялауға үндейтін кез-келген бастаманы қолдап, селқос қарамау біздің қоғам үшін маңызды бола түсуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Бәйшешектің емдік қасиеттері .

 

Зерттеушілердің айтуы бойынша бәйшешек гүлінен Альцгеймер және деменция ауруына шипа болатын дәрі жасайды. Мұнда «галантамин» өнімі жөнінде сөз болып отыр, оның емдік қасиетін ғалымдар әлі де зерттеу үстінде яғни оның одан да көп пайдасы бар екені анықталған.Өкпе туберкулезі, бронхит пен құрыспа ауруларында бәйшешектің тамырын сүтке пісіріп беруге болады деседі. Ал тамыр сабағы мен жапырағының қайнатпасы буын ауруларына ем. Сонымен қатар оның қақырық түсіретін, несеп айдайтын, аздап іш жүргізетін де қасиеті анықталып отыр және ол қан құрамын жақсартып, ішек секрециясы мен тамақ бездерінің қызметін қалыпты жүйеге түсіреді. 

Фитотерапевтер оны ақ қан ауруын емдеуге қол­дануға болады дейді. Ол үшін сәуір айының ортасына дейін бәйшешектің гүлі мен тамырын алып, кептіру керек. Сосын ұнтақтап, 100 грамын жарты килограм балға араластырады. Мұны ақ қан ауруына ұшыраған адамға күніне бір шай қасықтан 3 рет, сырқат жағдайы жақсарғанша ішкізеді. Ұнтақтың 1 ас қасығын жарты литр қызыл шарапқа салып, үстіне 100 грамм бал қосып, 4-5 күн тұрғызып, күніне 3-4 рет астан жарты сағат бұрын 1 шай қасықтан ішкізсе де оңды әсері болатын көрінеді. Емдеу мерзімі-3 ай. Көктем келгенін білдіріп, қыр мен қыратта гүлдеп жатқан осы кішкентай ғана нәзік гүлдің осындай керемет шипалы қасиеттері бар екен. Ғалымдардың зерттеу барысында бәйшешектен алынған экс­тракттардың қатерлі ісік жасушасының өсуіне қарсы әсері бар екенін анықтапты. «Бәйшешектен алынған экстракттардың екі түрлі ісік клеткаларының өсуіне қарсы әсер ететінін анықтадым. Ол ісік клеткаларының өсуін тежейді. Себебі бәйшешектің құрамында өте жоғары мөлшерде ісікпен күресетін галл және хлороген қышқылдары барын анықтаған. Ал, фитотерапевт ғалымдар гүлдің күлтелері ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартып, ондағы барлық кеселді кетіретінін айтады. Халық емшілері бұл күлтелерді спиртке тұндыру арқылы басқа да кеселдерге шипа болатын дәрі жасайды екен.

Бүйрек үсті безінің жұмысы бұзылғанда бәйшешектен тұнбаны үй жағдайында да әзірлеуге болады. Оның 80 дана кептірілген күлтесін жарты литр спиртке (араққа) салып, бетін жақсылап жауып, 40 тәулікке күн сәулесі жақсы түсетін жерге  қою керек. Белгілі уақыт өткенде оны сүзіп алып, салқын әрі құрғақ жерде сақтауға болады. Бұл тұнбаны таусылғанша күніне 3 рет астан 20 минут бұрын 20 тамшыдан ішіп жүрсе, оңды нәтижесі байқалады. Оны аз мөлшерде балмен араластырып қабылдауға да рұқсат.Қышыма, қотыр, іріңді жара, басқа да тері ауруларында бәйшешектің тамырынан тұнба әзірлей аласыз. Ол үшін кептірілген 50 грамм тамырын 1 литр спиртке салып, 1 ай тұндыру керек. Аракідік шайқап  тұрған абзал. Оны терінің проблемалы жерлеріне толық жазылғанша күніне 1-2 рет жағу керек. Бәйшешек көне ғасырларда-ақ емдік мақсаттарда пайдаланылған, мысалы, қою шырышты бәсеңдету, сондай-ақ жеңіл іш жүргізетін және несеп айдаушы дәрі ретінде қолданылды.

Бүгінгі таңда гүлдері мен кептірілген тамырсабақтарын жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының ауруларын емдеуде, яғни, мұрын жанындағы қуыстардың қабынуы және қатты суық тигенде немесе өткір және созылмалы бронхит кезінде пайдаланады.

Начало формы

Конец формы

LanguageПрактикалық бөлімі:

 

Біздің өлкеде өсетін бәйшешек (сарғылт құндызшөп, pulsatilla flavescens)  біздің ауылымыздың даласында, ормандардың жиектерінде өседі. Жыл сайын бақылап жүрдім.Көбінде жазық жерлерінде өседі.Ұзындығы 5-6см гүлі сарығыш түсті, топталып өседі. Сонымен қатар жол жиектерінде құмды тасты жерде өсетіне көз жеткіздім. Сәуірдің соңы мамырдың басынды өсіп шығады да 10 күннен кейін жапырақтары сарғайып, қурап қалады екен. Келесі жылы сол жерден тағыда бәйшешек қсіп шығатынын байқадым. Бәйшешек тамырлары пиязшықты болып келді. Егер оның тамыры зақымданбаса  келесі жылы шыға беретінін байқадым. Сол себептен оның өсімді мүшелерін алып адамдар халық медицинасында дәрі ретінде қолданған. Содан 2-3 данасын жұлып алдым. Ондағы мақсатым егер өсімді мүшелерін алып, дәрілік ретінде қолдансам келесі жылы көктеп шығама соған көз жеткізу еді. Биыл сол жерде тағыда өсіп шығыпты. Ендеше өсімді мүшелерін алып қолдануға болатынына көз жеткіздім. Өйткені біздің өлкеде жыл сайын сәуірдің аяғы мамырдың басында көктеп шығады.Емдік қасеттерін оқу барысында менің апам буын ауруымен және үнемі жөтелетін бұл өсіміктің пайдасын білу үшін дәрі жасап көрдім. Ол үшін көктемде өсімдіктің тек қана тамыр жүйесіне зиян тигізбей үстіңгі өсімді мүшелерін алып,дәрі жасадым.Ол үшін 200 грамм спиртке 10дана гүлі мен жапырығын салып 10күн қаранғы жерде қойыдым.Содан кейін күнде 1қасықтан 3рет апам ішіп жүрді, сонымен қатар аяқ қолдары қақсағанда жақты.Содан апам біртіндеп жөтеленен айыға бастады.Қазір мүлдем жөтелмейді деп айтуыма болады. Мен өзімде тымау тиген кезде күнде 1қасықтан 2рет 3 күн іштім жөтелім басылып кетті.Жөтелдің дәрісін ішпейтін болдым.Ол қақырық түсіріреді және жөтелгенді басады. Әсіресе құрғақ жөтелге жақсы көмектесетінін байқадым.

 

 

   Описание: IMG-20180421-WA0011Описание: IMG-20180421-WA0012Описание: WhatsApp Image 2020-12-30 at 16Описание: WhatsApp Image 2020-12-30 at 16

       Бәйшешектің өсімді мүшелерін жинадым.Содан кептірдім.

 

  Апам екеміз дәрі жасдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Социометрия

Өзен тұрғындарымен төмендегідей сұрақтар арқылы сұқбат жүргіздім.
 

  1. Өзен өңірінде өсетін кандай дәрілік өсімдіктерді білесіз?
  2. Қандай мақсатпен?
  3. Өмірде қолданасыз ба?
  4. Өсімдіктерден тұмбаларды өзіңіз жасайсыз ба немесе дайын күйінде және қандай аурулардан сіз осы өсімдіктерді пайдаланасыз? 
  5. Сіз осы дәрілік өсімдіктерді күнделікті сатып аласыз ба? 


Алынған нәтижелер бойынша: бірінші сұрақтың жауабында адамдардың 75% түймедақ, жолжелкен, мыңжапырақ, жалбыз, аңдыз, гүлкекірі және итмұрынды және бәйшешекті атады, екінші сұрақта 60% тұмауда, жөтелде, қалған 40% ашық жараларда немесе сынықтарда қолданылады, үшінші сұрақтың жауабында 65% дайын күйінде сатып алады,

тек 35% өз қолымен жасайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3тарау.

Қорытынды бөлімі

 

Жалпы алғанда раздольный жерінде өсетін өсімдіктердің түрлері әлі көп. Олар әлі зерттеуді қажет етеді. Бірақ осы анықталған бәйшешектен көп адамдар дәрі алу мақсаты әлі басталған жоқ. Осы дәрілік өсімдіктерді қорғау жұмыстары да дұрыс жолға қойылмаған. Олар малдың тұяғымен, машина мен тракторлардың табанымен өртпен, ауа райының өзгеруімен мен айнала қоршаған ортаның ластануынан және адамдардың іс-әрекетерінің әсерінен жойылып, сандары азайып бара жатыр. Осы өңірдегі өсімдіктерді зерттеп, оларға қандай экологиялық факторлар әсер ететінін, олардың неліктен азайып баражатқанынна көңіл бөлейік.

Дана қазақ халқы «бірінші байлық - денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу үшін«мысқылдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден, денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаржатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын аса ысырапшылдық пен қолданбауымыз керек.Қорытындылай келе, біздің раздольный жері дәрілік өсімдікке бай. Оның ағаш, бұта, арамшөп түрінде де кездесетінін білдік. Дегенмен де дәрілік өсімдіктерді шипалық мақсатқа пайдаланып

 «Жасыл дәріхананы» байыту бүкіл халықтың мақсаты. Адамға қажетті ең басты байлық-денсаулық. Ал,адам өмірінде өсімдіктің маңызы өте зор.Сонымен бәйшешекті зерттеу барысында бұл өсімдіктің тек қана оңтүстік жақата өспейтініне көз жеткіздім бұл өсімдік климат жағдайына байланысты дала, орман зонасында көбінде тасты дала жерлерде өсетінін байқадым.Сонымен қатар биыл үйде отырғыздым. Енді күзге дейін өсу мерзімін байқаймын.

 

1.Өзен өңірінде жабайы өсетін дәрілік өсімдіктерде өте көп,олар әлі зерттеулерді қажет етеді;

2.Өсімдіктерден дәрі алу мақсаты келешекте қолға алынса;

 
3. Осы өңірдегі өсімдіктерді зерттеп, оларға қандай экологиялық факторлар әсер ететін, олардың неліктен азайып бара жатқанын анықтау қажет;
4. Бәйшешектің шығу тарихы туралы және емдік қасиеттері туралы ғылыми мәліметтер жинақталды;

5. «Дала дәріханасы» атты өлеңдер жинағының буклеті дайындалды;

6. «Өзен өңіріндегі жабайы өсетін дәрілік өсімдік бәйшешек оның маңызы атты»атты кітапша шығарылды.


7. Жазғы демалыста тек қана бәйшешек емес басқада дәрілік өсімдіктерден кеппешөптер дайындалынды, мектептің биология кабинетіне көрнекі құрал ретінде тапсырылған.

Егеменді мемлекетті қалыптастырудағы және экономикалық қиындықтар, соңғы онжылдықта өсімдіктер әлемін қорғау жоспарларын кейінге шегіріп қойды. Бұдан 20-25 жыл бұрын Қазақстанның көптеген облыстарында сирек кездесетін өсімдіктердің, оның ішінде жеке бір түрлерді қорғау жайында арныйы қаулылар іске асырылған.Әрине өсімдікті қорғау керек екендігін,оның жалпы тіршілік үшін маңызын әрбір адам түсінбесе, онда ешқандай шектеу де, айып төлеу де біздің онсыз да сирек кездесетін өсімдіктерімізді қорғап қала алмайды. Жастарды, өсімдіктер әлемін қорғау шараларынына жұмылдыру, сондай-ақ өздері тұратын қала,ауыл маңында өсетін гүлдері әдемі және сирек кездесетін өсімдіктерге бақылау ұйымдастыру арқылы қызығушылықтарын арттыру керек. Жабайы өсімдіктердің қайталанбас әртүрлігін сақтау қазақстандықтар үшін аса маңызды мәселе.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

1.Оспанова М., Лұқпанов Ж. Өсімдік – жанға шипа, дертке –дауа. Алматы:   Қайнар, 1992. 

2.Биология және салауаттылық негізі журналы. 2012-2014жыл аралықтары 

4."Қазақстанның өсімдіктер әлемі." энциклопедиясы. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2008.

5.Интернет желісі.

6.«Ана тілі»ұлт газеті.2012ж сәуір

7.Қайым,Р.Сәтімбеков,Ә.Әметов,Ж.Қожантаева  Биология оқулығы 7сынып

8.Қазақ CCР энциклопедиясы.І-ІYтом

9.Ел аузынан сұхбат

10.Ә.Ескендіров «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері»





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 2084


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст