Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 – 2022 оқу жылының тәрбие жұмысының жарты жылдық есебі

07.02.2022

Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің

 2021 – 2022 оқу жылының

тәрбие  жұмысының  жарты жылдық  есебі

2021-2022 оқу жылындағы мектепішілік тәрбие жұмысының тақырыбы:

«Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткеніне құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, тұлға қалыптастыру»

        Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие міндеттері:

1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту. 

отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру. 

4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру. 

5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

6) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту. 

7) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау.

8) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

9) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру.

10) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

11) Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеу, «қатер» тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тарту.

12) Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасына сәйкес кеңінен қолдану.

     Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

  1. «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011 жыл;  
  4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                              8 тамыздағы Заңы;
  5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы                                     4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
  6. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы;
  7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
  10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

         Бірінші бағыт – Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу,  құқықтық тәрбие

Екінші бағыт – Рухани-танымдық тәрбие

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Төртінші бағыт – Отбасылық тәрбие

Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

     Алтыншы бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Жетінші бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Сегізінші бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру

  

2021-2022 оқу жылындағы мерейтойлық күнтізбелік күндер:

  1. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы
  2. Семей ядролық полигонының жабылуы – 30 жыл
  3. Қазақтың аса көрнекті жазушысы Ы.Алтынсаринының туғанына 180 жыл
  4. Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршысы Ж.Жабаевтың туғанына 175 жыл
  5. Қазақстың халық әртісі , күйші компизиторы Д.Нүрпейісованың туғанына 160 жыл
  6. Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Ә.Бөкейханның туғанына 155 жыл
  7. Қазақ ақыны, әдебиеттанушы, ғалым, педагог, аудармашы, қоғам қайраткеріиА.Байтұрсыновтың туғанына – 150 жыл.
  8. Қазақтың лирик ақыны М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл.
  9. Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл

Мектеп бойынша 2021-2022 оқу жылында мынадай жобалар іске асырылды:

  1. «Өзін-зі басқару»
  2. «Дебат» клубы
  3. «Оқуға құштар мектеп»
  4. Музей сабақтары

мектепшілік «Отбасы» клубы, «Абай» клубы, «Адал Ұрпақ» клубы, «Жас Ұлан», Жас қыран», «Жас сарбаз» ұйымдары жұмыс атқаруда, жеке жоспарлары құрылып, жетекшілері тағайындалды.

           1 қыркүйекте дәстүрлі форматта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, 2-11 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері», «Тәуелсіздік игілігі» тақырыбында республикалық сынып сағаты өткізілді. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық» салтанатты жиыны 1 сынып оқушылары үшін өткізілді және «Әліппе» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етілді.

                         

           Мектеп бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде және әлеуметтік себептер бойынша материалдық және басқа да көмек көрету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Бұл акцияға белсенді қатысқан ТОО «Грин Азия», 120 (жүз жиырма) мыңнан тұратын соммаға бүлдіршіндерге мектеп сумкасын, конц.товарлар сыйға тартты.

                             

 

           Облыстық «Уақыт- байланыстырушы желі» мектеп және колледж музейлерінің сырттай байқауына қатысып, «Музей тарихы» номинациясы бойынша 3 орынға ие болып, 10 сынып оқушысы Орынбай Әдия дипломмен және сыйлықпен марпатталды. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жагслаг Гулмайра алғыс хатпен марапатталды.

                   1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Бақытты бала – бақытты ел» акциясы аясында «Балалар бастауы» атты әлеуметтік жобалар байқауына белсен қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында балалардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін 10 сынып оқушысы Ерболатұлы Рүстем марпатталды.

 

                     

 

             Қыркүйек  айында Қазақстан Республикасы  халқының  тілдері күні. Мектепшілік жоспар құрылып, ашық сабақтар, сынып сағаттары, сыныптан тыс жұмыстар жүргізіліп, өткізілді. Кітапханада  «Тіл- әр  халықтың  байлығы», «Ұлылардың Ұлысы Абай»  атты  кітап  көрмесі ұйымдастырылды.  Елбасымыздың «Оқуға кұштар мектеп-оқуға құштар ұлт» мақаласы аясында, Оқырмандарға «кітап оқы»  атты тақырыбында көрмелер өткізілді;

 

 

                               

             ҚР Халқының Тілдер күні онкүндік мерекесі 6-17  қыркүйек аралығында аудандық жоспармен ұйымдастырылып, жеке жоспар құрылып, жауапты мұғалімдер бекітіліп, құрылды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай тілдер мұғалімдері ашық сабақ өткізді. «Тіл –ең асыл құндылық» тақырыбында эссе жазылды. «А.Байтұрсынов ұлы ұстаз» ашық сабағы өткізілді. Ы.Алтынсарин 180 жылдығына арнап 9-10 сыныптар арасында эссе жазылды, «Ыбырай атамыздың мұрасы мәңгілік қазына» сынып сағаттары өткізілді. Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған өлеңдер сайысы, «Жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл» әдеби кеші  өткізілді. М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған викториналар ұйымдастырылды.  «Атаның сөзі ақылдың көзі» көнерген сөздерді насихаттау мақсатында танымдық сайысы өтілді.

        

         14 қыркүйек күні мектеп бойынша сынып жетекшілер әдістемелік отырысы өткізілді. Сынып жетекшілерді әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды, жобалар жетекшілері тағайындалды, сынып жетекшілер әдістеме жетекшісі болып бастауыш сынып мұғалімі Онгарбай Жанерке тағайындалды, отырыс мектеп психологінің әдемі тренингімен аяқталды.

              15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында таза бейсенбілік күндері өткізіліп, отырды. Мектеп жұмысшылары, мұғалімдер, оқушылар белсенді қатысып, мектеп ауласын, ескерткіш алаңын тазалап, өз күштерін аямай таза ұстауға өз үлестерін қосты.

                        

            10 қазан күні Дүниежүзілік «Психологиялық денсаулық» күніне орай 5-11 сыынп ата-аналарына онлайн түрінде психологиялық денсаулықты нығайту туралы жадынама ата-аналар чаттарына жіберіліп, ақпарат ұсынылды. Фойеге оқушыларға арналған Психикалық денсаулық туралы ақпараттар ілінді.

 Осы оқу жылында мектеп бойынша дебат клубы ашылып, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Оралов Ш.М. тағайындалды, «ozen.kz» аты қойылып, жеке жоспар құрылды. Қыркүйек айында Аудандық дебат өткізіліп, дебат спикерлері аудандық 3 орынға ие болды.

    «Отбасы –бақыт мекені» отбасы күніне арналған іс-шара өткізілді, іс-шара онлайн түрінде отбасымен фотоколллаж жасалынды.

        Дүниежүзілік туризм күніне арналған «Туризм балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы оқушылар арасында өткізіліп, ашық сабақтар жүргізілді. фойеге «суретшілер көрмесі» стендіне ілінді.

      Ұстаздар мерекесіне мектеп оқушылары, мектептен ұшқан түлектер құттықтау тілектерін дайындап онлайн түрінде ұйымдастырды. Видеоролик жасап, ерекше құттықтаулар жасап, ұстаздар сыныбына сабақ беріп, мерекелік концерт ұйымдастырды.

    Қарттар мерекесі әр сыынп жеке видеоролик түсіріп, фотоколлаж жасап, ата-әжелерді өлең шумақтарымен құттықтап, өз ізгі тілектерін білдірді. Еріктілер клубы осы уақытта уақыттарын бөліп, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» ұранымен зейнеркер әжейлерге, мүгедек жандарға өз күштерін аянбай көмектесті.

     

Аудандық ұлттық аспапта өнер көрсету сайысында 11 сынып оқушысы Ержан Ақелік 1 орынға ие болды. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Жагслаг Гулмайра

Аудандық экологиялық «Табиғатты аяла» сайысында «Туған өлкемнің тарихы» номинациясы бойынша 1 орынға 10 сынып оқушысы Орынбай Әдия марапатталды, облыстық турында 2 орынға ие болды, дипломмен және микроскоп сыйлығымен марпатталды. Жетекшісі Асылхан Сайра.

Еріктілер клубының мүшелері «Вакцина егу ел үшін» деген ұранмен ауыл тұрғындарына жадынама таратты.

Ата аналар жиналысы онлайн түрінде әр тоқсан сайын жеке сыныптарда өткізіліп, қараша айында мектепшілік ата-аналар жиналысы онлайн түріінде зум платформасы арқылы өткізілді. Мақсаты ата ананың мектепке деген көз қарасын нығайту, балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Мектеп асханасының қырқүйек айынан бастап, өз жұмысын бастады, бракераж комиссиясы құрылып, асхана мониторгісінің құрамы бекітіліп, асхана тазалығын тексеріп, тағамның сапасын анықтап отырды. Әр ай сайын әлеуметтік педагог, тәрбие ісінің меңгерішісі асхананы тексеріп, анықтама, актілерін жазып, мәзірді бекітіп, тағамның дәмін көріп өз жұмыстарын жасайды. Мектеп ішінде 10 бала жаппай оқыту бойынша тегін ыстық тағаммен тамақтанады (6 оқушы 5-8 сыныптар арасында, 4 оқушы 2-4 сыныптар арасында), 1 сынып оқушылары 8 бала тегін тамақтанады. Ауданнан өтінім бойынша тамақтар бөлініп, әкелінеді. Тамақты қадағалау мектеп әлеуметтік педагогіне бекітілді. 0-4 сыныптар ата-аналардың демеушілігі арқылы ыстық тамақтанумен тамақтанады, 5-11 сыныптар буфеттік тамақтану арқылы тамақтанады.

                    

Мектеп оқушылары еріктілер клубының мүшелерімен мектеп маңайына салынған мешітке көмектесіп, ағаш отырғызып, үлкен шаруа жасады.

  

АӘД пәнінің оқытушысы Сеит Ануар 5-11 сыныптар арасында антитеррорлық  экстремизмге қарсы оқыту іс-шарасын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді.

           Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жеке жоспары құрылып, уәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу іс-шаралар жүргізіліп отырды, ауыл ішінде кешкілік рейдтер жүргізілді. Жергілікті ауыл полициясымен кездесу ұйымдастырылып, әңгіме жүргізілді.

                              

              Мектеп бойынша дамыған волейбол жарысы  аудандық, облыстық, республикалық деңгейде көтеріліп 1,2 орындарға ие болды, қыздар, ұлдар командасы өз ойындарын көрсетіп жатыр. Қазақша күрес үйірмесі жаңадан дамып келе жатыр, бастауыш сыныптары қызуғышылықпен үйірмеге қатысады. Мектеп бойынша 5 үйірме жұмысы жүргізілуде, олар: футбол, домбыра, драма және робототехника негіздері.

                                  

            Аудандық хат бойынша мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді, «Компьютерлік ойындардың зияны» тақырыбында өтті, ата-аналарға оқушылардың компьютер, сотовый телефондарын бақылау туралы айтылды, қандай оындар ойнайтыны тексеріп, қарап отыруға мектеп әкімшілігі ұсыныс білдірді.

            «Адал Ұрпақ» клубының жеке жоспарына сәйкес «Адал және сатылмайтын бейнесі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, дөңгелек үстел, әңгіме, дебаттар жүргізілді.

          Балалар конвенциясы күніне орай «Бала құқығы-адам құқығы» видеоролигі түсіріп, инстаграмм парақшасына салынды.

              Жолда жүру ережесі, өрт қауіпсіздігі, көктайғақ кезінде қауіпсіздік  ережелері туралы нұсқаулықтар сынып сағаттарында түсінділіп, әңгімелер жүргізілді.

    Күзгі демалыс уақытына жеке жоспар құрылып, оқушылардың қызығушылығын ояту үшін мектепте волейбол, футбол, қазақша күрес ойындары өткізіліп, Көкшетау қаласындағы мұражай, сааябаққа қыдырып оқушылар сынып жетекшілерімен бірігіп, барып қайтты

                     

            1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектеп кітапханашысы кітап көрмесін ұйымдастырып, әр сыныпта сынып сағаттары өткізілді.

              

             ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық «Мен Тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін» сайысында 8 сынып оқушысы Орынбай Асыл гран приға ие болды. «Тәуелсіздік ерлік жолы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мерекелік сап түзеу өткізіліп, 5 сынып оқушылары «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылданды

             Шағын орталық тәрбиешілері де өз жұмыстарын қызу жүргізіп отырды, балабақшада Отбасы күніне буклеттер жасап, Алтын күз мерекесін өткізіп, қарттар күніне сыйлықтар жасап, Президент күні, Тәуелсіздік күніне арнап мерекелік концерттер ұйымдастырып, Жаңа жыл мерекесін тойлады.

                                    

            Барлық өткізілген іс-шараларды инстаграмм ozenskayaossh11 парақшасында көруге болады. Фотоесеп барлығы сайт, фейсбук, инстаграмм парақшасында жарияланды.

 

Просмотров: 1346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст