«Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
педагог-психологының – 2019-2020 оқу жылында
атқарылған жарты жылдық жұмыстарының есебі
Педагог-психолог: Тукеева Г.Ж.
Психодиагностикалық бағытта:
Қыркүйек айында: психологтың жылдық жоспарын құру, оқушылардың әлеуметтік картасы, социометрия әдістемесі, 9-сынып оқушыларныың мамандық бағдарын анықтау.
Қазан айында: 5-сынып оқушыларының мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау (Филлипс әдістемесі), мектеп оқушыларының мектепке бейімделуін зерттеу (1-5-8), мектептерге арналған жасөспірімдік суицидтердің профилактикалық бағдарламасы (тест, зерттеу жұмысы).
Қараша айында: таным процестерін диагностикалау (2-3), «Тәуекел топты» анықтау.
Желтоқсан айында: оқушылардың темпераментін анықтау, мектеп басшыларын педагогикалық-психологиялық тұрғыда диагностикалау, қызығушылық картасы (6-7).
Профилактикалық бағытта:
Қыркүйек айында: Мектептерге арналған жасөспірімдік суицидтердің профилактикалық бағдарламасы (ата-аналардан рұқсат қолхат алу), «Жас ерекшелік психологиясы» Баяндама. (1-5 сынып мұғалімдерімен түсіндіру жұмысы)
Қазан айында: Вахтерларды оқыту 1,5 сынып оқушыларды орта буынға беймдеу
Қараша айында: Мектептерге арналған жасөспірімдік суицидтердің профилактикалық бағдарламасы, Мұғалімдерді оқыту, Сынып ұжымы арасындағы жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында оқушылармен тренинг жүргізу (8,9,10)
Желтоқсан айында: Ұжымда жағымсыз атмосфераның алдын алу мақсатында тренинг.
Оқу жылының басында мектепішілік тізімге алу жұмыстары жүргізілді. Мұнда оқушылардың отбасы әлеуметтік – психологиялық ахуалы мен әлеуметтік сапасына мән берілді.Әрімен қарай оқушылардың педагогикалық –психологиялық жеке карталары толтырылды.
Қазан айында оқушылардың ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу мақсатында 5-9 сыныптар аралығында «Социометрия» әдістемесі жүргізілді. 5 сынып оқушыларының мектептегі мазасыздық деңгейімен орта буынға бейімделуіне арналған сауалнамалар алынды.
Қараша айында 2-3 сынып оқушыларының таным процестері диагностикаланды. 5-7 сыныптардан «Тәуекел» топтағы оқушыларды анықтау мақсатында проективті тесттер алынды.
Желтоқсан айында 5-9 сынып оқушыларының мінез-құлық типін анықтау мақсатында «Темперамент типі» әдісі жүргізілді. 9 сынып оқушыларының кәсіби ой-ниеті мен мамандыққа деген көзқарасын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.
Мектепке бейімделуі және мектепке дайындығын анықтау. Мектеп неврозы,дамуының алғашқы сатысын, оның себебін және түзету әдістемесін анықтау. Яғни көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Мектепке келу әр баланың өміріне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі шақта оның өмірінде ойын маңызды болса, енді ол көптеген талаптар мен міндеттерге толықты. Бірінші сынып оқушылардың психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау мақсатында Керн-Ийрасиктің әдістемесін өткізуден басталды. Тест үш тапсырмадан тұрады: Ер адамның суретін көшіріп салу.Үш сөзден тұратын қысқа сөйлемді көшіріп жазу.Көп нүктелердің суретін көшіріп салу. Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық сипаттамасы төмендегідей параметрлер бойынша жүргізілді: Бала туралы жалпы мәліметтер. Баланың жанұядағы өмірінің ерекшеліктері. Ойын баласының негізгі іс-әрекеттері. Жеке танымдық процестерінің ерекшеліктері.Мектепке дейінгі баланың қызығушылығының ерекшеліктері. Тәртібіне жалпы сипаттама.Балалармен қарым-қатынасы. Мінезінің ерекшеліктері. 4-5 сыныптар арасында оқуға бейімделуі тексерілді. Бейімделуін тексеруіне байланысты психологиялық диагностикалық жұмыс мына бағытта жүргізілді. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын анықтауТаным белсенділігі тесті. Сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтау. Оқушының темпераментін анықтау. Оқу мотивациясын анықтау. Мұғалімге, пәнге деген мотивациясы
Ауыспалы кезең яғни сыныптан сыныпқа ауысу кезеңіндегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың жолын іздестіру. Орта буын 5-сынып оқушыларымен мектептегі адаптацияларын, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында «Таным белсенділігі» тесті, сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Социометрия» жүргізілді, оқу, мұғалімге, пәнге деген мотивациясы, және оқушылардың темпераментін айқындау осы бағытта жұмыстар жасалынды. Және де сынып оқушыларының таным процесінің даму деңгейін диаг-ностикалау. Мақсаты: Оқушылардың орта топ буында оқуға дайындығын анықтау, білім деңгейін тексеру, жас ерекшелігіне қарай психологиялық ахуалын байқау, психологиялық көмек көрсету. Бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға
өтуде балаларда әртүрлі қиындықтар кездеседі. Төрт жыл бойы бір ғана мұғаліммен оқып, білім алса, енді әр пәннен әр түрлі мұғалім келеді.
Орта буынға өтуге алаңдаушылық, өзін-өзі көрсетуден қорқу, Білімін тексеруден қорқу, Шығатын нәтижеден қорқу, Әр түрлі пән мұғалімдеріне үрей, Стресті көтере алмау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын тексеруге арналған «Оқушылардың оқу процесін анықтау» әдістеме бойынша жүргізілді. «Мектепте маған не ұнайды?» сауалнамасы
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі». «Менің сыныбым» суреттік тестілеу
Баланың психикалық даму ерекшелігін, жеке басындағы білімі, мектепке деген бейімділігін анықтау, әрі қарай жетілдіру. 6,7,8 сыныптар арасында оқу танымдық қызығуын бақылау барысында оқушылар қызыға жауап берді. Мектепке деген көзқарасы, ұстаздармен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға толық жауап алынды, топішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін және сыныптағы психологиялық қарым-қатынасты анықтау мақсатында сауалнамалар алынды.
Пәнге, адамдарға, қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту.
9-сынып оқушыларының кәсіптік бағыттарын зерделеу бағдарламасының орындалуын тексеру барысында 10-сыныпты жалғастыратын оқушыларға таңдау бағыттарын анықтау мақсатында диагностика, сауалнама, тесттер алынды. 9-сынып оқушыларының бағыттылығын диагностикалауға арналған сауалнамалар жүргізілді, еркін тақырып бойынша «Болашақта кім болам?» атты шығармалар жаздырылды. 10-сыныптардан ақыл-ойдың дамуын анықтау тесті жүргізілді. Түрлі мамандықтар салалары яғни 80 түрлі мамандықтар ішінен өзіне ұнамды мамандықты белгілеу барысында мұнда архитектор, экономист, тілші, журналист көбінесе дәрігер мен мұғалім мамандығын таңдаған оқушылар көп кезікті. Табандылықты зерттеу барысында маған не ұнайды, нені жақсы көремін, маған ұнамды нәрсе, мен үшін қызықты, маған қажет, менің ойымша және пікірімше қандай да бір пікір-ойларын білдірді. Яғни таңдаудағы мақсаттары өмірлік мақсаттарына жету үшін жаңа нәрселерді үйрену, жаңа білім мен дағдыларды меңгеру, өз ісімнің шебері болу деп жазып өткен. 11-сыныптар арасында ҰБТ-ға дайындығын анықтау мақсатында саралаушы-диагностикалық сұрақнамасы алынды. «Д.Голланд»тесті «Табандылықты зерттеу». «Қызығушылық картасы». «Кәсіби ынталану».«Мен қаладым»
ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту, оқушылардың көңіл-күйін көтеру, оқушыны стрестік жағдайдан арылту. Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерінен құтылуға, үрейді болдырмаудың алдын ала және психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату, жол білуге үйрету.