Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры ___________ Оқу ісінің меңгерушісі _________
Бектурганова Г.Б. Хабал Ардақ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Алғашқы медициналық көмек көрсету
11 - сынып
Мұғалім: Сеит Ануар Адылханұлы
2019 – 2020 оқу жылы.
сүйек сынған кезде көрсетілетін көмек, қан кету кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жалпы мағлұмат беру.
а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 5 мин.
Оқушыларды топқа бөлу
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан
болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.
Ширатпаны салар алдында созады да тартуды әлсіретпей аяқ қолға салады, бұл жағдайда ширақ қабатының әрбір орамын алдын ала салады. Қысудың жеткіліктігін бақылау: күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғуының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. Әлсіз қойылған ширатпа қан ағуды күшейтуі мүмкін ал, қатты тартылған ширатпа жүйкені зақымдауы мүмкін.
Таяқшаны бұрау арқылы, жгутты қысып қан тоқтағанша тартады.
Байланған таяқша ашылып кетпес үшін бинтпен орау қажет. Қан жүруінің тоқтап қалмауы үшін, әрбір 15 минут сайын, жгутты босатып отыру керек.
Артериалды қан кету кезіндегі жәрдем
Саусақпен басу:
Қан кетуді тез тоқтату үшін саусақпен артерияны сүйекке басу қажет немесе егер жамбас артериясы болса – онда жұмырдықпен басу қажет. Бірақ Сізге осылай саусақпен ұзақ басып тұра алмайсыз, сондықтан Сіз артерияны саусақпен ұстап тұрған кезде, біреу резеңке артериалды жгут, мәрлі және мақтаны әкелуі тиіс.
Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері
Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалық күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады.
Егер сынық екі жарықшақты болса, онда ол:
1)Жабық (бейбіт уақытта — терінің зақымдануынсыз);
2)Толық (сүйектің бүкіл түтастығының бөлігі бүзылуы),толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы) болып бөлінеді.
Сынық белгілері:
1.Сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы);
2.Аяқ-қол функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толық емес сыну кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;
3.Аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде);
4.Аяқ-қол сүйектері формасының езгеруі (деформация-майысу);
5.Зақымданған жердегі қалыпсыз қозғалыстың болуы (сипалап көру кезінде);
6.Кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады);
7.Кейде дене қызуының көтерілуі (алғашқы күндері —38°С-қа дейін);
8.Бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек және басқаларының зақымдану белгілері айқындалады.
Тасымалдау қезінде зардап шегушінің жағдайын (тамыр соғуы, тыныс алуы) бақылап отыру қажет, басын бір қырына бұрышқа жатқызып (құсыққа түншығып қалмауы үшін) және оны мақта-дәкеден жасалған дөңгелек үстіне жатқызады (көрпе, киім, мақта, сабан салынған қапқа немесе үрмелі резеңке дөңгелекке).
Қол сынғанда жақтау салу кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
1.Зақымданған қолды созуға болмайды;
2.Ашық жара мен қатты қан кету кезінде, алдымен,таңғыш пен жгут салынады, сосын қолдың екі жағынан жақтау қойылады;
3.Екі жақтау да сынық орнынан төмен және жоғары орналасқан буындарды қамтуы керек;
4.Жақтауды салар алдында жұмсақ мата немесе мақтамен орау қажет.
Тасымалдағыш жақтауды салу кезіңде колды белгілі бір жағдайға қояды:
1)Қол иык буында біраз алға беріліл, тік бұрыштап шынтақта бүгіледі;
2)Көп жағдайда алақан ішке қарай қысылады;
3)Қол қоспасы біраз сыртқа қарай бүгіліл, саусақтар жартылай бүгіледі, ол үтігін аурудың алақанына бинт немесе дәкеге оралған тығыз мақта түйіншегі салынады.
Аяқ - қол сүйектері сынған жағдайдағы алғашқы медициналық көмек көрсету:
Сынған аяқтың екі жағынан ұзын таяқша салып нығыздатып байлау қажет.
Аяқты орау әдісі
Қорытынды бөлім – 5 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Сыну дегеніміз не?
2.Сынудың түрлері?
3.бас жарақатында не істеу керек?
4. қан кетуді тоқтату әдістері?
5. есінен танып жатқан адамға ең бірінші не істеу керек?