Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шығармашылық есеп

28.05.2020

Шығармашылық есеп

 

Мұғалім: Онгарбай Жанерке

Мектеп:  «Өзен жалпы білім беретін орта мектеп»КММ 

Пәні: бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 17 жыл

Санаты:1

Білімі: Жоғары

Ж. Мусин атындағы Көкшетау педагогика колледжі 2000 ж,

Шоқан Уалиханов университеті физика информатика мұғалімі, 2005ж

 

Проблемалық тақырыбым: «Бастауыш пәндерін оқытуда ойын элементтерін қолдану»

Мамандық дегеніміз- белгілі бір еңбектің түрі.Ол жеке мамандық иесінен

жеткілікті дәрежеде білім, дағды, бейімділікті қажет етеді. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Осындай педагогикалық шеберлік мұғалімнің жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді.

-білім дәрежесі;

-озық әдістемені меңгеруі;

-мақсаты

- пәндерді оқытуда  сөйлеу мәдениеттілігі.

Білім бере отырырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр оқытушының мақсаты екені анық.

 

 Тәжірибемнің негізгі мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алу. 

Білім беру жүйесі алдындағы міндет технология өзгерістеріне бейімделе алатын атқарушы тұлғаны қалыптастыру.

Білім берудің болашақ мұраты ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Жаңа технология негізі- ізгілендіру және демократияландыру. Жас  ұрпаққа саналы тәрбие  сапалы білім беру жаңа технолгиялардың маңызы өте зор. Сол технологиялардың арасында оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін,ойын, танымдық қабілетін дамытуда үлкен орын алатыны – «Бастауыш пәндерін оқытуда ойын технологиясын қолдану».

Қазіргі таңда «Бастауыш пәндерін оқытуда ойын технологиясын қолдану »мәселесі бойынша жұмыс істеп келемін. Осы уақыт аралығында көз жеткізгенім

Ойната отырып оқушылардың

  • мәселелерді дұрыс шешу жолында ізденуге;
  • ойлау, сөйлеу;
  • қабілетін, зейінін дамытуға тиімді сұрақ қою;
  • фактілерге сүйене отырып жауап беру;
  • өз сөзімен еркін сөйлеуге;
  • тіл дамытуға;
  • қиын мәселелерді шешуге үйренеді;
  • өзара ортақ тл табыса  білуге;
  • шапшаңдыққа;
  • тақырыпты меңгеруге көмектеседі.

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлық ұрпақ оқытып тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық,жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.

«Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап, шәкірттерді шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалана отырып «Бастауыш пәндерін оқытуда ойын элементтерін қолдану» әдістемелік тақырыбымен жұмыс атқарудамын. Кіші жастағы оқушылар үшін оқу да, еңбек те ол –ойын.Ойын  арқылы айналадағы дүниені танып білеміз.Ол оқушыларға өмірде кездесетін әр түрлі қиындықтан оңай жеңуге жол көрсетеді, сонымен қатар ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыратыны сөзсіз. Ойын қажеттілігі әр адамның жас ерекшелігіне қарамай,адамды балалық жағынан жетелеп отырады.Жас жеткіншектің ой-өрісі ойын арқылы дамиды, өседі.Ойын ойнау арқылы балалардың өмірге көз қарасы  адамгершілік қасиеттері, қызығушылығы қалыптасып отырады.

Осы тұрғыдан педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында.

2020ж мамыр айында «Шағын мектептерде  оқытуды ұйымдастыру» бойынша курсын тамамдадым.
            Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Осы орайда өз мектебімізден тыс аудандық, облыстық,республикалық түрлі семинар,кеңестерге қатысып, өз тәжірибеммен бөлісіп қана қоймай шығармашылық деңгейін жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби шығармашылық байқауларға қатысып отырадым.

        Жұмыс жүйемнің негізі: ата-аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.

Іс-тәжірибемде сонымен брге  бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын.Занковтың дамыту оқыту технологиясы,Сыни тұрғыдан ойлау Краус тех.қолданамын. Баланың логикасын, ойынын ұшқырлау мақсатында сканвордтар мен суретті кросвордтар, суретті тапсырмалар дайындалып, сабақта қолданамын. Әсіресе бастауыш сыныпта әр түрлі ойындардың маңызы өте зор. Оларды да сабақ барысында қолдану басты мақсаттарымның бірі.Аудандық ашық сабақтар, мұғалімдермен өткізген тренингдер,

 ашық сабақтар,көптеген сыныптан тыс жұмыстар өткіздім.

Сыныптан тыс жұмыс: «Кім тапқыр?» зияткерлік ойынын өткіздім.

 

    

       Кім жылдам? Ойыны    топтық жұмыс                         Марапаттау сәті

    Оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, зейінін шоғырландыратын,ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық әр түрлі ойын түрлерін, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы оқушылардың білім, білік дағдыларының нәтижелі болатынын байқадым

Сонымен қатар тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденіс нәтижесінде түрлі байқауларға қатысқан шәкірттерім жүлделі орындарға ие болып келеді.    Республикалық, аудандық әртүрлі байқау,олимпиадаларға белсене қатысты. «Пони» байқауына оқушылар қатысып, Берикбол Айдана «Бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.»Аудандық Абай оқуларына қатысып, Рамазанова Раушан I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020ж.

 

Ал өзімнің төмендегідей байқауларға қатыстым:

1. «Сертификат»  Өрлеу порталында онлайн еңбектері жарияланды.Республикалық Өрлеу порталы.

2. «Сертификат» «Способы организации дистанционного обучения» 2020г

3. Ұстаз,кз сайты , ашық сабақ жариялағаны үшін«Сертификат»2020ж

4.    Дарын онлайн білім беру платформасы  «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы 3 дәрежелі ДИПЛОМ

5.3 дәрежелі ДИПЛОМ НИО олимпиадасы,Нұр –Сұлтан қаласы 2020ж

6. «Құрмет громатасы» Ұлы Абай мерейтойына орай 175ж. Нұр-Сұлтан 2020ж

7. Международного конкурса ПОНИ «ДИПЛОМ»2019-2020 учебный год.

 

8. «ДИПЛОМ» Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылған үшін және «ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды. Алматы, 2019ж

 

Сабақта қолданып отырған әдіс-тәсілдердің маңызы және тиімді жолары жайында өз пікірімді  аудандық газеттерге жаздым сонымен қатар Республикалық  басылымдарға  ашық сабақтар  жоспарын жібердім.

 

«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»

«Зерделі Зеренді» газеті

Аудандық  газет

Қазан 2019ж

Оқушыларымның  бірі Сейт Ануар қазір мектебімізде «Алғашқы әскери дайындығының» мұғалімі. 

 Алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тынбай еңбек етеп, жақсы білімді шәкіттер тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын!

Онгарбай Ж 2020 ж. 26 мамыр.

 

Просмотров: 4088


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст