Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

информатика пәнінің Коктиева Ж.А. шығармашылық есебі

29.05.2020

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық есеп

2019-2020 оқу жылының ІІ жарты жылдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Информатика-математика

 пәнінің мұғалімі Коктиева Жанар Алпысбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

Информатика-математика пәнінің мұғалімі

Коктиева Жанар Алпысбаевна

шығармашылық есебі:

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін –тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»

Альберт Эйнштейн

XXI ғасыр-қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін -білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осы мәселе бойынша

«Математиканы және информатиканы оқытуда ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалану» атты тақырыпта жұмыс істеп келемін. Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке даярлау, математика пәнінің сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.

Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен  ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін. Осы тақырып төңірегінде қашықтық оқыту болғандықтан жұмыс жасау барысында мен презентациямен жұмыс, бейне сабақтар, Zoom, BilimLand, WhatsApp арқылы сабақтар өткіздім.

Осындай сабақтардың барысында оқушылар тек білім ғана алмай сонымен қатар тәрбие де алады. Бұл сабақтардың барлығында да мүмкіндігінше ақпараттық технологияларды қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың белсенді ат салысуларына мүмкіндік жасадым. Сабақ нәтижелері жаман емес. Оқушылар тапсымаларды қызығушылықпен орындайды және сыныпта достық қарым-қатынастары күшейеді. Барлық оқушы бағаланып, сабақтың сапа көрсеткіші де өседі.

 

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

ІІ  жартыжылдықта бастап  IT сынып  2 топтан құрылады. Әр топта 10 оқушыдан. Жалпы оқушылар саны – 18. І топта 3-4 сыныптар- 10оқушыдан, ал ІІ топта 5-6 сыныптар -10 оқушыдан. Қашықтық оқыту басталғалы WhatsApp желісімен өткізіп жүрдім. Оқушылар кері байаныс арқылы кімде бар компьютер практикалық тапсырмаларды орындады.

8 сыныпта «Робототехника негіздері» деген факультатив маған берілді. Маған «Андруин» роботы берілді. Оның батарейлары жоқ, әрі бір сайманы жеткіліксіз болды. Сондықтан мен оқушыларды роботты жинау және программаны жазып, құрастыру үшін үйреттім. Әр оқушының деңгейіне байланысты оқушылар тапсырмаларды орындай алды. 4 тоқсан басталғалы қашықтық практикалық тапсырмаларды берілді.  Оқушылар орындаған тапсырмаларды видеоға түсіріп жіберіп жүрді.

     

 

.

 

 

Қашықтық оқыту барысында мен онлайн өзтәжірибелермен алмасып сертификаттарға ие болдым

Просмотров: 771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст