Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

биология мұғалімі Тукеева Г. Ж. шығармашылық есебі

29.05.2020

Тукеева Гульдерай Жексенбаевна

екінші санаттағы биология пәні    

      мұғалімінің шығармашылық есебі

 

        Жақсы мұғалім болу мүмкін бе?  Осы сұрақты жиі-жиі өзіме қоямын.
«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»деген екен Ыбырай.

Ұстаздық шеберлікке жету үшін де, музыкант, хирург, ұшқыш болу сияқты  көп еңбектеніп, оқу керек, тағы да осыған қоса ең маңызды- балаларға деген, өз мамандығыңа деген шексіз махаббат болу керек.

         Дәл бүгінгі күнге дейін жалпы еңбек өтілім 14 жыл, биология пәнінен еңбек өтілім – 11 жылдан астам. Бұл көп пе, әлде аз ба?.. Егер әр жыл ұстаз өміріне алуан түрлі қиындықтар мен қызықтарын әкеліп отырса - әрине маңызды деп айтуға боларлық. Өткен жылдарға кері бұрылып көз жүгіртсең, жыл сайын шеберлігіңнің артқанын, қателіктерді жеңуде көп нәрсені үйреніп, көңіліңе тоқығаныңды көресің.

         Алдымызда отырған әрбір баланың ата-анасы баласын бізге сеніп тапсырып отыр, өйткені шебер ұстаз – адам жан-дүниесінің инженері. Ұстаз ретінде мені үнемі толғандыратын мәселе – оқытудың бай әдіс–тәсіл қорынан ең тиімдісін қолданудың нәтижесінде ББД белсенділігін, көзін ашып, көкірегіне от салып, білімге құштарлығын, іздемпаздыққа талпынуын арттыру жолы. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Оқушы – құдіретті еңбектің адамы. Оның танымдық жеңістерін жеңілдетіңдер» деп мұғалімдер қауымына үндеу салған.

         Менің жеке мақсатым - бүгінгі әр ұстаздың мақсаты: құзырлы шәкіртті тәрбиелеу.

Алдыма қойған принциптерге жүгіне отырып, балаға қиянат жасамай, оған мәселелерді шеше білуге, өмірдің мәнін түсінуге, оқудағы жетістікті сезіну арқылы жеке тұлға ретінде қалыптасуға, өсуге, денсаулығын сақтауға және қадірлей білуге үйрету. Осыдан мынадай тұжырым құрылады: әр бала жеке индивидум, мектеп табалдырығын аттаған кезде-ақ бойында әр түрлі деңгейдегі қабілет жиынтығы бар, табиғаттың берген қасиеттері мен сыйы бар. Демек ұстаз сабағын және сабақтан тыс іс-шарасын дұрыс құрастыра білсе, онда баланың бойында жағымды қабілеттерінің ашылуына жол алып, өмірде өзін жеке тұлға ретінде ұйымдастыра алатын, өзін әлеуметтендіре алатын азамат шығады.

       Біздің қоғамға қандай адам қажет екені туралы бүгінгі күнде әр түрлі деңгейдегі мінберлерде айтылып жатыр. Ол: рухани бай, денсаулығы мықты, білімі нық, оқуға, үйренуге құштар, ойы ұшқыр азамат. Міне бұл бізге мемлекет тарапынан беріліп отырған  тапсырыс деп қабылдауға да болады. Сондықтан еліміздің ертеңі біз қолымызда деп анық айта аламын. Осыған орай өз педагогикалық ұстанымым: «Жақсы ұстаз білім берген ұстаз емес, ақсы ұстаз шәкірттері құштарлықпен оқитын ұстаз» демекпін.

 

 

Іс-әрекетті үрдісін талдау барысындағы мәселені анықтау және өз білімін жетілдіру тақырыбын негіздеу.

Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды?-деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып, еңбегіме талдау жасап, ең алдымен өзіме есеп беремін.

    Өз  еңбек өтілі барысында әр түрлі мәселелер мен кедергілерді анықтап, оларды шешу жолдарын табуға тырытым. Бүгінгі таңда мұғалімдер қауымына еңбек етудің өзі қиындап бара жатыр десем қателеспеспін.          

 Оның себептері менің ойымша:

  • қоғамда білім құндылығының төмен бағалануы (құзырлы, білімді азаматтардың жұмыс орнына орналасуы өте қиын);
  • XXI ғасыр ақпараттық ғасырдың оң және теріс әсері;
  • Мұғалімдердің алдына мемлекет тарапынан қойылған тапсырысты толық қанағаттандыруға қол жеткізу үшін дайындығының төмен болуы, өйткені мектеп жұмысы ата-анасыз, қоғамсыз мүмкін емес. Мұғалімдер мен ата-ананың өмірлік құндылықтары, көз қарастары әр түрлі. Ең негізгісі – мұғалім абыройы, беделі қоғам алдында төмен...

      Соңғы жылдардағы балалардың сабаққа, оқуға деген ынтазарлығы әлдеқайда төмен.

Егер соны зерттеп үңілсек: оның себебі отбасынан басталады.

    біріншіден, білім алуға деген мотивациясы;

    екіншіден,отбасының әлеуметтік жағдайы;

Сондықтан бүгінгі ұстазға тек баланы ғана тәрбиелеп емес, оның ата-анасына көп ықпал ету жұмыстарын жоспарлау керек.

Осы себептердің барлығын ескере отырып, қоғамымыздың ертеңі – бүгінгі жастар екенін кәміл мойындап, еліміздің ертеңі жастардың еншісінде екеніне хақ сеніп, өз білімімді жетілдіру тақырыбымды:Оқушылардың біліктілігі мен болашағын ұштастыра отырып, ізденіп-зерттеушілігін, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру арқылы өздігінен білім алуын және құзыреттілік қабілетін дамыту деп белгілеп алдым.

Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Біліктілік – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Міндеттер:

-биология ғылымының негізгі қағидаларын,ағзалардың тіршілік әрекеттері, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі,құрылымы және қызметі, адам әрекетінің экологиялық жүйелерде болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету;

 

 

-экологиялық білім және тәрбие, табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынас, органикалық дүние эволюциясы білім негізінде табиғатты қорғау іс-әрекетіне дайындауды қамтамасыз ету;

-тірі организдердің құрылысын, қызметін, тіршілік әрекеттерін эволюциялық тұрғыда түсіндіру;

-тірі организмдерге тән қасиеттерді оқыту барысында өлкетану материалдарын кеңінен пайдалану;

-оқушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;

-оқулықты және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып жұмыс істеу тәсілдерін үйрету;

-практикалық, зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;

-пәнаралық байланыстарды қалыптастыру;

-биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу;

-әлеуметті белсенді азамат тәрбиелеу;

Мақсатқа жету механизмдері.

1.Оқытудың тиімді технологияларды қолдану:

-проблемалық оқыту;

-сын тұрғысынан ойлау;

-деңгейлеп оқыту;

-жобалап оқыту әдісі;

2.Тест тапсырмалары:

-ашық тест;

-жабық тест;

-топтама тест;

-сәйкестікті табу;

3.Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру:

-оқулықпен жұмыс істеуді үйрету;

-анықтау қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу;

-қорытынды шығара білуге дағдылау;

-сауатты, ғылыми тілде сөз сараптауға баулу;

4.Бақылау жұмыстарын ұйымдастыру:

-логикалық тапсырмалар құрастыру;

-деңгейленген тест тапсырмаларын орындау;

5.Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру:

-интеллектуалдық ойындар;

-жарыстар;

-танымжорық;

          

 

         

 

 

                       

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Просмотров: 623


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст