Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауылдық шағын жинақы мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы. Асылхан Сайра

28.12.2020

Ауылдық шағын жинақы мектеп:қазіргі жағдайы және даму болашағы.

Асылхан Сайра

«Өзен ЖББОМ»КММ

Зеренді ауданы Өзен ауылы sayra.asylkhan.75@mail.ru

 

Ел басымыз «Ауылдың амандығы елдің амандығы».Қазақстан дүние жүзі бойынша астық өндірудер алдыңғы орынды иеленеді.Еліміздің экономикасын көтеру үшін ауыл шаруашылығы басты саланың бірі болып есептеледі.Сол себептен ауыл шаруашыл-ығымен ауылды дамыту үшін қазіргі ақпарттық технологиямен жабдықталған оқушыларымыз терең білім алатын мектеп болу керек.Ауыл мектептерінің негізгі ерекшелігі географиялық тұрғыдан алғанда қаладан алыс орналасуы және адам санының аз болуы.Қазақстанда ел мекемелердің мәртебесі бойынша қалалық ауылдық мектеп деп жіктеледі.Қалалық мектеппен ауылдық мектеп арасында өзіндік айырмашылықтар бар.Қазіргі таңда ауылдық мектептердің жартысы шағын жиақталған мектептерден тұрады.Үлкен қалаларда олар мүлде жоқ (Астана және Алматы), кейбір өңірлерде (Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) олар мектептердің жалпы санының 20%-нан төмен (оқушылардың жалпы санының 3%) болса, ал Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептердің жалпы санының 80% және оқушы-лардың жалпы санының 40% құрайды.

Шағын жинақталған мектеп дегеніміз-бұл біздің еліміздің қаймағы бұзылмаған ұйтқысы ауылдың тірегі.Біздің елімізде шағын ауылды мекендер өте көп сол себептенде балалары шағын жинақталған мектептен білім алады.Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектеп болды.Жағын жинақталған мектептерде бала санына байланысты сыныптарды қосады.Соған орай мұғалімдердің күнтізбелік жоспарына өзгеріс енегізіледі себебі 40 минутта біріктірілген екі сыныпқа өткізуіміз керек.Сол себептерден де көптеген қиындықтар туындайды.Бұнда сыныптарды біріктіруге байланысты арнайы сабақ кестесі құрылыды.Соған байланысты арнайы күнтізбелік жоспар, сабақ жоспар құрамыз уақытты үнемдеу үшін.Бұл мектеп әкімшілігі үшінде және мұғалім үшінде үлген жауапкершілікті қажет етеді.

Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді (бұдан әрі - ШЖМ) дамытудың 2010-2020жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын,оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.Бұл тұжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік-құқықтық құжаттар мен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық құқығын іске асы-руына жағдай жасау бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылады.

1. Шағын жинақты мектептердің жай-күйі және негізгі проблемалары:

Қазақстан Республикасының білім беру саласында барлық деңгейде сапалы білім алуға кең қолжетімді қамтамасыз ететін ұлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар

жасалуда.Ең маңыздысы-мазмұнын,басқару және ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде-ШЖМ-ны дамыту.

Шағын жинақталған мектеп-бұл біріктірілген сынып –комплект пен оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.

Қазіргі таңда ШЖМ:

Біріктірілген сынып –комлектілерімен;

Сынып комлектілерімен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.

Шағын жинақталған мектептің мақсаты мына төменгілерден тұрады:

· шағын жинақталған мектеп оқушылардың жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйке білім беру:

· мектеп түлегінің функцоналдық сауаттылығын қалыптастыру;

· ғылыми техникалық білімін жетілдіру;

· қабілеттерінің дамыту,өмірбойы үздіксіз білім алуын,өз бетімен білімін жетілдіріуін қалыптастыру;

· ауыл шаруашылығы мамандығына бағытталып,ауыл мәдениетін,экономикасын дамытуға үлес қосуы.

Сонымен шағын жинақталған мектептің негізгі ерекшелігі: бала саны аз бір сыныпта үш немесе төрт оқушы оқиды.Бала саны аз болғандықтан мектептің көлемі кішкентай болады көбінесе бір қабат бос үйлерді пайдаланады.Мұғалім саны аз,сол себептенде бір пәнді бірнеше мұғалім беруі мүмкін.Соған байланысты сабақ кестесін құрады.Оқулық саны аз,интернеттің жеткіліксіздігі немесе баяу жұмыс істеуі.

Шағын жинақталған мектеп қиыншылықтары:

· отереңдетіп білім беру мүккіншілігі жоқ;

· зертханалық тәжірибелер жасалынбайды;

· зқу жүктемесі аз;

· кшебер мұғалімдер аз;

· оқу әдістемелік кешеннің аздығы;

· баланы ата анаты әлеуметтік қорғау жоқ;

· сабақты технологияландыру.ақпараттандыру мүмкіндігі аз;

· мектептің материалдық –техникалық базасы нашар;

· тірек мектептермен тәжірибе алмасу жоқ;

· пән бірлестіктері жоқ;

· мұғалімнің ішкі тәжірибе алмасуы аз;

· шағын жинақталған мектеп үшін арнайы маман жоқ(қос пәндік,химия биология,физик математика,т.б

· ұзтаздарың өзіндік білім көтеруі аз;

· мектеп мәдени орталықтан алыста орналасқан.

5.2Білім беру процесін ұйымдастыру:

ШЖМ-дағы білім сапасы сыныптардың дұрыс жинақталуымен аяқталады.Екі сыныпты бір сынып комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15адамнан аспау керек.Бірінші

сынып оқушыларынан,сондай ақ мектепалды даярлық сыныптарын сынып комплект құрамына қоспаған жөн.Бұл кезде баланың психофизикалық денсаулығына және мінез құлқына ықпалын тигізтін,психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі жүріп жатады.Егер бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса,сабақ жеке режімде жүргізіледі.Контигенттің жетіспеушілігіне қарамастан 9-сынып оқушыларын бітірушілер ретінде басқа сыныптармен қосуға болмайды,себебі бұл оқушылар санатының соңғы емтихандарға дайындалуы үшін ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.Жоғарғы сыныптарда (10-11)біріктіруге жол берілмейді,яғни қорытынды аттестаттауға және бейінді оқыту кезінде білім беру мазмұнының вариативтілігінде байланысты негізделген.

6.1.3 Кадрмен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ШЖМ мұғалімнің педагогикалық қызметінің көп пәнділігін ескеретін әр-бір білім беру мамандықтарының кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу бойынша өзгерістер енгізілді.ШЖМ үшін жоғарғы білімді мұғалімдер даярлау бойынша екі дипломды білім беру бағдарламасы әзірленді.ШЖМ-ның ерекшеліктерін ескере отырып біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтерді даярлау мен қайта даярлаудың оқу бағдарламасы әзірленді.Қашықтықтан оқыту арқылы педагогтердің қызметін ақпараттық –әдістемелік қолдау және олардың біліктіліктерін арттыру жүйесі құрылады.

Егер шағын жинақталған мектепке өркендетуге мемлектіміз көңіл бөлетін болса:

· оқушылардың білімге деген құштарлығы артады;

· ата аналар балаларының оқуына жауапкершілікпен қарайды немқұрайлы емес;

· ауылға көшіп келушілердің саны артады;

Білім берудің ХХI ғасыр адамы үшін қажетті біліктіліктерді қалыптастыруға бағдарлануы,оқушылардың жеке қабілетін дамыту болып табылады.

Сондықтан, ХХI ғасырда білім берудіңелесі 4кезеңіне көңіл бөлу керек деп санайды:

· білу үшін оқу;

· адам болып қалыптасу үшін оқу;

· алған білімді іске асыру үшін оқу;

· өмір сүру үшін оқу

Осындай талап қойылып отырғанда елімізде өзгермей қалудың өзі мұғалім қауымы мен білім саласы үшін қауіпті.Экономиканың қарқындығы дамуы еліміздегі кез келген салаға өз ықпалын тигізбей қоймайды.Сондықтан, педагогикалық қызметке ынтасы жоғары,білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу тәрбие үдерісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда қозғаушы күшке ие.Сол себептенде заманымы-зға сай әрбір мұғалім өзі әрекет ету керек.

Мұғалім –оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер.Егер мұғалім күнделікті сабақ барысына қазіргі заманымызға сай жаңа оқыту әдіс тәсілдерін қолданып сабақ өткізетін болса жан жақты дамыған саналы тәрбиелі оқушыларымыз көп болады.Жаңа әдісті қолдана отырып сабақтар өткізу оқушыларды жан-жанқты және тереңірек ашуға,логикалық ойлауға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді.Сол себетенде мектебіміз жаңа талаптарға сай болу керек,оқулықтар әдіс-

теме құралдар мен жабдықталу керек.Заман ағымнан қалмау үшін шағын жинақталған мектептерде қазіргі жаманауи техника мен технологияларды мүмкіндігінше пайдалану қажет.

Олар мыналар:

1.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іс-әректін ұйымдастыру.

2.Дидақтикалық бірліктерді ірілендіру (УДЕ) идеясын басшылыққа алу.

3.Ұжымжық оқыту әдісі

4.Ғылыми шығармашылық

5.Қашықтықтан оқыту әдісі

6.Деңгейлеп оқыту әдісі

7.Жеке дара оқыту

8.Ақпараттық оқыту технологиясы

Шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу мұғалімге үшін өте жауапкершілікті талап етеді.Сол себептенде шағын жинақталған мектептердің сапасын арттыру үшін мемлекет тұрғысынан өте көп көңіл бөлу керек.Заманымызға сай әр бір оқушы білім алу керек.Ша-ғын жинақталған мектептерде кіріктірілген сабақтардыөткізу тиімді болып саналады.

Сонымен қатар күнделікті сабақ жоспарында кіріктірілген сабақтар өткіземін.Кіріктіріл-ген сабақтар мұғалімнің ізденісін талап етеді.Сонымен қатар оқушылардың әр пәнге деген қызығушылығын арттырады.Ізденпаздығын әр пәнге деген ізденісін арттырады.Өз тәжіри-бем бойынша өтізілген сабақтар.

 

 

Сынып комплекті: 7-8 сыныптар

Сыныбы: 7 сынып 8 сынып

Пәні: Химия

Тақырыбы: Периодтық кестенің құрылымы

Оқу мақсаттары:

 

 

 

 

Тақырыбы:Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы Оқу мақсаттары:

7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу

және сипаттау: топтар мен периодтар 8.2.1.4 -периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау

Бағалау критерийі:

А).Берілген элементтердің периодтық кесте

бойынша құрылымын сипаттайды.

Б).Периодтық жүйені қолдана

отырып,элементтерді топ, период бойынша

анықтайды. Бағалау критерийі: А)периодтық жүйені қолдана отырып элемменттерді сипаттайды. Б)периодтық жүйе бойынша атомдық құрылсын анықтайды.

В).Периодтық жүйе бойынша элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі ерекшеліктерді сипаттайды. В)период бойыншажоғарғы оксидердің сәйкес гидроксидердің формуласын анықтайды

 

Барлық оқушылар:

-Периодтық кестенің құрылу принципін біледі

Оқушылардың көбісі:

- химиялық элементтердің қасиеттері периодты

түрде өзгеретінін түсінеді

Кейбір оқушылар:

-периодтық кестенің құрылу принципіне сәйкес

келмейтін химиялық элементтің орналасуын

анықтайды.

 

Барлық оқушылар: -Периодтық кесте бойынша элементтерді топ период бойынша анықтайды Оқушылардың көбісі: -периодтық кесте бойынша атом құрылысын сипаттайды Кейбір оқушылар: -периодтық жүйе бойынша элементтерге сәйкес келетін оксидтердің,гидроксидрердің формуласын жазады.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

 

 

 

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезең

· Оқушылардың дәптерлерін жинап алып,екінші дәптерлерін тарату.Алған бағаларын хабарлау.

ІІІ. Сабақтың басы

· Топқа бөлу.Стикер арқылы

· Сонымен біз 2 топқа бөліндік. Бірінші топ «Топ», екінші топ «Период» тобы.

·

·

IV.Сабақтың басы

ІNSERT әдісі

· Әр топ кестені толтырып, жауаптарын оқып шығады.

Ү – «білемін» – - «мен үшін түсініксіз» + – «мен үшін жаңа ақпарат» ? – «мені таң қалдырады»

 

 

Мұғалімнің түсіндіруі

Периодтық жүйе бойынша элементтердің реттік

нөмерін,период санын,топ нөмерін анықтайды.

1.Период дегеніміз......

А)Периодтық жүйе бойынша период 3 ке

бөлінеді.

Кіші,ұлкен, аяқталмаған М:

2.Топ дегеніміз.....

А) Негізгі топ М:

Б)Қосымша топ М:

3.Реттік нөмір...

Өзіндік жұмыс 1.Реттік нөмір,период,топ дегеніміз не?анықтамасын жазады. 2.Периодтық жүйені қолдана отырып,N,Na,K элементтеріне сипаттама беріңдер. Қ/Б:Мұғaлiмнiң ayызшa бaғaлayы қoлдaнyы. Қaрқынды caрaлay.

Өзіндік жұмыс:Әр оқушыға карточка беру 1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз .............тік қатарды айтамыз. Период дегеніміз ......қатар. 2.Периодтық жүйе бойынша бірнші топта орналасқан элементтерді анықтаңыз. Қ/Б:Мұғaлiмнiң ayызшa бaғaлayы қoлдaнyы. Қaрқынды caрaлay. Сабақтың ортасы Өздік жұмыс.(Ауызша) Ойлан тап. Интербелсенді тақтадан ия ма?, алде жоқ па? 1. Элемент топтары екі топшаға бөлінеді? Ия 2. Берілген элементтерді металдық қасиетінің өсу реті бойынша орналасқан. дұрыс па, бұрыс па? А) Бор, б) берилий В) көміртек г) литий 3. Алтын бейметалдық қасиетке ие. (жоқ ) Оқушылардан ауызша сұрау: І. Қатені тап 1.Сілтілік металдан басталып, инертті газбен аяқталатын атомдық массаларының кему реті бойынша орналасқан қатарды топ деп атайды. 2. Периодта элементтердің сол жақтан оң жаққа қарай металдық қасиеттері күшейеді, бейметалдық қасиеттері әлсірейді. ІІ. Төртінші артық А) H, He, Ne, Ar Ә) H, Li, Be, B Б) Fe, Co, Ni, Ar В) F, Cl, Mn, Br Дескриптор: 1.Ойлан тап,тапсырма бойынша иә,жоқ анықтайды. 2.Қатені табады. Қ/Б:Ayызшa мaдaқтaмa. Oқyшылaр бiрiн-бiрi тaқтaдaғa дұрыc жayaп aрқылы бaғaлaйды.Caрaлay тәciлi:Қaрқын. Мұғалімнің түсіндірілуі Химиялық элементтерді мынандай ретпен сипаттайды. 1.Реттік нөмірі,периодтық жүйедегі орны,салыстырмалы атомдық массасы,топ,период,қатар,топ,топша 2.атом құрылысы 3.жай заттардың қасиеттері 4.Оксид,гидроксид,тұздар формулаларын құрастырады Сабақтың ортасы Өзідік жұмыс (Жазбаша) Карточка беру. Периодтық жүйе бойынша Кремний элементіне сипаттама беріңіз. 1.Химиялық таңбасы, аталуы 2.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы 3. Атом құрамы, құрылысы 4. Қасиеті 5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы Дескриптор 1.Элементтің таңбасы,аталуын жазады. 2. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны, салыстырмалы атомдық массасы анықтайды 3. Атом құрамы, құрылысын сипаттайды. 4. Қасиетін анықтайды. 5. Оксид, гидроксид, ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласын жазады. Қ/Б:Ayызшa мaдaқтaмa. Oқyшылaр бiрiн-бiрi тaқтaдaғa дұрыc жayaп aрқылы бaғaлaйды.Caрaлay тәciлi:Қaрқын.

V.Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі

карточка және интербелсенді тақтамен жұмыс

Оқушылардың жұмысын тексеру.

Қ/Б:Ayызшa мaдaқтaмa.

Oқyшылaр бiрiн-бiрi тaқтaдaғa дұрыc жayaп aрқылы бaғaлaйды.Caрaлay тәciлi:Қaрқын.

 

VІ. Сабақ соңы

Рeфлeкция.Кeрiбaйлaныc

«Плюc,минyc қызықты»

плюc минyc қызықты

Caбaқтa ұнaғaн

кeздeрiн бaрлығын

жaзaды. Кeрeкciз, пaйдacыз жaқтaры Қызығyшылық тyдырғaн дeрeктeрi

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

· Оқулық бойынша:83бет 1-3тапсырма · Оқулық бойынша:116-117бет 1-4тапсырма

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан мектеп журналы.2015жылы №10

2.Қазақстан мектеп журналы.2015жылы №2

3. Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың

2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын

4.«Мектептегі қорларды тиімді пайдалану» Елдік шолуы Қазақстан 2015

Просмотров: 944


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст