«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастыру туралы
2025–2026 оқу жылы
Қараша айына арналған анықтама
2025–2026 оқу жылының қараша айында мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру жұмыстары белгіленген санитарлық-гігиеналық талаптарға сай ұйымдастырылды.
Мектеп бойынша:
– 1–4 сыныптарда – 33 оқушы, олар күн сайын бір мезеттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
– 5–11 сыныптардан – 7 оқушы әлеуметтік санат бойынша тегін тамақтандырылды. Жалпы 40 оқушы.
Ай сайын Бракераждық комиссияның отырысы өткізіліп отырады.
Комиссия дайын тағамдардың сапасын, дәмін, сыртқы түрін, санитарлық талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ азық-түліктердің дұрыс сақталуын, жарамдылық мерзімдерін және қойма жағдайын тексерді. Бракераж журналы уақтылы толтырылып, нәтижелері актімен ресімделді.
Тамақ әзірлеу процесі санитарлық талаптар негізінде жүргізілді. Комиссия мүшелері азық-түлік сапасын, тағамдардың құрамын, сақталуын және ас мәзірінің орындалуын күнделікті бақылауда ұстады. Күнделікті ас мәзірі директордың бұйрығымен бекітіліп, толық көлемде орындалып отырды.
Асхана қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Асхананың санитарлық жағдайы тұрақты тексеріліп, ылғалды тазалау жұмыстары күн сайын жүргізілді. Асхана қызметкерлері Конурбаева К және Шаймуратова Д, арнайы киімдері, медициналық кітапшалары және жұмысқа рұқсат құжаттары бар.
Мектеп медбикесі Касымбаева М.Т - асхананының санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын күнделікті тексеріп, асхананың жалпы жағдайын бақылауда ұстайды.
Әлеуметтік педагог: Бисарина А.Е