Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» науқанында өткізілген мектепішілік
ата-аналар жиналысы
Хаттама
Өткізілген күні: 03.12.2025
Өткізілетін жері: ағылшын кабинеті, 2 қабат
Қатысушылар: ата-аналар, қонақтар, мұғалімдер
Қонақтар: УПИ ООБ полиция капитаны Нукенов С.М., Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны психологі Альжанова Айя
Күн тәртібі:
1 сұрақ бойынша мектеп директоры Сарин Жарас Темиртасұлы сөз сөйледі, оқушылардың сабаққа қатысуы, мектеп формасы, тамақтану, оқушылардың кешікпеуі туралы түсініктеме берді, қауіпсіздік ережелеріне тоқталды мұз айдыны, өзен жағалауына, көктайғақтардан сақ болу туралы айтылды.
2 тапсырмаға мектеп психологі ата-аналардың көңіл күйіне байланысты тренинг жүргізді, ата аналар жақсы қатысты.
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында балалық шақты қорғау үшін полиция капитаны Нукенов С.М. қатысып, зорлық зомбылыққа қатысты тоқталып, түсініктеме жұмыстарын көрсетіп, жүргізді, алаяқтыққа жеке тоқталып, түсіндірді.
Интернет ойындарына тәуелділік, буллинг және кибербуллинг, темекі шегудің зияндары туралы психологиялық орталықтың психологі Альжанова Айя ата-аналрға көп мысалмен әңгіме жүргізді, әр түрлі жағдаяттармен түсіндіріп, жаңалықтан видео көрсету барысында да көп мәселелерді шешу туралы жеткізді.