Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік ата-аналар жиналысының №1 хаттамасы

Мектепішілік ата-аналар жиналысының

 хаттамасы №1

 

2025-2026 оқу жылының мектепшілік ата – аналар жиналысы өтті.

 

Өткізілген күні: 10.09.2025

 

Жиналысқа қатысуға тиісті: 41

 

Қатысқаны: 21

 

Қатыспағаны: 20

 

Өткізу форматы: дөңгелек үстел тәтті кәмпитпен

 

Күн тәртібінде.

 

1. 2025-2026 оқу жылына «Адал Азамат» Біртұтас тәрбиебағдарламасы бойынша таныстыру (тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметжанова Замзагуль Талгатовна)

2. Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары, Мектеп ережелері (сабаққа қатысуы, мектеп формасы, тамақтану, келісім шарт, ата аналар комитетін тағайындау, қамқоршылық кеңесінің мүшелері)

3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау (тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметжанова Замзагуль Талгатовна)

  1.  
  2.  

 

Тыңдалды:

1 мәселе

           Тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметжанова З.Т.  «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы  тақырыбымен мақсат міндеттеріне тоқталды. 6 жоба бойынша жұмыс жүргізілетінің түсіндірді.

Мектеп ережелеріне жеке тоқталып, оқушылардың себепсіз сабақ босатпауы, сабаққа кешікпеуі, мектеп формасын міндетті түрде ұстануы, 1-4 сыныптар тегін тамақтануы және аудандық жаппай оқытудан 7 оқушы тегін тамақтанумен қамтылады, 5-11 сынып оқушылары буфеттік тамақтанумен тамақтанатыны айтылды.

Әр сыныпта жеке ата-аналар жиналысы өткізіліп, әр сынып ата-аналар комитеті мүшелері сайлады. Сол ата-аналар комитетінің ішінен мектепшілік ата-аналар комитеті болып Кусленова Динара тағайындалды. Оқушылардың қауіпсіздігі туралы түсініктеме берілді.

Ата-аналармен мектеп келісім шартқа отырып, міндеттері жазылып, қол қойылып, таныстырылды. 

Қамқоршылық кеңестің басшысы 3 жылдық мерзіммен Калипенов Азамат жалғастырады. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау жөнінде түсініктеме берілді. Оқушылар кешкі уақытта 22.00 ден кейін көшеге ата-анасыз шықпауы, бұзылған үйлерде жүрмеуі трасса бетіне өздері шықпауы, өзен жағалауына үлкенсіз бармауы және жолда жол ережесін сақтануы туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

2 мәселе.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Ахметжанова Замзагуль Талгатовна түсіндірді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау әдістемелік нұсқау хатпен таныстырды.

Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында  әзірленді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:

балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

3 мәселе

«Досбол» бағдарламасы бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Буллинг қалай пайда болады себептері мен факторларына негізі бола алатыны айтылды. Ата аналарға сұрақтар қойылып, балаларымен қандай қарым қатынаста екенің айтылды.

Фото бейне түсірілім және жеке деректерді өңдеу бойынша келісім шартымен танысып, қол қойды

Ата аналар жиналысын мектеп психологі Гулдарай Жексенбаевна тренингпен аяқтады. Ата-аналар өз тілектерін қағазға жазып, мектеп оқушыларына жазды.

 

 

Шешімі: 
1. Мектеппен келісім шартқа отыру, Келісім шарт ішінде «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім киюді, кешкілік уақытта оқушылардың көшеде жүруін өз бақылауына, мектептің ішкі тәртібіне бағынуына ата-аналарға міндеттелсін.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата – аналар мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту.

3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша ата-аналардың сабаққа қатысуы міндеттелсін.

4. оқушылардың буллинг жағдайына түспеу үшін балалардың интернет желісі, смартфондарын тексеріп, қадалансын.

 

 

                                        Хатшы:                 Ахметжанова З.Т.


Текст