Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі әлеуметтік педагогтің жарты жылдық есебі

 

 

 

 

 

2025-2026 оқу жылы

2025-2026 оқу жылындағы

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

2025–2026 оқу жылы, I жартыжылдық

Білім беру ұйымы:
«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Әлеуметтік педагог:
Бисарина А.Е.

Есеп беру кезеңі:
2025 жылғы 1 қыркүйек – 31желтоқсан аралығы


1. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Жартыжылдықта әлеуметтік педагогтың негізгі мақсаты – оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, отбасылық жағдайы қолайсыз және тәуекел тобындағы балалармен жүйелі жұмыс жүргізу, құқықбұзушылықтың алдын алу болды.

Негізгі міндеттер:

оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау;

тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу;

ата-аналармен тығыз байланыс орнату;

тиісті мекемелермен бірлескен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

2. Әлеуметтік-педагогикалық мониторинг

Оқушылардың жеке құжаттарымен танысып,әр түрлі жағдайына қарай тізімі жасалды. Көпбалалы,жартылай жетім және қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтік төлқұжатты жасалды.

Жартыжылдық барысында мектептің әлеуметтік паспорты жасалып, үнемі жаңартылып отырды.

Мектептегі жалпы оқушы саны: 73

Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар: 15

Көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар: 33

Толық емес отбасылар: 12

Жалпыға бірдей білім беру қорынан 7 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді

Өгей әке-шешесімен тұратын балалардың тізімі- 4

Қамқоршылықтағы/қорғаншылықтағы балалар: 0

Қауіп тобына» жататын оқушылар: 0

Жетім балалар жоқ:

Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген бұйрыққа сай мектеп әдістемелік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.Жылдық жоспар негізінде айлық,апталық жоспарлар жасалып,жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды. Төмендегі құрамдағы бракеражды комиссия мүшелері құрылды: комиссия төрағасы- Сарин Ж.Т., тәрбие ісінің орынбасары- Ахметжанова З.Т.,мектеп медбикесі-Касымбаева М.Т.,ата -аналар комитетінің төрағасы-Кусленова Д.Б.,қамқоршылық кеңесінің төрағасы- Калипенов А.Б.,әлеуметтік педагог -Бисарина А.Е.

Мектепке жол» акциясы қарсаңында «Зеренді Сақтау Өнімдері» ЖШС 21 балаға 25 000 тг (жиырма бес мың) қаржылай көмек  көрсетті .

1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ жалпыға бірдей білім беру қорынан алынған балалар, олардың 7-еуі ыстық тамақпен қамтылған.Жалпы 40 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Күн сайын әз мәзіріне сәйкес ыстық тамақ дайындалады.Асханада «Табыс»ЖК өз жұмысын атқарады.

Қараша айында жыл жоспарына сәйкес Буллингтің алдын алу бойынша «ДосболLIKE» бағдарламасы негізінде келесі іс шаралар өткізілді: Үлкен қоңырауда,мектеп оқушыларымен Достық туралы мағынасы бар әртүрлі ойындар өткіздім, топтық және жұптық ойындар болды. Балалар қызығушылықтарын арттырып ,белсене қатысты

 

2025 жылдың 26 қараша күні,жоғары сынып   қыздарымен бірге қазақ халқының көне дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарына арналған тәрбиелік әңгіме-викторина өткіздім тақырыбы: «Қазақ қызы үшін шаштың мәні мен тәрбиесі».

 

2025 жылдың 22 желтоқсанында Зеренді ауылындағы «Парус» демалыс орталығында көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балалары қатысқан шырша өтті. Біздің мектептен 4-сынып оқушысы Сабыржан Зере, 3-сынып оқушысы Байзолла Талан және 3-сынып оқушысы Ерболат Інжу шыршаға қатысты.Жаңа жылдық шырша көрмесіне қатысқаннан кейін, балалар Зеренді аудан орталығына сапардан алған әсерлерімен бөлісті, бұл оларға үлкен қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Описание: IMG_256Описание: IMG_256Описание: IMG_256Описание: IMG_256Описание: 9f313071-91b8-47d5-8904-9f90b916a48d

Осы жылдың 26 ​​желтоқсанында біздің мектебімізде Жаңа жыл мерекесі өтті. Оқушылар жаңа жылдық көріністерге қызығушылықпен қатысып, өлеңдер оқып, ән айтып, шеңбер құрып биледі. Мереке көңілді өтті және барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Сонымен қатар «Зеренді Сақтау Өнімдері» ШС окушыларға жаңа жылдық дорбалар сыйлады. Жалпы 68 дорба, оның ішінде 5- үйде отырған мүмкіндігі шектеулі балалар,13-мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған,20- «Еркетай» шағын орталығына,30- көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына арналған.

Описание: 8d9126c1-4e84-4107-b838-0931cd6c5837

                            Демеушілерімізге рахмет айтамыз!


Текст