Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептегі психологиялық қызметінің жарты жылдық есебі

«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

2025-2026 оқу жылындағы мектептегі психологиялық

 қызметтің І жарты жылдық есебі.

Психологиялық қызметтің мақсаты - білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, әлеуметтендіру және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған.

 

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1) Оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру;

2) оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыруға жәрдемдесу;

3) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауға жәрдемдесу болып табылады;

4) әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу қиындықтарына бағытталған жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

5) жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

6) білім беру процесіне қатысушыларға, олардың жеке құқықтарына қысым жасамай, өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу мен қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады;

7) Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату және практикаға енгізу болып табылады;

8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

9) білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер мүдделі органдарымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

  Мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте  күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық  даму деңгейлерін, мектепке даярлығын  анықтауға арналған зерттеу жұмыстары  жүргізілді.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің  даму барысын айқындау.

1 сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:

  • Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;
  • Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;
  • Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,
  • Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.

Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:

  • Керн-Йерасектің 4 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;
  •  Баланың ерік саласының даму деңгейін анықтау. «Жануарлар мектебі» жлбалау әдістемесі.

Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары  жүргізілді.

1 сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы:

Сыныпта барлығы –7 оқушы. Сынып  жетекшісі – Сертай Алтыгуль Темірбекқызы жағдай бірқалыпты. Яғни зерттеу  барысында сыныптағы оқушылардың  өзара қарым-қатынасы  жақсы.

Керн-Йерасек тест жинағы 3 тапсырмадан тұрады.

1 тапсырмада «Графикалық  дағды» бұл   тапсырмада оқушының қол   маторикасының дұрыс қалыптасуын бақылау   мақсатында  алынады,  2 тапсырмада «Есеп және назар аудару» баланың зейінінің тұрақтылығын анықтау үшін, нүктелерді санап және ретімен  орналастыру тапсырылды, 3 тапсырам «Бейнені елестету» оқушының сурет  салу   дағдысын  және  ойлау қабілетің анықтау  мақсатында    ер адамның бейнесін салу тапсырылды.

3 тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылды. 3 тапсырма бойынша қорытынды:

 сыныбы

Зерттеуге қатысқан оқушылар саны

Мектепке дайындық деңгейі

Ортадан жоғары

Орта 

Төмен 

1

7

4 оқушы

2оқушы

1оқушы

 

 «Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі.  Мақсаты: Оқу әрекетінде және сыныптастарымен, мұғалімдерімен қарым – қатынасында туындаған қиындықтарды анықтау, қызығушылығын, ой- өрісін, тұрақтылығын дамыту, балаларды өзара жақсы қарым- қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Оқушылардың салған суреттері бойынша қорытынды:

Оқушылардың аты- жөні

Қорытынды

1

 

Сабитов Асанали

Өзін жоғары бағалайды. Оқу процесіне мазасыздық байқалмайды. Мұғалім мен оқушы арасында қарым - қатынас жақсы.

2

Орынбай Бекарыс

Өзін жоғары бағалайды. Ойын баласы, мүғаліммен қарым - қатынас сипаты алшақ. Мектепке деген эмоциялары жағымсыз сурет тустері күңгірт, мазасыздық байқалмайды.

3

Доскарин Айдың

Өзін - өзі бағалауы жоғары. Мұғаліммен қатынасы жақсы. Мектептен тыс жағдайлар қызықтырады. Жағымды эмоциялық жағдайын көрсеткен.

4

Калимжан Қайсар

Суреті қағаздың ортасында бейнеленген оқушыда барлығы жақсы. Оқу іс - әрекеті бейнеленген. Оқушы білім алуға дайын. Мектепке деген жағымды эмоция қалыптасқан

5

Жанатов Аңсар

Сурет салмаған. Оқуға, мектепке қызығушылығы жоқ. Мектептегі міндетін мойындағысы келмейді.

6

Ерболатұлы Сабит

Мектепке байланысты сурет салған. Оқушы мен бала арасында байланыс жоқ. Оқу іс - әрекетін бейнелеген. Сыныптастар арасында алшақтық байқалады.

7

Байзолла Абылай

Тапсырмадан тыс сурет салған. Оқуға деген қызығушылығы жоқ, оқу іс - әрекеті бнйнеленбеген.

 Қорытындылай келе,  1 сынып   жетекшісі  мен ата-аналар бірлесіп,  төмен ұпай алған оқушылармен  жекелей жұмыстар жүргізу, қазақ тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді   күшейту  қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді.

Ұсыныс:

  • Сынып жетекшісіне оқушыларға мейірімділік көрсетіп, қатандық танытпай, мадақтау мен жазалау әдістерін тиімді ұстанған жөн;
  • Зейін үрдісін дамытатын ойын жаттығуларды сабақ үстінде пайдалану;
  • Сабақта әр балаға жекелей тапсырмалар беріп, өзіңдік жұмыстарға тарту;
  • Сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатыстыру, өзіңдік ойын қалыптастыру;
  • Сабақ барысында төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен қосымша тапсырмалар беру арқылы дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • Оқушылардың кеңістік бағдары туралы түсініктерін дамыту, сабақ үстінде оқушының назарын мұғалімге, тапсырмаға бағытталуын қадағалау, нұсқауды оқушылардың дұрыс қабылдауын қадағалау.
  • Сыныпта оқушылармен топтық жаттығуларды, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын ойын – жаттығуларды өткізу.

 

  Бастауыш сыныптан орта мектепке өтуі – оқушылардың мектеп өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ал 5-сынып оқушысының бейімделуі – бала өміріндегі әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі мол кезең.
     5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуінің алғышарттарының бірі – оқушының өзінің оқу қызметіне басшылық жасау, оқудың мәні мен мазмұнын түсіне біліп, мақсатты түрде оқуға өзін жұмылдырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдылануы қажет. Бұл кезде оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі – оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін өз бетінше жүргізу.
     Бесінші сынып оқушыларының бейімделуін анықтауға қыркүйектен - қазан айы аралығында жоспар бойынша бекітілген   жұмыстар өткізілді: білім алушылардан Н.  Лусканованың «Оқу мотивациясын анықтау» тесті, «Экспрес» тесті,  «Алақай мен 5 сыныпта оқимын» түзету сабағы, «Буллинг және кибербуллинг» тақырыптарында ақпараттандыру іс – шаралары өткізілді.

5-сынып білім алушылардың алаңдаущылық деңгейін  бағалау үшін 15 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Сауалнамаға 8 оқушы қатысты, нәтижесі бойынша:

Ермеков Алишер

Қобалжу деңгейі төмен

Имамагзамова Жанель

Қобалжу деңгейі төмен

Қанатқызы Азиза

Қобалжу деңгейі орташа

Қалимжан Қайрат

Қобалжу деңгейі төмен

Қосымжан Рамина

Қобалжу деңгейі орташа

Тайшибай Ерден

Қобалжу деңгейі орташа

Оқушыларға оқуға қызығушылығын анықтау жөніндегі 10 сұрақтан тұратын Н.Г.Лусканова сауалнамасы берілді. Сауалнаманың әр сұрағы әр түрлі мағынада мектепке, оқуға, үзіліске, үй тапсырмасына, сынып жетекшіге, сыныптасқа, досқа, ата-анаға байланысты сұрақтар болатын.     Әрбір оқушы сұраққа өз ойын толық, анық, жетік жеткізген. Бұл сыныптың оқуға құлшынысы, қызығушылығы  орта деңгейді көрсетті. Оқушылардың зейіні, ойлау танымдылық қабілеті  жақсы дамыған, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты және  жеке орындай алады. Бұл сыныптың оқуға қызығушылығы  орта деңгейді көрсетті.

 

 

  1. Оқушылардың оқу мотивациясын бір қалыпты деңгейді ұстау.
  2. Зерттеу қорытындысы бойынша, 5 -сынып оқушыларымен  түзету, дамыту сабақтарын  жүргізу.
  3. Оқушының оқуға бейімделу қабілетінің  төмен түсіп кетпеуін, ата-ана мен  мұғалім қадағалауы тиіс.

 

Н.Г.Лусканова сауалнамасының қорытындысын негізге ала отырып 5 сынып оқушылармен «Алақай мен 5 сыныпта оқимын» атты түзету сабағы өткізілді.

 

Сабақтың мақсаты: 5 - сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо - педагогикалық қолдау көрсету.

Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
2. Жаттығу «Орнымызды ауыстырамыз».
3. Топтық ереже қабылдау.
4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?».
7. «Дос іздеймін» жаттығуы.
8. Кері байланыс. Қорытындылау.

Қорытынды: оқушылар түзету сабағына белсене қатысты, ойларын жеткізіп өздеріне деген сенімдері артты. Өздерін мақтау арқылы өздерін бағалау деңгейлері жоғарлады. Сыныпта психологиялық ахуал орнам достық қарым- қатынас жақсарды.

 

 

 

9 сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллингтен сақтану жолдары», «Зиянды әдет» алдын алу іс шаралары «Арман жолдар» атты тақырыптарда әңгімелер жүргізілді. Оқушылардың кездесу барысында эмоциялық көңіл – күйлері қалыпты, ойларын жетік жеткізе алатын, бөлісе алатын жасөспірімдер екендігі байқалды.

1-11 сынып ата – аналар жиналысында «Буллинг және оның әсері» тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізілді. Мақсаты: оқушылар арасындағы буллинг түрері, буллингке ұшыраған оқушы және буллингті ұйымдастырушы оқушының бойында кездесетін өзгерістер және буллинг болған жағдайда жауапкершілік ата-  анаға жүктелетіні туралы ақпарат берілді.

8-11 сынып оқушыларымен «электронды темесінің адам ағзасына зияны» ағартушылық, алдын – алу жұмыстары жүргізілді. Мақстаы: оқушыларды зиянды әдеттен алдын алу, денсаулықтың маңызы туралы ой қозғау.

6 сыныпта Филипстің сауалнамасы жүргізілді. Мақсаты: Мектептегі қобалжуды диагностикалау.

Диагностикалық талдау

Оқушының аты- жөні

Зерттеу нәтижесі

1

Асқар Ақылбек

Мектептегі жалпы мазасыздық – бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.

Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуы – бұл баланың табысқа жету, жоғары нәтижеге жету және т.б қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психологиялық фон.

2

Кеңес Нұрмұхан

Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуы – бұл баланың табысқа жету, жоғары нәтижеге жету және т.б қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психологиялық фон.

Мұғалімдермен қарым – қатынастағы проблемалар мен қорқыныш – бұл мектептегі ересектермен қарым-қатынастың жалпы жағымсыз эмоционалды фоны, бұл баланың оқу жетістігін төмендетеді.

 

3

Аузар Асем

Мектептегі жалпы мазасыздық – бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.

4

Байзолла Наргиз

Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуы – бұл баланың табысқа жету, жоғары нәтижеге жету және т.б қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психологиялық фон.

5

Казесхан Арсен

Мектептегі жалпы мазасыздық – бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.

6

Сабыржан Еркебулан

Мектептегі жалпы мазасыздық – бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.

7

Жанат Ерхат

Өзін — өзі көрсетуден қорқу – өзін-өзі ашу, өзін басқаларға көрсету, өз мүмкіндіктерін көрсету қажеттілігімен байланысты жағдайлардың жағымсыз эмоционалды тәжірибесі.

8

Темірбек Ерасыл

Мектептегі жалпы мазасыздық – бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.

Табысқа жету қажеттілігінің бұзылуы – бұл баланың табысқа жету, жоғары нәтижеге жету және т.б қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психологиялық фон

 

Қорытынды: оқушыларда  мектептегі жалпы мазасыздық басымырақ  – бұл баланың мектеп өміріне енуінің әртүрлі формаларымен байланысты жалпы эмоционалды жағдайы.

1 сынып оқушыларынан С.Г.Якобстың, В.Г.Щур «Баспалдақ» әдістемесін қолдандым. Мақсты: Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау

“Үйшік”  әдістемесі

Мақсаты: оқушылардың бейімделу компоненттері ретінде мазасыздық пен оқуға деген ынтаны диагностикалау.

Диагностикалық талдау:

Оқушының аты- жөні

Зерттеу нәтижелері

1

 

Сабитов Асанали

Қалыпты

2

Орынбай Бекарыс

Орташа

3

Доскарин Айдың

Қалыпты

4

Калимжан Қайсар

Қалыпты

5

Жанатов Аңсар

Қалыпты

6

Ерболатұлы Коңбай

Қалыпты

7

Байзолла Аблай

Қалыпты

 

Қорытынды/ ұсыныстар: оқушыларға оқуға психологиялық  ахуал туғызу, қобалжу, қорқу сезңмдерін алдын алу іс-шараларын өткізу. «Мен оқушымын», «Мен мектепке барамын» тақырыптарында кеңестер жүргізу. Ата – аналарымен тығыз байланыста болу.

Тәуекел тобындағы  балаларды анықтау мақсатында Ц.Д. Спилбергер және Ю.Л.Ханинаның «Ситуациялық мазасыздық пен тұлғалық мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі жүргызылды.

Диагностикалық талдау

 

Қорытынды: Сыныптағы оқушылардың  мектепке байланысты  мазысыздық деңгейін  зерттеу  нәтижесі барысында  жақсы   көрсеткішті  берді.

Ұсыныстар: қоршаған ортада өзін сенімді ұстау. Өмірдің маңызды сәттерін бағалау. Бойындағы қорқынышты жеңе білу.

8 сынып оқушыларымен “Өмір қымбатсың маған” түзету дамытушылық сабақ жүргізілді.

Мақсаты: өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтаны ояту. Өмір құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету, адам бойында болатын асыл  қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту, жақсы  қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден  жиренту, балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Өмір, қымбатсың маған!» психологиялық сабақ, түзете - дамыту жұмысын жүргізіп, әртүрлі өмірдің құндылықтары туралы бейнематериалдар көрсетіп, оқушыларға өмір қымбаттылығы жайлы ой салды.

Ұсыныс: 1. Шешілмейтін мәселе жоқ, тығырықтан шығатын жол бар.

2. Ішіңдегі сырыңды сенімді достарымен бөліс.

3. Ақмола облысы бойынша сенім телефоны 24 сағат бойы жұміс жасауды, хабарласып кеңес алуыңа болады. 87162502675 ,

Мектеп ұжымымен күзгі демасыл уақытында «Жақсы көңіл күй жанға қуат» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: өзара қарым – қатынас қабілеттерін дамыту. Жақсы көңіл – күй, жағымды психоллгиялық ахуал орнату.

Қорытынды: ұжым арасында өзара қарым – қабілеттерін жақсарды, көңіл -күйлері көтереліп, жағымды психологиялық ахуал орнатылды. Өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыру үшін «Кел танысайық» жаттығуы өткізілді. «Алақанға жан бітір» жаттығуы арқылы әріптестер ойларын бөлісіті. «А,О,У, ХА» жаттығуында әріптестер ішіндегі негативті, ашу – ызаны шығарды. «Құпия дос» әдісінде мұғалімдер 3 әріптесіне хат жазып почтаға салды, екінші күні жүргізуші хатты иелеріне таратты. Іс – шараның соңында «Гүл бүршігі» атты релаксция жасалып, кері байланыс жасалды.

2 сынып оқушылар арасында Т.Б.Морцинковская «Баспалдақ» әдістемесі жүргізілді. Мақсаты: Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау

Қорытынды: Әдістеме нәтижесінде 2  сыныптағы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі  жоғары, бір оқушы өзін бағалауы орташа деңгейді көрсетті.

Ұсыныс: сынып арасында оқушының беделін көтеретін іс әрекеттер жасау. Оқушыны ұжымға тарту.

1 сынып оқушылары арасында “Кішкентай көңілді была” тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушыларбойында жақсы мінез – құлықты қалыптастыра отырып, танымдық процестерін дамыту. Бір – бірімен қарым – қатынастарын жақсартып, бейімделуіне қолдау көрсету.

«Сәлемдесу» жаттығуында оқушылар шеңбер жасап, позитивті көңіл – күй орнады, балалар қимылдап бой сергітті.

«Төрт құбылыс» жаттығында оқушылар шеңбер жасап тұрып «Су» дегенде қолдарын алдарына созып, «ауа» дегенде қолдарын жоғары көтеріп, «от» дегенде екі қолдарын айналдырды, «жер» дегенде қолдарын түсірді. Шатасқан оқушы ойынан шығып отырды.

Оқушылардың зейінін тұрақтандыру үшін «Дайын бол» жаттығуын жүргіздім.

Тренингтің соңында оқушылар смайликті алып өз көңіл – күйлерімен бөлісті.

Қорытынды: оқушылар арасында танымдық қасиеттерін дамытатын жұмыстар жүргізу. Көңіл – күйлерін ескере отырып қолдап отыру

Ұсынып: ата -аналарына – баласымен қазақ тілінде сөйлесу. Қазақ тілінде ертегілер оқып түсінгендерін сұрау, қазақ тілінде тіл байлықтарын көбейті.

Мұғалімге: қазақ тілінде тапсырмалар беру.

 

2025 жылы желтоқсанның 1 мен 5 аралығында «Психология –  әлем» тақырыбында  психология апталығы өтті.

Мақсаты: психологиялық қызметті насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршіктерін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру.

Міндеттері: оқушылардың, ұстаздардың психологияға қызығушылығын арттыру.

Мектептің екінші қабатындағы фойеде психология апталығының көрнекіліктері, кеңестер стенд тұр.

01.12.2025ж. «Психология-әлем» атты психологиялық апталықтың ашылуы болып өтті. Оқушылаға нейрогимнастикалық жаттығулар ұсынылды. Бұл жаттығулардың көмегімен баланың миы тынығып, ойы дамиды әрі жұмыс істеуі жақсарады. Миды дамытуға арналған жаттығуларды үздіксіз орындау арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін дамытамыз, шығармашылық қабілетін ашамыз.

04.12.2025ж. “Біздің мектеп буллингке қарсы” ұранымен “Біз буллингкке қарсымыз” ақциясы өткізілді. Оқушылар буллинг туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Үзілістерді қызықты өткізу үшін “Көңілді үзіліс” ұранымен “Мюнстерберг” әдістемесі жүргізілді. Нұсқаулық бойынша көптеген әріптердің ішінен түтас сөздердің астын сызу жұмыс уақыты 2 мин. Оқушылар бұл әдестемеге қызығушылық тантып, белсенді қатысты.

05.12.2025ж. “Сіздің өміріңізде қара жолақтар болмасын” деген тілектепн “Бүгін сенің көңіл күйін қандай?” ақциясы өткізілді. Оқушылырға осы күнге жақсы тілектер жазылған тәтілер таратылды “Ерінбе, еңбек ет”, “Сенде барлығы жақсы болады”, “Сен әдемі оқушысың” т.с.с.

Әр бұлтты күнен кейін міндетті түрде күн шығады” ұранын негізге ала отырып мектеп ұжымына да жылы лебіздер жазылған түрлі түсті көбелектер таратылды. Әріптестер өздеріне ұнаған түрлу түсті көбелекті таңдап, оған жазылған жылы лебіздерді оқып шықты.

Апатның соңғы күні белсенді қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды. Олар: 8 сынып оқушылары Серик Амина, Сабыржан Жансулу, Бахытқызы Айдана. 7 сынып оқушысы Сабыржан Мухаммеджан. 4 сынып оқушылары Сабитова Айсана Серик Інжу Нұрбек Ақтілек

18.12.2025жыл “Мектептегі білім сапасын арттыру: мәселені шешудің әдістемелік жолдары” тақырыбында әдістемелік  семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын, көшбасшылық қаблілетті, кәсіптік құзыреттілікті жетілдіре отырып, білім беру сапасын арттыру.

Бұл кездесуде әдістемелік семинарға келген педагогтармен бірнеше тренингтің элементтері жүргызылды.

1. “Амандасу, танысу” жаттығуы

2. “Өзіме, көршіме” жаттығуы

3. “Кедергіні жеңу” жаттығуы

Қорытынды: педагогтар жаттығуалрға белсенді қатысып, жұмысқа жақсы көңіл күймен кірісті.

7-11 сынып қыздар арасында «Болашаққа қамқор» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс тәсілдерін жетілдіру, жас жаткіншіктер арасында ерте жүктіліктің алдын алу.

Дөңгелек үстел 7-11 сынып қыздарының арасында өткізілді. Алдын алу жұмыстың бастамасын мектеп мебикесі Марал Төреханқызына берілді. Мектеп медбикесі қыздардың физиологиялық өзгерістері, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің денсаулыққа тигізер зардабы туралы дәріс оқыды.

         Дөңгелек үстел тренингтің элементтерімен жалғасты. Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу тренингтің ережесі құрылды. «Мен кіммін?» жаттығуында қыздар өздерін таныстырып шықты. Қазақ халқы қыз баланы ерекше силап, құрметтегі туралы шағын дәріс оқылды. «Сөйлемді аяқтау» жаттығуында Қыз бала...... деген сөзді өз ойларымен аяқтап, жазғандарын оқып шықты.  «Менің отбасым неге ұқсайды?» жаттығуында қыздар отбасыларының қаншалықты қымбаттығы және отбасына деген құрметі туралы жазған. Гүл күлтесіндегі армандар қызардың  қаншалықты есейгендерін, армандарының асқақтығын байқауға болады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде қыздар арасында ерте ж.ктілік туралы пікір алмасып, болашаққа қыздың тәрбиесі, өздерінің іс әрекеттеріне саналы түрде қарау туралы кеңестер берілді.

 Дж. Мореноның социометрия әдістемесі 6 сынып оқушыларында жүргізілді.

Сыныпта оқшау қалған оқушыларды анықтап сыныпқа қосу мақсатысмен жұмыстар жоспарланды.

11 сынып оқушыларын ҰБТ – ге стрессіз дайындалы жолдары айтылып кеңестетер берілді.

“Отбасылық социометрия” әдістемесі жүргізілді.

Мақсаты: отбасындағы қарым – қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал – ахуалын тілелей және жанама түрде «қазір және осы жерде» анықтау.

“Сенімділік күш береді” тақырыбында 9,11 сынып оқушыларына кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: қобалжу деңгейлерін басу мақсатында кеңес беру.

  1. Емтиханға психологиялық тұрғыдан өалай дайындалу керек?

Сабырлықты сақтау, оңай нәрсені есте сақтауға тырысу. Ішкі кернеуді, шаршауды жеңілдету үшін жаттығулар жасау.

  1. Көздерің шаршағанда не істеу керек?

Көз шаршағанын басатын көз гимнастикаларын жасап отыру.

  1. Тамақтану

Тамақ дәруменге бай колориялы болу керек.

  1. Сабаққа арналған орын

Үстел үстіне сары және күлгін түсті зат қой, бұл түстер зияткерлік белсенділікті артады.

  1. Емтихан кезінде өзін қалай ұстау керек?

Емтиханға бір күн қалғанда ештеңе жасамауға тырыс. Демалып, алдағы емтихан туралы ұмытуға тысыру туралы кеңестер берілді.

  1. Стресті қалай жеңуге болады?

Стресстен тез арылудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – жаттығу, қозғалыс.

 

Қорытынды: емтиханға дайындықта денсаулықты да ойлау, жеңіл тақырыптан бастап қиын тақырыптарға қарай дайындалу.

 

Ұсыныс: уақытты үнемді пайдалану, күн тәртібін сақтау. Демалыс уақыттарында қозғалысты жұмыстар жасау.

 

9. сынып оқушыларымен “Ашу- ыза билегенде не істеу керек” кеңес, дамытушылық сабақ өткізілді. Мақсаты: оқушылардың агрессивті сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету. Рефлексивті механизімді белсендіру.

9. сынып оқушылары өзіне және айналасындағыларға зиянын тигізбей өзән қалай басақа алатындығы туралы талдау жасады. «Көрме» жаттығуында оқушылар жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялар мен, ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық және т.б. сезімдермен жұмыс жасай білді.

Талдау. Ренжіткен адамға қандай сөздер айттың? Сезімді білдіргенде тағы басқа қандай амалдары бар? Деген сұрақтарға жауап берді.

Ашуланғанжа немесе ренжігенде жағымсыз ойлардан қианатсыз арылу мақсатында оқушыларға «Бәтеңкедегі тас» жаттығуы өткізілді.  Әр оқушы жаттығу барысында «Бәтеңкемде тас жатыр, мен сөйлеп жатқанда сөзімді бөлген ұнамайды.....» деп ұнамайтын әрекеттерді айтты.

Оқушылар бір – біріне доп лақытырып ренжітетін сөз айтып артынан мақстау сөздер айтты. Ойларндыға жағымсыз ойларды, пікірлерді «Сілкін» жаттуғуымен қотындылады.

Қорытынды: ойын – жаттығулар арқылы мақсатыма жеттім. Оқушылар жаттығулар арқылы реніш, агрессия, ыза сезімдерін ортаға салып талқылады.

“Кибербуллинг зардаптары” тақырыбында ақпарат беру, ағартушылық жұмыс жүргізілді.

 Мақсаты: Кибербуллин туралы мәлімет беру. Кибербуллинг құрбаны және кибербіллер жауапкершілігі туралы ақпарат беру.

7 сынып оқушыларын кибербуллинг туралы түсінік берілді. – Мен кибербуллинг құрбанымын ба? – Қалжынды келемежден қалай ажыратуға болады? Оқушыларға жауап беруге мүмкіндік берілді. Кибербуллингтің салдары қандай жағдайларға алып кедлетіндігі айтылды. Егерде онлайн қоқытулар болса кімнен көмек сұрау керектігі талқыланды. Онлайн қорқытулар, келемеждеулер болған жағдайда оқушылардың іс – әрекеті  туралы талқыланды. Сенімді сөйлеу және жасөспірімдерді кибертуллинг туралы ата – аналарына айту керек екендігі сендірілді. Кибербуллингке ұшыраған досқа қандай көмек көрсете алатындығы айтылды.

Қорытынды/ұсыныс: оқушыларға көмек керек болған жағдайда немесе қойылмаған сұрақтар болса хабарласатын сенім телефондары берілді.

11 сынып оқушыларын ҰБТ- де жіне мамандық таңдауға психологиялық   қолдау жұмысы жүргізілді. Мақсаты: Стресстік жағдайлардағы мазасыздану деңгейін төмендету жолдармен таныстыру.

11  сынып оқушыларымен  «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?» тақырыбында ойын-жаттығу өткізілді. Оқушылар өздерін жайлы сезіну мақсатында «Ең қиыны....» жаттығуын орындап өттік. Өздеріне деген сенімділікті арттыру мақсатында жағымды қасиеттерді арттырып жаман қасиеттерден арылуға қадам жасадық, жағымсыз қасиеттерін жазып өтіп сол қағаздан арылдық, өздерін бағалауға үйреттік.  Алдағы тұрған жетістіктерге жету үшін, стрессті жеңуге ҰБТ тестінен жақсы нәтежесімен оралу мақсатында қар қиыршықтары жаттығуын орындап түсіндіріп өттік. Болашақта қандай жетістікке жеткісі келетінін қарастырып сұрақ–жауаппен пікірталас ұйымдастырдық. Қолтаңба арқылы оқушылардың мінез – құлықтарын анықтап қарадық. Ойын-жаттығу соңында допты қолдана отыра кері байланыс орнатып оқушылардың пікірлерін білдік.

Қорытынды: Ойын-жаттығу өз мақсатына жетті.  Оқушылармен әр – түрлі тапсырмалар орындадық және болашаққа деген көзқарас қалыптастырылды. Стресстен жеңіл өтуге жол көрсеттік, өздеріне деген сенімділікті қалыптастыруына ықпал жасалды.

8-9 сынып оқушылар арасында “Күйзелістен қадай арылуға болады” тақырыбында түзету - дамыту сабағы өткізілді. Мақсаты: Тұлғаның ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету. Тұлғааралық қарым-қатынаста туындайтын эмоционалдық күйселістің алдын-алу. Психологиялық тұрғыдан қолдау. Сенімділіктерін арттыру.

Сабақ “Күлімдеу” жаттығуымен басталда. Оқушыларға сабақта күйзелістен арылу жолдары, себептері туралы кеңестер берілді.

5-11 сынып  оқушылардың арасында Кэрол Рифф Кэрол Риффтің психологиялық әл-ауқат тесті (18 сұрақ)

Нұсқаулық:
Төмендегі тұжырымдармен қаншалықты келісетініңізді белгілеңіз.
1 – мүлде келіспеймін
2 – келіспеймін
3 – жартылай келіспеймін
4 – жартылай келісемін
5 – келісемін
6 – толық келісемін
 

1. Мен өзімді барлық артықшылықтарым мен кемшіліктеріммен қабылдаймын.

2. Өткен өміріме көңілім толады.

3. Өзіме деген көзқарасым оң.

4. Өмірімнің айқын мақсаты бар.

5. Күнделікті іс-әрекеттерім мағыналы.

6. Болашаққа деген жоспарларым мен үміттерім бар.

7. Өмірдегі жағдайларды бақылауда ұстай аламын.

8. Күнделікті міндеттерді тиімді шеше аламын.

9. Қиындықтарға бейімделу маған оңай.

10. Өз шешімдерімді өзім қабылдаймын.

11. Өз пікірімді өзгелердің қысымына қарамастан қорғай аламын.

12. Өз құндылықтарыма сай өмір сүремін.

13. Мен өзімді дамытып отырамын.

14. Жаңа тәжірибелерге ашықпын.

15. Уақыт өте келе өзгеріп, жетіліп келемін.

16. Адамдармен жылы әрі сенімді қарым-қатынас орната аламын.

17. Басқаларға жанашырлық танытамын.

18. Мен үшін жақын адамдармен қарым-қатынас маңызды.

Бағалау

Әр шкала бойынша 3 сұрақтың ұпайын қосыңыз.
Әр шкаланың ең төменгі балы – 3, ең жоғарысы – 18.
Жалпы балл: 36

Жоғары балл – психологиялық әл-ауқат деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

сыныптар

балылық оқушы саны

қатыскан оқушы саны

27-36

14-26

0-13

1

5

6

5

4

1

 

2

6

8

6

4

2

 

3

7

8

8

6

2

 

4

8

5

5

5

0

 

5

9

8

8

4

4

 

6

11

5

5

3

2

 

 

 

 

Мектеп педагог -психолгі:                Тукеева Г.Ж.

 

 

 


Текст