Мектеппен ата-аналар келісім шарты

Ақмола облысы Зеренді ауданы

«Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Мектеп және ата-ана арасындағы ынтымақтастық

 

Келісім шарт №_____________

 

 

Мен, төмендегі қол қоюшы ата-ана

 

______________________________________________________________________

                                                           (ата-ананың аты-жөні)

оқушы________________________________________________________________

                                                           (оқушының аты-жөні)

 

бір тараптан және «Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан мектеп директоры Бектурганова Г.Б. екінші тараптан төмендегіше келісім шартты жасадық.

  1. Мектеп міндеті
    • ҚР «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекітуге;
    • Оқушылардың Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапалы жалпы орта (негізгі) білім алуына жағдай жасауға;
    • Мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталған мектеп ережесіне сәйкес мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) бекітуге;

1) Білім беру ұйымында белгіленген киім формасын қатаң сақтауға міндетті;

2) Ұл балаларға – ақ көйлек, қара көк шалбар, костюм, қыз балаларға – көк көйлек, ақ, көк белдемше;

  • Жеке тұлғаның жан-жақты рухани дамуына қолайлы жағдай туғызуға;
  • Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету,
  • Білім алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
  • Қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
  1. Ата-ана міндеті;
    • Ата-аналар кеңесі арқылы мектеп әкімшілігі мен педагогтармен ынтымақтастыққа жұмыс жасауға және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
    • Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталған мектеп ережесіне сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауына жауапкершілік алуға:

1)  Білім беру ұйымында белгіленген киім формасын қатаң сақтауға міндетті;

2) Ұл балаларға – ақ көйлек, қара көк шалбар, костюм, қыз балаларға – көк көйлек, ақ, көк белдемше;

  • Білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға және баласының сабақ үлгерімі, тәртібіне бақылау жасауға;
  • Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
  • Балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;
  • Міндетті түрде ата-аналар жиналысына қатынасуға;
  • Балалары мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда қалпына келтіруге;
  • Мектепке баласын орналастыруға келгенде жеке іс қағазымен қамтамасыз етуге;
  • Балаларының міндеті түрде мектеп ережесін және ішкі тәртіп ережесін сақтауын қадағалауға және сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті;

Баламыздың толық әрі сапалы білім алуын қамтамасыз ету және оларды құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтардың алдын алу мақсатында өз жүрек қалауларымызбен төмендегі қолданыстағы заңнамада көзделген міндеттемелерді мойнымызға аламыз.

  • Сынып жетекшімен және мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста болу;
  • Ұлымды (қызымды) сабақтан себепсіз қалдырмаймыз, себепті қалған жағдайда анықтама немесе қолхат тапсыру;
  • Сабақтан бос уақытында және демалыс күндерінде ұлымның/қызымның өміріне жауапты болу міндетті;
  • Кешкі уақытта сағат 21.00-ден кейін ауыл көшелерінде қыдыруға, би кештеріне бармауын қадағалап, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексі бойынша өздеріміз жауап беруге міндетті.
  • Мектепке шығарып салып, сабақтан уақытылы келуін қадағалау.
  • Жол ережесін сақтауды еске салып тұру.
  1. Оқушы міндеті:
    • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
    • Міндетті түрде мектеп ережесіне және ішкі тәртіп ережесіне бағынуға;
    • Бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталған мектеп ережесіне сәйкес бекітілген мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісін (мектеп формасы) сақтауға міндетті:
    • 1) Білім беру ұйымында белгіленген киім формасын қатаң сақтауға міндетті;
    • 2)  Ұл балаларға – ақ көйлек, қара көк шалбар, костюм, қыз балаларға – көк көйлек, ақ, көк белдемше;
  • Мектеп мүлкін сақтауға және кітапхана қорын ұқыпты пайдалануға;
  • Сабақтан себепсіз қалмауға;
  • Өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, үйірмелер мен секцияларды таңдауға және қоғамдық жұмыстарға араласуға;
  • Білім беру ұйымдарын іс-шараларына қатысуға;
  • Өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге және өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
  • Күзгі және көктемгі мезгілдерде ауыстыратын қосымша аяқ киім әкелуге міндетті;
  • Ұялы телефон, қымбат заттар, ақшалар мектепке әкелуге тыйым салынады және мектеп жауапты емес.
  1. Қорытынды:
    • Мектеп әкімшілігі аталған келісім шартқа өзгерістер мен толықтыруларды оқушылардың ата-аналарының келісіммен педагогикалық кеңестің шешімі негізінде енгізе алды;
    • Аталған келісім шарт екі жақты (мектеп, ата-ана), қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
    • Келісім шарт алға қарай ұзарту жағдайымен ұзақтығы 3 жыл мерзімге жасалады.
    • Тараптар осы келісім шартта қаралған барлық шарттарды орындауға міндетті.
    • Келісім шарт 2 данада мемлекеттік тілінде жасақталған: біреуі-мектеп әкімшілігінде, екіншісі ата-анасында сақталады.
  2. Келісім шартқа қол қоюшы тараптар:

                                                                                         Ата-ана (Т.А.Ә): _______________________________

«Раздольный жалпы білім беретін                                                                                  

орта мектеп»  КММ                                                         

Мекен-жайы:                                                           Тұрғылықты мекен-жайы: ______________________

Раздольный ауылы                                                                            

 Комсомольского көшесі 4                                            

Тел: 33-7-43                                                              Жұмыс орны, лауазымы__________________________  Мектеп директоры: ______Бектурганова Г.Б.      Телефоны (үй, ұялы): ___________________________

                                                                                

М.О.                                                                                                         Қолы: ________________________