Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сезім мүшелері туралы не білемін?" сабак жоспары

01.02.2021

Сынып 2 «А»

Сынып жетекшісі Бейлхан Жайна

Зеренді ауданы Өзен ортан мектебі

Сабақтың тақырыбы

Сезім мүшелері туралы не білемін?
Я әріпінің жазылуы. Бақтияр неге ұялды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.4.1 – Я ,я дыбысы мен әріпті таныстыру,дауысты дауыссыз ерекшелігін еске түсіру

2.3.6.1 – сауатты оқуға ,жазуға дағдыландыру,ауызша жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету

2.4.1.1 әріптерінің емлесін сақтап жазу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды,

критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады..

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану. Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Тілдік құзыреттілік

Мұрын – нос  , тіл – язык  қол- рука

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1.Психологиялық сәт:« Ақ тілек, әсем күлкі »

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?
  • Керемет! ( қолдврын көтереді)
  • Сабаққа дайындықтарың қалай?
  • Тамаша! ( алақандарын шапалақтайды )
  • Ынталарың қалай?
  • Ғажап! ( қолдарын көтереді
  • Ендеше сабағымыды бастайық!
  • О,о,о ( бас бармағын көтереді )

2. «Шынжыр» әдісі арқылы оқушылардың білімін бекіту.

1) Я қандай дыбыс?

/қосарлы дауысты дыбыс /

2)Я әріпі қандай дыбыстардан құралған?

/ иа дыбыстарынан құралған /

3) И әріпінен кейін қандай дыбыс естіледі?

/И әріпінен кейін а дыбысы естіледі/

4) И әріпінен кейін қандай әріп жазылады?

/И әріпінен кейін я әріпі жазылады/

Оқушылар хормен айтады


 


 


 


 


 


 


 


 

Барлық оқушылар қатысады.


 


 

Жаңа сабақ

10 минут


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Сабақтың ортасы

10 минут


 


 


 


 


 


 

3).Жаңа сабақ . Саяхат. Ойын

— Балалар, біз бүгін сабағымызда Қазақстанның бірнеше қалаларына саяхат жасаймыз. Саяхатты өзіміздің көршілес қаламыздан бастаймыз, ол — Қарағанды. Бұл қалаға жету үшін мынадай тапсырманы орындауымыз керек.

А — «Шапалақ» ойыны. Сөздер айтылады, солардың ішінде Я дыбысы естілсе бір рет қол соғамыз. Мысалы, сақина, қияр, Жайық, қария, әдепті, дария.

— Сонымен біз Астана қаласына келдік. (әр қаланы картаға жапсыру)

Ә — Қызыл-көк көрнекіліктермен жұмыс. (сигналдық карточкалар)

— Біз Бурабай туристік жеріне жетуіміз керек. Ол үшін тапсырма: У дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба аңықтау. Дауысты болса қызыл, ал дауыссыз болса көк карточканы көтереміз. Мысалы: ауа, су, тау, әуе, ту, жазу.

— Сонымен біз Бурабайға да жеттік.

Б — «Орамал тастау». Бір-біріне орамал тастап, Я дыбысы бар сөздерді айту.

— Ал енді біз Павладар қаласына жеттік.

В — «Сандықтарға дұрыс сал». Бір-бірден шығып әр сандыққа сөздерді салады. Мысалы: Сия , мая, қиял, тақия, ұят, Аян, қияр.

— Сонымен біз мұнай астанасы — Атырау қаласына келдік.

 

4).Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

57-жаттығу.

Мәтінді дауыстап оқы.

Мәтін не туралы?

Саят қандай бала? Бақтияр ше?

Осы сұрақтардың жауабын балалар топта талқылайды.

Бақтияр неге ұялды деп ойлайсыңдар?

Оның орнында болсаңдар не істер едіңде

5).Дәптермен жұмыс.

58,59-жаттығу. Топтық жұмыс.

60-жаттығу.

Жұмбақты оқып, шешуін тап. Шешуіндегі сөзбен әңгіме құра.

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

Жұмбақтың шешуіндегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.


 

Ойын сабақ


 


 


 

Шапалақ ойыны


 


 


 


 


 


 


 


 

Орамал тастау ойыны


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Сергіту сәті

2 минут

Жаңбыр, жаңбыр себелеп,
Тырс-тырс етіп төбеме
Күркіре күн тарсылда
Найзағайым жарқылда.
Көк шалғынды аралап
Тәтті жидек теремін,
Жуып берсең жидекті
Өлең айтып беремін.

Балалар қимылдап сергіп қалады

Аяқталуы

Қызықты тапсырма

8 минут


 

6)1 топ.«Кімде не бар?» ойыны

Құста-қанат, адамда -......

Мысықта –тұмсық, адамда-.....

Машинада-мотор, адамда-.....

Бұзауда-төрт аяқ, адамда-....

2 топ«Не өзгерді ойыны?» Сөздерді салыстыр.Олардың айырмашылығын әңгімелеп бер.

шаң – таң , тағала – шағала, сана - сона

аула – сула , Самат –Самал , Әли – Әди.

3 топ «Саған кім болады?»

Әкеңнің әкесі –

Әкеңнің анасы –

Өзіңнен үлкен ұл –

Өзіңнен үлкен қыз –

Өзіңнен кіші қыз –

Өзіңнен кіші ұл –

Әпкеңнің күйеуі –

Ағаңның әйелі -

 


 


 

Сабақтың соңы

5 минут

Сабағымызды «Дұрыс тап» ойынымен қорытындылайық.

  • Тақтаға 3 топтан бір оқушыдан шығарып, тақтадағы қияр мен тақия қоян суретіне дыбыстық талдау жасату.

Қ И Я Р Т А Қ И Я Қ О Я Н


 

Қорытынды:


 


 


 

Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
— Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
— Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.


 

Смайликтер


 

Кері байланыс

3 минут

«Білім ағашы» кері байланыс

 


 

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


 

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


 

 
Просмотров: 526


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст