Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі пәнінің мұғаліміне мінездеме

15.02.2021

                                                          Ақмола облысы білім басқармасының 

                                                                   Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі

                                                       «Өзен ауылының жалпы орта   

                                                       білім беретін мектеп» КММ-нің

                                                       қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің  

                                                       мұғалімі Жагслаг Гүлмайраға

 

 

                                           Мінездеме
 

         Жагслаг Гүлмайра 2015 жылдың қараша айынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Білімі арнайы орта. Бүгінде педагог-модератор санатындағы мұғалім. Ол өзінің аз ғана еңбек жолында біршама жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 
Сабақ беретін сыныптарында өзінің арнаулы іс-жоспары бойынша жұмыстар жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін оқушыларға арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.

         2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Қызықты грамматика» тақырыбында сыныптан тыс шарасы, М.Әуезовтың «Көксерек» тақырыбындағы ашық сабағы «өте жақсы» деп бағаланды. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, әрптестеріне де көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол екі баланың анасы, аяулы жар. 
         Жагслаг Гүлмайра алдағы уақытта да өз мамандығының шебері, заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз болатынына сеніміміз мол.


 

 

 

       Мектеп директоры:                                 Бектурганова Г.Б
 

Просмотров: 4618


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст