19.03.2021
                          Штаттық режимде  оқытуды  ұйымдастыру туралы
                       Өзен мектебі    бойынша   ақпарат
       Өзен мектебі шағын жинақталған мектеп болғандықтан биылғы оқу жылын штаттық режимде оқытуды ұйымдастырдық. Барлық оқушылар саны 96 , оның ішінде 6 оқушы мектепалды даярлық тобында. Шағын орталықта 20 тәрбиеленуші бар. Мектеп екі аусымда оқиды, бірінші аусымда 47 білім алушы, яғни 1,7,8,9,10,11 сыныптар, ал екінші аусымда 43 білім алушы ,олар 2,3,4,5,6  «А», 6 «Б» сыныптар.ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына 1- қосымша «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік  ұсынымдар» нұсқауды негізге ала отырып оқу үрдісі жоспарланды.
	- Сабақтың басталу және аяқталу  уақытын көрсете отырып икемді сабақ кестесі мен қоңырау кестесі құрылды
 
	- Кабинеттік жүйеден бас тарту негізінде әрбір сынып бекітілген кабинетте оқиды
 
	- Білім алушылардың  сыныптан сыныпқа жүріп тұруына тиым салынады
 
	- Мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын мектеп медбикесі өлшеп арнайы тіркеу журналы белгілеп отырады. Оқушыларға  және жұмысшыларға арналған журнал бар.
 
	- Мектеп кіре берісінде санитайзер антисептик құйылған және дезинфекциаланған кілемше бар.
 
	- Білім алушылар бір бағытпен кіруі, шығу  белгілері қабырғада көрсетілген. Бірінші және екінші қабаттарды арақашықтық белгілері де бар.
 
	- Кабинеттерде оқушылардың оқу үстелдері бір бірінен 1 м қашықтықта орналасқан.
 
	- Әр екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау, желдету, кварцтау жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмыстары орындау нәтижесі арнайы дәптерлерде жазылып көрсетіледі.
 
	- Маска кию режимі үнемі қадағаланып , қолданылған маскалар салуға арнайы жәшіктер бар. Жұмыс соңында олар жойылады.
 
	- Мектеп қабырғаларында «Маска кию», «Қашықтықты сақта», «Жақыныңа жанашыр бол» т. с. шартты белгілер ілінген.
 
       
Дайындаған мектеп директорыБектурганова Г. Б.