06.04.2026
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау туралы
Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қабылдау 2026 жылдың 10 маусымы мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттарды тапсыру eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүргізіледі.
Мектептер бірінші сыныпқа алты жастан бастап және 2026 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды қабылдайды.
Мектептердің қызмет көрсету аумағы бекітілген. Қабылдау кезінде дайындық деңгейіне қарамастан, осы аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Ата-ананың немесе басқа заңды өкілдің белгіленген үлгі бойынша өтініші;
2. Медициналық құжаттар:
– № 065/у нысанындағы «Профилактикалық екпелер картасы»;
– № 052-2/у нысанындағы «Бала денсаулығы паспорты»;
3. Баланың 3×4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.