Текст
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы балаларымыз үшін жаңа білімнің, жақсы жетістіктердің, қызықты жаңалықтардың бастауы болсын! Әр баламыздың қадамы нық, оқуы озат, арманы асқақ болсын!
Бала тәрбиесі жолында ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық әрдайым берік болып, Бірлесе еңбек етіп, балаларымыздың сапалы білім алып, жақсы азамат болып қалыптасуына үлес қосайық.
Баршаңызға отбасылық амандық, денсаулық, береке және мол табыс тілеймін!
Жаңа оқу жылымыз сәтті де жемісті болсын!
Ізгі ниетпен, мектеп әкімшілігі