Текст
01.09.2026
«Мектепке жол» акциясы бойынша есеп
2026-2027 оқу жылы
Биылғы 2026-2027 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы бойынша Зеренді ауданының білім бөлімінен 2 қыз балаға мектеп сөмкесі берілді.
"Мектепке жол" акциясы аясында Кусеп селолық округі Әкімінің ұйымдастыруымен, "PTR Group" ЖШС-нің демеушілігімен 1-сынып оқушыларына және көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына яғни әр балаға 10000 (он мың) теңге көлемінде ақшалай көмек берілді.
Округ әкімі К.Т.Сарсенбаев 1-қыркүйек Білім Күніне арналған салтанатты шараға қатысып, 1-сыныпқа қадам басып жатқан бүлдіршіндерге ақ тілегін білдіріп, өз қолымен табыстады. Демеушілерге зор ризашылығымызды білдіреміз.