Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәт сапар, жас түлек!»

02.07.2021

                                                  Сәт сапар, жас түлек!»

Аттестат алу салтанатты жиынының сценариі
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

1. Өтетін орны: Актовый зал

2. Өтетін уақыты: 14.06.2021ж. сағат 10.00де

3. Қатысатын сыныптар: 9, 11-сынып

4. Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, гүлдер.

5. Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер

 

Жүргізуші:

 Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.
2020 - 2021 оқу жылында 3 шәкіртіміз – 11 сынып, 10 оқушымыз – 9 сынып білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.


Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Әнұран ойналады.)

Жүргізуші:

Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек» атты мерекелік кеште сөз кезегі мектеп директоры Бектурганова Гульбаршин Бексултановнаға  беріледі
 

Жүргізуші:

Жас түлек Темірбекқызы Арайлым ардақты ұстаздарына арналған өлең шумағын қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз 

 Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
ұлағатты ұстаздарға, ардақты ата-аналарға ---------------------- --------------------------------------------------------------------------беріледі.

Жүргізуші:

 

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй! – деп Абай атамыз айтқандай кезекті -------------------------- орындауындағы әсем әнге берейік.

 

11 сынып «Мектебім»

 

9 сынып «Прощай, школа»

 

Жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

 

9,11 сынып дайындаған флешмоб

 

Жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын – дей келе, ең басты болашаққа қадам жасағалы отырған жас түлектерге арналған аттестат  тапсыру рәсімін бастайық.

           Осы  сәтті, осы күнді, осы уақытты есте сақтаңыздар!

Аттестат тапсыруға мектеп директоры Бектурганова Гульбаршин Бексултановна мен оқу ісінің меңгерушісі Хабал Ардах шақырылады.

9 сынып түлектер:

1 Ерболатұлы Рүстем

2.Дәуетқызы Мадина

3. Карим Данияр

4. Кенес Жазира

5. Қапез Мейірман
6. Молдагайсин Ерназар

7. Орынбай Әдия

8. Сатанбекова Томирис

9. Токсанова Аружан

10. Шохан Айдар

Жас түлектер:

  1. Ержан Алуа
  2. Кенес Арайлым
  3. Темирбекқызы Арайлым


Жүргізуші:

Сапарларыңыз оң болсын! деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз


Жүргізуші: Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст