Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 қыркүйек білім күні

02.09.2021

                            1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий
Фанфар ойнатылады

Жүргізуші:
          Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді қонақтар мен ата – аналар!
          Армысыздар ардақты балауса балдырғандар! Биылғы 2021 – 2022 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата – аналар, аяулы бүлдіршіндер! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

 ән «Көк тудың желбірегені» баяу ойнатылады

         АӘД мұғалімі:
            Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.

             Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын

Жүргізуші:
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 – сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.

 

 

 Ендеше, бірінші сынып оқушыларын құрмет – қошаметпен қарсы алып, құттықтайық!
 

1«А» сынып оқушылары,
Калимжан Қайсар

Тайшибай Ерден

Қанатқызы Азиза

Әлімтай Айша

          сынып жетекшісі Асқар Науырызгул

 

1 «Б» сынып оқушылары,

Рашид Нұрәділ

Ермеков Алишер

Қосымжан Рамина

Талғат Нурай

             сынып жетекшісі Жолдыбаева Нурсулу Нурлановна


Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл – Фараби, Омар, ғалым Абай да.
«Алғашқы қоңырау» мерекесін ашу үшін және 1 сынып оқушыларына салтанатты түрде «Әліппе» кітабын тапсыру үшін сөз кезегі мектеп директоры Бектурганова Гулбаршин Бексултановнаға беріледі.

Музыка ойнатылады


Жүргізуші:
«Мектепке жол» акциясы бойынша мектебімізге 1 сынып оқушыларын және тұрмысы төмен, көпбалалы отбасын құттықтап, біздің қуанышымызға ортақтасу үшін бүлдіршіндерімізге тілектерін білдіріп, сыйлықтарын табыстауға  келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. ТОО «Грин Азия» өкілі

2 ТОО «Зеренді  сақтау өнімдері» өкілі
 

Жүргізуші:
1 сынып оқушылары өздерінің жүрек жарды тақпақтарымен билерін арнайды.

Қол жеткізген аңсаған арманына.
Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан, ата – анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата – ананы – сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата – аналарымызға береміз. ата – анасы ___Жибек апа, Айсулу апа_______ортаға шақырамыз.
 

           «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімі 1 сынып оқушысы Калымжан Қайсармен Қосымжан Раминаға беріледі.

         АӘД мұғалімі:

 Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде шығарылсын.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ата – аналар, ұстаздар! Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Халқымыз аман, еліміздің беделі асқақ болсын! Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Құрметті оқушылар сіздерге білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, білімді азаматша, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілеймін. Асқар шыңдарды бағындырыңдар.

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне»

арналған  мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Просмотров: 1009


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст