Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еріктілер жұмысын дамыту

25.11.2021

             Волонтер – латын тіліннен шыққан сөз, қазақша аудармасы Ерікті.                       Еріктілер – қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін елдің шынайы патриоттары. Біреуге қол ұшын беріп, қолдау көрсету, көмек қолын созу ең басты жүрек қалауы. Адамның қалауы бойынша өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласуы. 

          Еріктілер қоғам үшін атқаратын қызметтерін азаматтық борышы деп санайды. Өзгенің жағдайын жасау, көңілін табу, жәрдем ету - ақысыз, жан рахаты үшін атқарылады деп санайды.

          Волонтерлік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке өздігінен-ақ қадам басады.
                   Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-шы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Еріктілер жылында еріктілер жобаларын бірнеше бағытта ұсынылды.

 Атап айтар болсақ, 1-«Сабақтастық» бағыты бойынша еріктілер балалар үйлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қамқорлық көрсете алады.

2-«Саулық» медициналық бағыты бойынша еріктілер науқастарды, мүгедек жандарды күтуге көмек көрсетеді.

 3- «Таза әлем» бағыты қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету. 4-  «Қамқор» бағыты қарттар үйіндегі, жалғызбасты ата әжелерге қол ұшын созу еріктілер жұмысына бағытталса,

5-  «Асыл мұра» бағыты еріктілерді халқымыздың материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұрасын сақтауға шақырады.

6- «Білім» бағыты ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ерікті көмек көрсету бойынша жұмыс жасамақ.

7- «Үміт» жобасы Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталатын болады.

                Осыған орай  2020-2021 оқу жылы «Қайрымды болайық!» еріктілер клубы құрылды.  Клубымыздың мақсаты:

- ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

- «Қамқор» бағыты бойынша Көмекке мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету

- «Таза әлем» жобасы арқылы қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету.

             Жоғарыда айтылған бағыттар бойынша біз  осы 4 бағытпен жұмыс жасаймыз 1-«Сабақтастық» 2-«Саулық» 3- «Таза әлем» 4-  «Қамқор» бағыттары

Біздің Ұранымыз: Қайрымды болайық,

                            Жақсылық жасайық,

                            Осы өмірде әр жанға,

                            Күлкі, қуаныш сыйлайық.

            Клуб мүшелері сегіз мұғалім құрамынан тұрады. (4 ер адам және 4 қыздар құрамынан) бос уақытымызда жалғысбасты әжейлерге, мүгедек жандарға көмектесеміз, еріктілер тобы әр уақытта дайын. Мұғалімдер өз еркілерімен топқа қосылды, топ құрамындағы әр мұғалімнің ең басты қасиеттері: рухани- адамгершілік, рухани сүйіспеншілік, мейірімділік, сыйластық, түсінушілік, қайырымдылық, қамқоршылық.

           «Қайырымды болайық» еріктілер клубының жеке жоспары құрылған, арнайы папка жасалған. 3 волонтеріміз арнайы Еріктілер жетілдіру курсын оқып, сертификатталынған. Осы 2 жылда аудан бойынша көп жетістіктерге жетіп жатырмыз, алдағы қойған  жоспарымыз

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы адам сауаттылығын көтеру;
  • Ақпараттық қолдау көрсету;
  • Мұқтаж жандарға көңіл – күй сыйлау;
  • Адам бойына риясыз сүйіспеншілік ұялату,  жалпыадамзаттық құндылықтарды бірінші орынға қоюға ұмтылу;
  • Табиғатты қорғау (жан-жануарларға, ағаштарға аяушылық танытып, аялау);
  • Қоқыс жәшігін орнату (әр ауылдың, ауданның, қаланың мәселесі);
  • Көгаландыру;
  • Әкімшілік- қоғамдық жұмыс орындарында көңіл күй көтеретін ойындар ұйымдастыру, жадынамалар тарату;

            Барлық мектеп ұжымдарын осындай ең басты ұйымшыл еріктілер тобын ашуға тілектеспін, тек бәріміз бірімізге күлкі, қуаныш сыйлайық.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст