Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні

08.04.2019

Өзен ауылының Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
  4 жыл қатарынан біздің ауылымызда Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Көрші ауылдардан қонақтар келіп, тойымызды көріп, қызықтап кетеді. Қанжығаларына ұтыс сыйлықтарын байлап, қуанышпен оралады.

       Ауылымыздың қыз-келіншектері бауырсақтарын пісіріп, дастархандарын жайып, көжелерін дайындап, өз қонақжайлықтарын танытып, келген қонақтарды қарсы алады. Жыл сайын ауылымыздың жігіттері бастаған мерекеміз ойдағыдай өтеді деп айтуға болады. Ауылымыздың Ерхатов Оразгали, Ахметжанов Ақылбай, Калипенов Азамат, Бектемиров Кайрат, Аузар Темирбек, Сатанбеков Сеилхан, Мухамедьяров Нуржан, Мусин Мақсат, Бектурганов Бахтияр, Аткенов Мырзабек, Айпхан Ерболат, Имамагзамов Ильяс, Наймантаев Саян, Конурбаев Аслан атты жігіттеріміз ат салысып, өздерінің уақыттарын бөліп, күні-түні демей киіз үйлерін тігіп, қойларын сойып, жарыс ойындарын дайындап, көп еңбек атқарады. Әр жыл сайын Хавыл Шохан ауылым, елім үшін деп өз киіз үйін ортаға тігіп, орнатып отырады. Ауылымыздың азаматы Шоханға алғысымыз шексіз. Осы тойға демеушілік көрсеткен ағаларымызға тоқтала кетсек; ТОО «Грин Азия», Шарипов Тулеген, Ахметжанов Мереке, Бапар Шыңғыс, Рамазанов Марат, Далелхан Бекнур, Кусайнов Жанат, Мухамедьяров Берик, Калипенов Ринат, Азат ауылының тұрғыны Даут ағамыз және Большой Изюм ауылынан Самат атты жігіттерімізге мың алғыс. Алла қаласа алдымыздағы жылы 5 жылдық тойымызды тойлауға жоспарымыз ерекше, соған аман есен жеткізіп, еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, осыдан да үлкен той жасауға тілектеспіз. Ауылымызды бірліктен айырмасын.

 

                                                                    Ахметжанова Замзагуль Талгатовна

                                                                                      Өзен ауылының келіні,                    тәрбие ісінің меңгерушісі               

Просмотров: 313


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст