Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәт сапар, Ақ жол, Жас түлек

11.04.2019

«Сәт сапар, ақ жол, жас түлек» мектеп бітіру кеші

1ж: қайырлы кеш ардақты, қадірлі түлектер, ұлағатты ұстаздар, кұрметті оқушылар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.

2Ж: Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және түлектер! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

1Ж: түлек ұшып түлектер,
Өмірге қанат қақпақшы
Дүрсілдеп соғып жүректер,
Жарылып гүлін ашпақшы - дей отырып бүгінгі мерекенің иелері 2019 оқу жылының жас түлектерін ортаға шақырамыз.

Музыка ойналып тұрады

2Ж: Коптилеу

Өмір мәнін білетін,
Табар істің ретін.
Көптилеу деген бұл жігіт,
Тыныш өмір сүретін.
Көп сөйлеуді ұнатпай,
Жымыиып ғана жүретін.

Спортты жаны сүйеді

Салауатты өмір сүреді

Бар қоғамдық жұмыстың

Ортасында жүреді .



1 ж. Аида
Шемішкеше шешеді матемді
Қазақ тілінен біледі – са, - сеңді
Руский диктант алып бар,

 түзетіп береді қатеңді.

Талабы ары асатын асқардан,
Мінезі ашық баршамызбен дос болған.
Аида деген түлегіміз келеді,
Биылғы жыл 11 а - ны басқарған.

 Деп Аиданы ортаға шақырамыз.
 

2 ж: Дауиржан

Мінезі бар салмақты,
Өнері бар жан – жақты.
Дәрігер болар ертең ол,
Биологияны таңдапты.

Бойында үлкен намыс бар

 Әрқашан алға ұмтылған

 Сегіз қырлы,бір сырлы

Намысшыл жігіт Дауиржан

1ж: Жансая

Менделевтың 108 элементін,
Жаттап алып көрсеткен кереметін.
Қуаныштай химик алдарыңда,
Доп көрсе қуып алып жөнелетін.

Биікке самғау мақсаты

Алғыр,зерек,талапты

Көркем шығарма оқудан

Алдына жан салмайтын

Қошеметтеп қанекей

Жансаяны Қарсы алайық

2 ж: Нурай

Жалғандыққа ешқандай көне алмайды,
Өтірік мақтанудан алаңдайды,
Нұрайлы, сабырлы біздің Нұрай,
Қой аузынан ешқашан шөп алмайды.
Алса да аздап көп алмайды.
Өнерімен бата алған сүйікті елден,
Таланты бар бойында жиып терген.
Көрінеді деп сенеміз биіктерден

1 ж: Дильназ

Дильназ десе ажарлы,
Ұшқын атқан жанарлы.
Болашақ педагог
Шақырамын Дильназды.
Тон пішкен үлгі көріп анасынан,
Көркі бар қызыл гүлдей дара тұрған.
Дильназ  білім нәрін жинаған қыз.

2 ж: 

Шәкірт әр кез бағамдар,
Ұлағатын ұғып мың.
Ата-анаңдай алаңдар
Жетекшісі сыныптың.

Ақылымен қыр астым,
Еңбегі анық білінді.
Намысы үшін кластың
Бізбен бірге жүретін

11 А сынып жетекшісі Оралов Ш.М шақырамыз

Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.
- «Сәт сапар, ақ жол, жас түлек» мектеп бітіру кешіне  9 сынып тобының орындауында би. Қарсы алыңыздар. 
 

 2 Ж:Бұгінгі

«Сәт сапар, ақ жол, жас түлек» мектеп бітіру кешіне 5 А сынып оқушыларын өз құттықтауларымен ортаға шақырамыз

1Ж: Ортаға 6 сынып оқушыларын шақырамыз

2Ж: 10 сынып қыздарын би шашумен қарсы аламыз.

1 ж: 7 сынып оқушыларын шақырамыз

2 ж: 8 сынып

1ж: Ән 8 сынып қыздары

2ж: 9 сынып

1ж: 10 сынып

І жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты , толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын! Сендерге сәттілік тілейміз! Жолдарың ақ болсын!

Просмотров: 1653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст