Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының тілдері онкүндік мерекесінің қорытындысы

21.09.2022

Қазақстан халқының тілдері  онкүндік  мерекесінің қорытындысы.

2022-2023 оқу жылы

Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қазақстан халықтары тілдері онкүндігі 5-16  қыркүйек арасында жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.

 «Ахмет және тіл тағылымы» атты онкүндігі 5 қыркүйек күні тіл туралы өлеңдер мен қанатты сөздер оқылып ашылуы салтанатты  түрде болды. Мектебіміздің қазақ тілі,ағылшын тілі,орыс тілі,Қазақстан тарихы,бастауыш сынып мұғалімдері мен   шағын орталық,мектепалды даярлық сыныптары тегіс ат салысты.

Мектептің кітапханашысы Конурбаева А.Е «Дәуірдің жарық жұлдызы»атты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

      

 «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы»атты әдеби кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 5-11 сынып арасында ұйымдастырды. «Ахмет-ұлт ұстазы» тақырыбында  эссе жазудан 10 сынып оқушысы Қайролла Шолпан үздік деп танылды. А.Байтұрсынұлы «Ұлы -педагог» дөңгелек үстел орыс тілі пәні мұғалімі Мустафина К.М. 7-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында 12 қыркүйек күні өткізіп ұлы педагогтың еңбектері  туралы сөз бөлісті.  Хабал А. 10 -11 сынып оқушыларымен «Өнегелі өмір» (М.Әуезовтың туғанына 125 жыл) танымдық сабақ өткізді.

«Ауылым -алтын бесігім»бастауыш сынып пен балабақша бүлдіршіндері арасында сурет байқауына шағын орталық,мектепалды даярлық сынып барлық бастауыш сынып  оқушылары қатысып ең үздік деп 4 сынып оқушысы Кенес Нұрмұхан мен шағын орталықта Айтмұханбет Әсем жеңімпаз атанды.

 Бүлдіршіндер  арасында «Бала тілі –бал» атты мәнерлеп оқы байқауы ұйымдастырылып ең үздік деп танылған бүлдіншіндер марапатталды.

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген он күндіктің жабылу салтанаты 16 желтоқсан күні өткізіліп Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері мен мысалдарынан көрініс қойылып тіл туралы өлең жолдары оқылды.Ұлтымыздың ұлы тұлғасының еңбегі мен өмір жолы дәріптеліп болашақ ұрпаққа үлгі болды.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст