Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен таңдаған өмір» тренинг

05.02.2018

«Мен таңдаған

өмір» тренинг

Мақсаты: Оқушының өмірге

дген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту. өмірді сүйе білуге

тәрбиелеу 

Керекті құралдар: плакат,

түрлі-түсті қағаздар, тапсырмасы бар балықтар, интерактивті тақта.

Барысы:

Психолог

сөзі:

Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген

жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау

сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады.

Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын

білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың”

деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де

көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз Олай

болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде

бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

Тренингті бастамас бұрын келісім шартқа отырып алайық.

1. Өз ойын ашық айту.

 2. Өзгенің пікірін құрметтеу.

 3. Шынайылық.

 4. Белсенді әрекет ету.

 5. Өз сезімін басқара білу.

 6. Уақытпен санасу.

І. «Өрмекші  торы» жаттығуы

Домалақ 

жіпті  бір-біріне  беріп тілек 

тілеу.

2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.

Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға

жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.

(қатысушылар іштей екі топқа бөлінеді).

Адам не үшін өмір сүреді?

- - Үлгілі отбасын құру үшін.

- Білім алу үшін.

- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.

- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.

- Өзін өзгелерге таныту үшін.

Өмірден өз орнын табу деген не?

- Жоғары атаққа ие болу.

- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.

- Тату және берік отбасын құру

- Адал достар көп болу.

- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.

Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам

бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Еңбекқор, адал, әділ болу

- Қабілетті, дарынды болу.

- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.

- Адамдармен тіл табыса білу.

ІІ. Жаттығу. «Ойлануға арналған

сұрақтар»

Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әр біреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың

әр қатысушысы «сұрақтар жауап береді», аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады

да, өз сөздерімен аяқтайды.

«Балықтардағы аяқталмаған сөйлемдер»

Ең үлкен қорқыныш

–бұл   ..........

Мен мынадай адамдарға

сенбеймін  .......

Мен ренжимін, егер  

.........

Мен ұнатпаймын, егер........

Маған көңілсіз, егер ........

Егер маған дауыс көтерсе ,

мен  .......

Мен қарсыласқанда  ......

Егер мен сенімсіз болсам,

онда  ......

Психолог: Сөйлемді

аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік,

сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесекөңілсіздік

болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Олар әрине біздің

ата-анамыз, бауырларымыз, достарымыз.

ІІІ. Қай ағашты таңдайсыз? Психологиялық тест.

 

Рефлексия:

бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін

жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.

 

Просмотров: 1470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст