Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика пәнінен жаңартылған білім

10.08.2017

Салеметсіздерме

құрметті әріптестер, мен Ақмола болысы, Зеренді ауданы, Раздольный жалпы білім

беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Коктиева Жанар Алпысбаевна

Сіздердің назарларыңызға

Информатика сабағын жоспарлау бойынша

таныстырылым ұсынамын

Сабақ мақсатын

тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі

тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаған жөн.

Бұл:

- сабақта

мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар

аударуға;

- сабақты

жоспарлауды жеңілдетуге;

- оқуды бағалауды

жеңілдетуге;

- оқыту мен оқуды

бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.Пән аясында оқушылар қол жеткізуі көзделетін

оқу мақсаттары

оқу бағдарламасындаұсынылған. Оқушылардың осы оқу мақсаттарына қол жеткізуін

қамтамасыз ету үшінмұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған жаттығуларды және

өзінің кәсіби шеберлігінпайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді

қолдана білуіне әдістемелікқолдау көрсетіледі .

Тілдік мақсатқа жету үшін оқушының

өз ойын еркін айтуына ықпал ететін дағдыларын дамытуды ынталандыратын және

қолдау көрсететін орта қалыптастырылуы тиіс.

 

Белсенді оқу барысында барлық

оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқуортасын

қалыптастырылады

- оқушылар мен мұғалім арасында

сенім мен ынтымақтастық ахуалы

қалыптасады;

- сенімді, жауапты, белсенді,

жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,рефлексия жасай білетін

оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етеді;

Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерлі

қолданып оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар

қолданылды

- алға қойылған оқу

мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты

тиімді өткізу үшін

материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдаландым.Сыныпта

ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық ортақалыптастыру

үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардыңөзіне беретін

бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімінұялату

үшін оқушылармен түрлі жаттығулар, сергіту сәтін өткізуге жоспарладым. Ойын

түрінде өткізілетінжаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен

оқушылар арасындағытығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады.

Сыныптағы

жұмысты саралаудың ең кең таралған жеті тәсілі бар:

•      

Тапсырма;

•      

Ресурстар;

•      

Жылдамдық;

•      

Нәтиже;

•      

Диалог жәнеқолдау;

•      

Бағалау;

•      

Топтасу

Критериалды бағалау

жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан

тұрады.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып

табылады,

оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру

деңгейін көрсетеді, оқудағы

қиындықтарды анықтап, оқу бағдарламасындағы оқу

мақсаттарыны қол жеткізуге

көмектеседі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар мен мұғалім

арасындағы кері байланысты

қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін

түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болыптабылады

және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынғанақпараттың

негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы қаншалықты

дұрысорындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының қаншалықты ілгерілегені

туралымәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп,

түзетіп отырады.

Қалыптастырушы

бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай

нәтиже

күтілетінін түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар,

сыныптастарын

бағалау арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.

 

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст