Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жұмысыынң жартыжылдық есебі

09.01.2020

Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің 2019 – 2020 оқу жылының

тәрбие жұмысының І жартыжылдық  есебі

 

Тәрбие жұмысының тақырыбы:

         «Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткеніне құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, тұлға қалыптастыру»

Тәрбие жұмысының мақсаты:

           -«Мәңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық және жалпыұлттық идея оқушылардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиет-сапаларды жетілдіретін білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу;

          -Әлеуметтік жобаларға деген қызығушылықты арттыру;

          -Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру;

          -Оқушыларда көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

 Оқушыларда:

-ҚР мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық- патриоттық сананы қалыптастыру;

-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ҚР халықына жолдауын басшылыққа алу;

-«Бала құқықтары»туралы Конвенцияны іске асыру;

-ҚР Конституциясын  басшылыққа алып құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту;

-ҚР «Білім туралы заңын» іске асыру бағдарламасын жалғастыру;

-өмірдің ең жоғарғы құндылықтарын, олардың адамдар арасындағы қарым-қатынастағы көрінісін;

-жалпы адами және ұлттық құндылықтар мен шындыққа негізделген адамның лайықты өмірі (адалдық,құрмет,парасаттылық);

-өз әрекеттері үшін жауапкершілік;

-оқу және зерттеу, ақпаратпен жұмыс істеу және сын тұрғысынан, проблемаларды шешу, қарым-қатынас және ынтымақтастық, тиісті деңгейде үш тілді пайдалану түсінігін қалыптастыру.

Оқушыларды:

-адамдарға, әлеуметтік оқиғаларға  эмоциялық жанашырлықпен қарау жағдайларына;

-даму және өмірде өзін-өзі таныту тәсілі ретінде зерттеу-шығармашылық қызметіне;

-өзін-өзі басқару істерінде  белсенді қызметке тарту,

Олар:

-қоғамдық даму мән мәтінінде лайықты өмір сүрудің құнды болашағын туғызуға;

-өмірде жетістікке қол жеткізу үшін өзін-өзі реттеуді, тұрақты мінез-құлықты, өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыруға;

-өзінің жан дүниесін, басқалармен байланысын, өзінің ел және адамгершілік үшін миссиясын ұғынатын әрбір оқушының ерекшелігін дамытуға ықпал ету. құндылықтарды жинаған, өз өмірі мен іс-әрекетіне жауап бере алатын, өз өмірінің қажеттілігін түсінетін, оқу мен зерттеу, ақпаратпен жұмыс істейтін және сын тұрғысынан ойланып өмірде жетістікке қол жеткізу.

Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары жаңа оқу жылының басында ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізінде сегізбағытты :

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2. Ұлттық тәрбие;

3. Отбасы тәрбиесі;

4. Рухани-адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет);

5. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

6. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттарын қамти отыра

         «Ұлттық құндылықтарды бойына жинаған шығармашыл, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету» мақсатында жасалынып бекітілді.

       Тәрбие жұмысын жоспарлауда келесі құжаттар басшылыққа алынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру концепциясы, Заңдар «Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау», «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы, «Діни ұйымдар мен наным-сенімдердің бостандығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылықтың және балалардың қараусыз, бақылаусыздығын алдын-алу туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «СПИД ауруының алдын-алу туралы», «Шылым шегуге шек қою туралы», «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері», «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі қамтылған.

             Мектебіміздің жаңа оқу жылының басталуын білдіретін ерекше күн ол - Білім күні. Мектебіміз де осы күні барша қонақтарға, оқушылар мен ата – аналар, ұстаздарға есігін айқара ашты. Мектепте Білім күніне арналған “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” тақырыбында салтанатты сап түзеу өтті. Салтанатты саптүзеуде мектеп директоры Бектурганова Г.Б., Зеренді аудандық әкімдігінің өкілі архив директоры сөз сөйлеп, оқушыларға, ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Мектеп педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша мектеп ұстаздарымен жұмысшылары марапатталды. ТОО «Грин Азия» өкілі «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілік жасап,  өз үлестерін қосты. 1 сынып оқушыларымен жағдайы төмен оқушыларға өз көмектерін аянбай  көрсетіп, сыйлықтарын табыс етті.

 

   

 

   Сап түзеуде бірінші сынып оқушылары  өлең оқып, би биледі. Мектеп түлектері мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларына өз тілектерін өлең шумақтары арқылы жеткізді. Әр сыныпта «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» атты сынып сағаттар  өткізілді.

 

 

 

          Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы негізгі ұғымдардың бірі денсаулық, білім және халықтың әлауқаты болып отырғандықтан, еліміздің барлық жерінде жыл сайын қыркүйек айында республикалық «Денсаулық фестивалі» апталығы өткізіледі.  «Денсаулық фестивалі» барлық оқушылардың, ұстаздардың  қатысуымен спорттық іс – шаралар ұйымдастырылды.          Денсаулық күні атап өту, бұл қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру, адамдардың денсаулығын сақтап қалу үшін не істеу қажет екендігін жеткізу үшін өткізілетін іс- шара. Біздің мектеп бойынша «Денсаулық зор байлық» ұранымен мұғалімдермен оқушылар арасында кросс, флешмоб, бастауыш сынып арасында спорттық сайыстар, 5-11 сынып арасында эстафета, арқан тарту, волейбол ойындары өтті.

 

      

 

Мектеп бойынша 89 оқушы бар, жоғары сыныпта – 55 оқушы, бастауыш сыныпта -34 оқушы. Мектепте-13 аз қамтылған оқушы

Бір анамен тәрбиеленуші-11

Бір әкемен тәрбиеленуші-жоқ

Жетім оқушы-жоқ

Мектебімізде Ішкі істер бөлімінде, мектепішілік есепте тұрған қиын, тәуекел тобындағы оқушылар жоқ.

      Мектебімізде жаппай оқыту бойынша 13 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, бракераж комиссиясы, ас мәзірі құрылып, бұйрық бойынша бекітіліп, акт, анықтама жазып, азық-түлікке сертификат алып тексеріп отырады. Жеке жоспар құрылып, ай сайын акт, анықтама, мәзір раскладкасы жазылып, мектеп асхана мониторингісін жүргізіліп, ас мәзірінің нормасын бақылап отырады. Жұмсалған қаражатқа акт құрылады. Мектеп аспазшысының тағамның сапалы және дәмді дайындалуын тексеруге бұйрық шығарылып, комиссия мүшелері бекітілді. Оқушылар қайнатылған сумен қамтамасыз ету мектеп аспазшысыны бекітілген. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың көмегімен ыстық тамақпен қамтылады және 5-11 сынып оқушылары буфеттік тамақпен тамақтанады. Асханамыз толық күн жұмыс атқарады. Жұмыс кестесі қабырғада бекітулі, «Ас болсын» стенді ілінген, ас мәзірі стенді күнде ауысып отырады.

      Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық күштерін біріктіру мақсатында 6-14 қыркүйек аралығында «Отбасы бақыт мекені» атты республикалық отбасы апталығы жүргізілді. 8 қазан күні «Қызым саған айтам» атты қыздар арасында пікірталас өтілді,. Отбасылық сайыстар, сурет сайысы, фотоконкурс, флешмоб, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылды. 22 қазан күні «Отбасы тәрбие бастауы, мектеп тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді

        

 

          

 

            

 

   Халықаралық қыздар күніне орай 8-11 сыныптар арасында «Зорлық-зомбылық қатыгездік пе, әлде тәрбие әдісі ме» тақырыбында зорлық зомбылықтың алдың алу мәселелері туралы әңгіме жүргізілді, мондай ақ сынып жетекшілер «Қыздар арасында», «Қыз бойжеткен ана», «Қызға қырық үйден тыю» атты сынып сағаттары өткізілді. 5-11 сынып қыздарымен мектеп медбикесі «Қыздар гигиенасы» «Бетке күтім жасау», «Жыныстық тәрбие» бойынша әңгімелесті.

 

 

 

 

 

   Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» Республикалық акция аясында біршама тиянақты істер атқарылды. Республикалық акция «Өмір тамаша» ұранымен ұйымдастырылды. Анкеталық сұрақтар жүргізілді. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы тексеріліп, қаралды. Әр кабинетте сенім телефоны орнатылды. «Қауіпсіз шұғыласы» атты сурет байқауы жүргізілді. «Өмір қауіпсіздігі туралы не білеміз» тақырыбында мектеп психологі Тукеева Г.Ж. топпен бастауыш сыныптар арасында сайыс өткізді.

 

        Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс – шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тілдер мерекесінің онкүндік жоспары құрылды. «Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты тақырыптық сабақ, «Тіл-достықтың алтын көпірі» полиглот марафоны, «Великий и могучий русский язык» тақырыбында ойын, «Үш тұғырлы  тіл саясаты-оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі» шығармалар өткізілді. «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» атты көрме ұйымдастырылды.

 

                                   

 

     

 

      «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясы бойынша жүргізілетін жұмыстар жеке жоспар арқылы өткізілді. «Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі» атты дөңгелек үстел, «Мәңгілік елдің ұрпағы - біздің болашағымыз», «Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана» атты атты тәрбие сағаттары, «Мәңгілік ел – менің арманым!» атты ашық тәрбие сағаты жүргізілді.

        ҚР мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге бағытталған жұмыстардың жеке жоспарына «Рәміздерім мақтанышым» атты оқушылар арасында  сурет сайысы, «Ата-заңым-ардағым» атты ашық тәрбие сағаты, «Гимн-елдігімнің жыр әні» атты саптүзеу, «Менің Отаным-Қазақстан» атты оқушылар арасында үздік шығарма байқаулары өтті.

     2– қазан күні қарттар күні  мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің төріне ауылымыздың қариялары мен қонақтар жиналды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Қарияларымызға би билеп өз өнерлерін сыйлады.

Мерекелік концерт соңында осындай өнегесі  мен парасаты мол қарттарымыздың күнінде жүргізушілер ауыл қарияларына денсаулық, ұзақ өмір, т.б.

жылы тілектер жазылған өлең жолдарын оқыды. Қариялар осындай мерекеде 

қонаққа шақырған ауыл әкіміне, мектеп ұжымы мен оқушаларына алғысын айтып, ауыл ақсақалы Есімтай ата ақ батасын берді. Сондай –ақ мектеп оқушылары қарттар күніне орай ауылымыздың қарияларының үйіне барып өздерінің көмектерін көрсетті. Ауыл қарияларының үйлерінің ауласын тазартып, ауланың шөптерін жинап, қириялардың ризашылығын алды.

 

        

 

       

 

       Ұстаздар күні- өте жылы, оқушылар өздерін мұғалім рөлінде, ал ұстаздар өздерін оқушылар ретінде көре алатын күн. Осындай өнегелі де ардақты жандардың мерекесіне арнап 4 – қазан күні толықтай таңертен ұстаздарды қарсы алып құттықтаудан бастап, сабақ беру, мерекелік концертке дейін  оқушылардың ұйымдастыруымен өтті.

      Оқушылар таңертең ерте ұстаздарды әсем әнмен қарсы алып, ұстаздар күнімен құттықтады. Бұл күні мектебімізде өзін – өзі басқару күні деп алынып, барлық сабақтарды 9-11 сынып оқушылары өткізеді. Оқушылар өздеріне тапсырылған сыныптарға сабақ беріп қана қоймай, тәртібін де қадағалауды өз жауапкершіліктеріне алып, ұстаздар күніне арналған концертке дайындады. Осындай қызықты да әсерлі күн әрі қарай ұстаздарға арналған мерекелік концертпен жалғасты. Оқушылар мұғалімдерге арнап өлең, жырларын, ән мен билерін арнады.

 

         

 

         Мектеп зейнеткер ұстазы АӘД пәнінің мұғалімі Мусин Жексенбай Далеловичтің өмірден өтуінің 1 жыл болуына байланысты аудандық сайыс ұйымдастырыылп, өткізілді. Сайысқа ауданымыздың 9 мектебі қатысып, 10 команда құрып, жүргізілді.

 

 

 

 

        Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өскелең ұрпақты қоғамдық шараларға белсене қатыстыру, күз кереметтілігін сезіндіру, оқушы бойындағы талғамын, шеберлігін, танымдылығы мен икемділігін анықтау, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Күз береке-күз мереке» тақырыбында апталық жоспарланды,  Қазанның 18 –і күні Мектебімізде «Алтын күз» атты күзгі бал өткізілді. Күзгі бал мерекесінде оқушылардың өнерлері мен білімдерін сынайтын, бағалайтын әділқазылар алқасы құрылды. Мерекелік бағдарлама сыныппен бөлінбей, әр сыныптан бір оқушыдан құрылып, топ құрды. Былай бөлінген оқушыларға қызығушылықтарын артып, өте әдемі болып дайындалды.

      Бірінші сайыс бойынша оқушылар өздерінің топтарын таныстырып өтті. Екінші сайыста топтар өздерінің күзгі үлгілерінің сәнін ортаға салып, таныстырды. Үшінші сайыста әр топ өздерінің күз тақырыбына арнап, экибаналарын таныстырып, қорғады. Төртінші сайыста әр топ  өздерінің қолдан жасалған бұйымдарын көрсетіп, қорғады. Барлық сыныптар бұл мерекеге дайындалып, өнерлерін көрсете білді. Осындай мерекелік шарада бастауыш сыныптар арасында «Ханзада мен ханшайым» атты сайыс өткізілді. Осындай қызықты да әсерлі, сары алтынға малынған берекелі де мерекелі күз, мерекесін біздің мектеп оқушылары осылайша қарсы алды. Болашақта біздің мектебімізде оқушылардың бойында түрлі шығармашылық қабілеттерді ашатын мерекелер мен мектепшілік  шаралар өз жалғасын таба бермек.

 

             

 

           Сонымен қатар метеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен түнгі кезекшілік кестесін құрып,«Тәртіп басты талап» тақырыбында рейд жүргізуді ұйымдастырып ,бақылау жүргізді.

            «Таза болса табиғат аман болар адамзат » ұранымен сенбілік өтіліп оған барлық мұғалімдер, оқушылар жұмылдырылды.

  Мектеп жұмысшылармен 5-11 сынып оқушылары әр сенбі және тазалық бейсенбілік күндері мектеп алаңын қоқыстан, жапырақтардан тазалады. Қураған бұтақтармен ағаштарды кесіп, шығарды. Мектеп ауласы сыпырылып, жиналды.

 

                     

   

            Мектеп бойынша Экосағат   жүргізіліп, ағаш отырғызылды.

    

 

    16 қазан күні дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай мектебімізде 5-11 кластар аралығында «Ас атасы – нан» атты ұранмен мектебімізде нанды құрметтеуге, нанның қадірін, қасиетін түсіндіріп, оқушыларға нан илеудің түрін көрсетіп, үйретті.

      

 

          «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп бойынша «Кітап оқу күні» жүргізілді, барлық оқушылар, ұстаздар, жұмысшылар қатысты. Өздерінің кітапқа қызығушылықтарын танытып, уақыттарын бөліп, өлең шумақтарын, әңгімелер, аңыздар, ертегілер, тарих, орыс, қазақ әдебиеттерін оқып, білімдерін дамытып, уақыттарын өткізді. «Туған жер» жобасы бойынша ауылымыздың зерттеу жұмыстары, оқушыларға ата-бабаларымыздың тараған тегін, ауылымыздың тарихын танытып, дөңгелек үстел жүргізілді. Осы бағдарламаға байланысты мектебімізде тарихи- өлкетану мұражайы жұмыс жасайды, оқушылар мұғалімдерімен барып, көп нәрсені біліп таниды.  Латын әліпбиіне мектеп жұмысшыларымен, ұстаздармен, оқушылармен диктант жазылды. 2020 оқу жылындағы ерекшелік Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру мақсатында алдағы уақытқа тәрбиелік шаралар жоспарланды.

  

         

 

      «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы 2017-2018 оқу жылынан бастап біздің мектепте жұмыс жасайды. Осы жылы құрамында 48 оқушы бар. Жетекшісі аға тәлімгер Кудайбергенова А.Б. Жеке жоспары құрылып, жұмыс жүргізілуде. «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы, «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты    дөңгелек үстел, «Адал болу адамға не үшін қажет» тәрбие сағаты, «Ар – ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділдік сияқты адамгершілік және құқықтық мәдениетке баулу» атты дөңгелек үстелдер өткізілді.

      Оқу жылының басында Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» атты тәрбие сағаты жүргізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Оралов Ш.М. оқушыларға баяндама оқып, видеоролик көрсетіп, ҚР әр азаматы адал болу мақсатында өткізілді.

      

 

   

 

    

 

    Күзгі демалыс уақытына жеке жоспар құрылып, бекітілді. Барлық сыныптар тәрбие сағаттарымен, секциялармен, шахмат үйірмесімен, сурет сайыстарымен қамтылды.

 

                   

1 желтоқсан- бүкіләлемдік АҚТҚ ЖҚТБ алдын алу бойынша айлық шеңберінде флешмоб, «ЖҚТБ ғасыр дерті» атты сынып сағаттары, мектеп медбикесі Касымбаева М.Т. ұйымдастыруымекн дөңгелек үстел жүргізілді

                           

 

             Тарих  пәнінің мұғалімі Оралов Ш.М. оқушылармен «Зайырлы  қоғам»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді. Осында  қарастырылған  сұрақтар: дін мәселесі, хиджаб, халықаралық  терроризм туралы  оқушылар пікір таласты.

     Жартыжылдықта 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін кезекшілік жүргізілді. Әр

сынып өздеріне жүктелген барлық жұмыстарды атқара білді. Мектепте оқушылардың формасы, тазалығы, ауысым аяқ киімі қатаң тексеріліп отырды. Мектепке келмеген оқушылар сынып жетекшілерінің қадағалауында болды, кешіккен оқушылармен әңгіме жүргізілді.

                 Мектепшілік жоспар бойынша  ата-аналар  жиналысы өткізілді, жиналыстың мақсаты әрбір балаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және оалрдың жан жақты дамуына ата ана, мектептің жағдайын жасау болып табылады. Мектеппен ата-ана тығыз байланыста болу керек. Бала, ата-ана, мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтижеге жету.  Мектеппен ата-ана арасында келісім шартқа қол қойылды. Әр тоқсан сайын ата-аналардан қолхат жиналды. Меткеп психологі Тукеева Г.Ж. ата-аналаармен тренинг жүргізді. Сынып жетекшілер сыныптың әр тоқсан бойы өткізген тәрбие жұмысы жайлы есептерін тапсырды.

 

         

          

     Өзен жалпы білім беретін орта  мектебі  бойынша  14 үйірме (оның 6 үйірмесі шахмат) және ДЮК «Жігер» атынан волейбол  секциясы және қамқорлық кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен ата-аналардың демеушілігі атынан күрес маты сатып алып, қосымша педагог 0,5 ставкасы беріліп, «Қазақша күрес» үйірмесі   жүргізіліп жатыр.  Спорттық жетістіктеріміз Волейбол облыстық – 3 орын, аудандық - 2 орын, Шахмат  – аймақтық, мектепшілік жеңімпаздар марапатталды.

 

 

 

   15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні. Мектеп бойынша саптүзеу жүргізілді.  Саптүзеуде көрме ұйымдастылып, баяндама түрінде 5 сынып жетекшісі Оралов Ш.М. өткізді.

   20 қараша күні балалар конвенция күніне арналған мектепшілік тәрбие сағаты өткізілді. 

«Жалпыадамзаттық құндылықтар» рухани-адамгершілік құндылықтарға байланысты өзін-өзі тану сабағынан ашық сабақ жүргізіліп, дөңгелек үстел өтілді. Дөңгелек үстелге 7-11 сынып оқушылары қатысып, жалпы адамзаттың

 «Жол қауіпсіздік ережесі» бойынша бастауыш сынып арасында тәрбие сағаты жүргізілді. «Қысқы кезеңдегі қызылтаяң төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер» тақырыбы бойынша сынып сағаттары, сурет сайыстары, дөңгңлңек үстел  өткізілді.

                  

          Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу негізінде «Халықаралық сабайлас жемқорлыққа қарсы күрс күніне» орай 8-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты өткізілді.

                                                 

      «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты мектепшілік апталық өткізілді, мақсаты: балаларға қатысты зорлық- зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру. Балалар және жасөспірімдер, ата – аналар мен педагогикалық қызметкерлер: «Әр бала зорлық – зомбылықсыз балалық шаққа құқылы» тақырыптық ақпараттық парақшаларды жасап шығару және тарату, «Әке шешенің тәрбиелік маңызы» ата – аналар жиналысы, «Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік» фотоконкурс, «Әлемді зорлық – зомбылықсыз құру жолдары» эссе байқауы, Балаларға қатысты зорлық – зомбылық және қатыгездіктің алдын алу мәселелері бойынша көрмелер ұйымдастырылды.   Мектеп психологі жеке жоспары бойынша көп жұмыс жасады, алға қойған жоспарын іске асырып, оқушылармен көптеген тренингтер, суйцидтің алдын алу онлайн тестін, риск тобындағы оқушылармен жұмыс жасап, дөңгелек үстел, ойындар, сауалнамалар, психологиялық жаттығулар, психодиагностикалық жұмыстар жүргізді.

 

       1 желтоқсан ҚР тұңғыш президент күніне орай мектепшілік жоспар құрылды. Сурет сайысы,  көрме, саптүзеу жүргізілді. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат саптүзеу түрінде өткізілді. 5 сынып жетекшісі Оралов Ш.М. пен бастауыш сынып мұғалімі Онгарбай Жанерке оқушылармен бірге саптүзеу жүргізіп, өлең шумақтары оқылып, әндер шырқалып, көрініс көрсетілді.

  

          

       1 желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ қарсы күніне орай мектепшілік дөнгелек үстел, волейбол сайысы жүргізілді. Мектеп психологімен мектеп медбикесі баяндама оқып, бейнеролик көрсетіп, сурет сайысын жүргізді.

Информатика пәнінің мұғалімі Коктиева Ж.А. республикалық «Код сағатын» жүргізді. Код сағатына 3-6 сыныптар қатысты, оқушылар сертификаттармен марапатталды,

        16 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жеке жоспар құрылды. Жоспар бойынша «Тәуелсіз –елімнің ерлік жолы!» кітап көрмесі, «Тәуелсіз Қазақстан – менің сүйікті Елім» бірыңғай сынып сағаты, «Тәуелсіз –елімнің ерлік жолы!» қолданбалы мәдениет көрмесі, «Елім менің ансаған» патриоттық әндер сайысы, «Қазақстан- біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек» мерекелік концерт, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау туралы саптүзеу.

            

             

      

    Мектеп бойынша 2018-2019 оқу жылынан бастап «Қыздар», «Ұлдар» клубы жұмыс жасайды. Жетекшісі Тукеева Гульдарай Жексенбаевна, басшыларын 11 сынып оқушысы Мухан Нұрәділ және 11 сынып оқушысы Сабирова Аружан  міндетін атқаруда. «Ұлдар» клубы – «Арлан», «қыздар» клубы – «Гүлдер» деп аталады. Өз мақсаттарын өздері таңдап, сол мақсатқа жетуге талап қойды. Әр клубқа жеке жоспар құрылған, әр ай сайын кездесу ұйымдастырылады. Семинарлар, дебаттар, дөңгелек үстел тәтті шаймен, қарттарға көмек көрсету, КВН, сайыстар, кешкі кездесулер, пікірталас, гигиеналық кеңестер жүргізіледі. «Ұлдар», «Қыздар»  клубтарымен «Ардагерлер, ақсақалдар кеңесі» азаматтарын тарта отырып, өсиет, өнеге, ақылдарын айтып, оқушыларға кеңестерін, баталарын берді. Оқушылар өздері сұрақтарын қойып, өздеріне көп мағлұмат алады.

       «Құстарға қамқор болайық» атты мектепшілік акция өткізілді. Ұлдар құстарға ұяшық жасап, ағаштарға іліп, бастауыш сынып оқушыларымен құстарға дәмдерін шашды. Оқушылар алдарына қойған мақсатпен табиғатқа, құстарға зиян келтірмеу керектігін, қомқор бола білуін түсінді.

       Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша әр сынып жетекшісі жылдықта  бір ашық тәрбие сағатын жүргізеді. Осы жартыжылдықта бастауыш сынып мұғалімдері өз тәрбие сағаттарын жақсы өткізді деуге болады. «Ананың тілі –жүректің үні»атты тәрбие сағатын 1 сынып жетекшісі Бейлхан Жайна «Әдептілік ережелері» тәрбие сағатын 2 сынып жетекшісі Наймантаева А.Х., «Кітап білім бұлағы» 3 сынып жетекшісі Базарбаева А.О., «Тәуелсіз Қазақстан менің сүйікті елім» атты тәрбие сағатын ойын түрінде 4 сынып жетекшісі Онгарбай Жанерке жүргізді. Тәрбие сағаттарына бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өте жақсы өткізді деп айтуға болады. Алған тақырыптары оқушыларға түсінікті, жеткілікті болды деп ойлаймын.

      «Жаңа жыл -2020» кеші өткізілді. Кеш бастауыш сыныптармен жоғары сыныптарға бөлінді, аудандық бұйрық бойынша уақытында жүргізілді. Кешке жауапты4, 11 сынып оқушылары болды. Дайындық  жақсы болды, безендіру жағынан керемет, өзгеше деуге болады. Аяз атамен ақша қар қонаққа келіп, кеш Күлшеқыз бен ханзада ертегісі түрінде ұйымдастырып, әртістік роллмен ойнатылды. әр сынып өз номерлерін қойды. Жаңа жыл кеші би алаңымен аяқталды.

         

           

          Әр өткізілген іс-шара Мектеп сайты мен инстаграм парақшасына фотосуреттері салынды.

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің

тәрбие жұмысының

І жартыжылдық  есебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Тәрбие ісінің меңгерушісі:       Ахметжанова З.Т.

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

Просмотров: 1190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст