Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қайырымдылық акциясы

17.01.2020

«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»

 

          «Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз» деп айтқандай жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Жақсылық жасау – адамгершіліктің, имандылықтың тәрбиеліктің, парасаттылықтың көрінісі болып саналады.

  Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінсек, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» деген екен.

Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.  «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, жағдайы төмен, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам баласы бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты ұранмен өзіміздің жерлестерімізді 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қайырымдылық» акциясына қатысып, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына қол ұштарыңызды созып, демеушілер іздестіріліп, материалдық көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

 «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігіне сенеміз. Олай болса, мектебіміздегі жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсетеміз деген демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст