Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ "Ақкөңілділік туралы"

26.02.2020

Өзін-өзі тану . Өзен жалпы білім беретін орта мектебі.

Сабақ: 21Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы

Құндылығы: Сүйіспеншілік,ақиқат,іс-әрекет.

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, достық,татулық.

Мұғалімнің аты-жөні:

Базарбаева А.О.

Күні:  07.02 .2020ж

Сыныбы: 3А

 

Қатысқан оқушылар  саны: 8

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ  мақсаты

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

 Оқушылар ақкөңілділіктің  маңызын түсінеді.Достарымен дос бола білуді  үйренеді. Дұрыс әрекет құндылығының  мәнін анықтайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Адамдарға жақсылық жасай  білудің  маңызын түсіндіреді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Ақкөңілділік  құндылығының мәніне дәлелдер келтіреді.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Ақкөңілділік  туралы анықтай алады;

Дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіре алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған жасы қасиеттер жазылған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Қ.Б.Бас бармақ әдісі. Қ.Б.Ынталандырушы сөздер.

Бәрекелді!Жарайсың!Тамаша!Талабыңа нұр жаусын!

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, әдебиет.

Жоспарлан

ған уақыт

40 мин

Сабақ барысы: Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Көңіл-күйлерің қалай?  Өте жақсы!

Олай болса жақсы көңіл- күймен сабағымызды бастаймыз.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

 

Тыныштық сәті.

4 минут

 

 

Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты ,әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Бізге қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.  Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.

 

 

 

2. Топқа бөлу

1 минут

 

2.Жүректің  суреттері арқылы топқа бөлу.

1.Жақсылық               2. Адалдық

 

 

Топ аттары

жазылған сөздер.

 

3. Үй жұмысын тексеру

Бастапқы білім

3 минут

 

Әңгіме мазмұнын біледі

 

 

Оқулықтың 94-95 беттеріндегі Е. Өтетілеуовтың «Мейірбан» әңгімесі.

 

(Микрофон әдісі)

Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.

Акт

 

4.Сұрақтар:

Ойлау дағдылары

ның деңгейі.

(Білу түсіну,

қолдану).

2  минут

 

 

 

 

 

 1. Апасы Мақсатты қайда жұмсады?

2. Мақсат қандай бала? Неге?

3. Өзің айналаңдағы адамдарға ақкөңілділігіңді қалай білдіріп жүрсің?

Рахмет, балалар !

 Қ.Б.   Жарайсыңдар!

 

 

5.Дәйексөз.

4  минут

 

 

«Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының көрінісі»

«Жүсіп Баласағұни»

Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, барлығы 2 рет қайталайды.

 

 

Суреттер

 

Дәйек сөз.

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

6. Ой түйіндісі

3 минут

 

1. Ақкөңілділік адамға не үшін қажет?

2. Ақкөңілділікті адам бойындағы тағы қандай қасиеттермен салыстыруға болады?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Ақкөңілділік – адамның жақсы қаси-еті. Ақкөңіл адам басқаларға тек жақ-сылық ойлап, жақсылық жасауға дай-ын тұрады. Ақкөңіл адамның жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, көңілі дарқан. Ондай адамдарды өзара сыйласымы-нан, ақ ниетті әрекеттерінен, жақсы-лыққа құштарлығынан, жанашыр-лығынан тануға болады. РахметРР

 

7.Мұғалім сыйы

5 минут

 

 «Ақылды егінші»

Бір күні патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:

–Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.

– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:

– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң білімді, ақылды азаматтар болып, халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп, егіншінің үмітін ақтапты.

 

8.Топпен ән айту.

5 минут

 

Оқулықпен жұмыс.

«Жас дәуірдің гүліміз»

Сөзі: Ибрагим Нүсіпбаевтікі

Әні: Ермек Өтетілеуұлынікі

Өте жақсы әнді орындадыңдар, керемет!

Топпен

ән айту

 

9.Сұрақтар:

3 минут

 

 

1. Егінші ақшасын қалай жұмсайды?

2.Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер бар?

3.Патша не үшін риза болды?

4.Егіншінің балалары үмітін ақтады ма?

5.Ата-аналар алдындағы парыздарыңды орындап жүрсіздер ме? Рахмет! Жарайсыңдар!

 

 

 

10. Видео көру

2 минут

 

 

Жақсылық жасау

Оқушылар  көреді.

 

11.Шығармашы-лық жұмыс, топпен жұмыс.

5 минут

 

 

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Ақкөңілділік» сөзіне кластер құру.

2-топ:  Өлең құрастыру.

 

Балалар,жарайсыңдар!

Түрлі түсті қағаз

12. Үйге тапсырма.

1 минут

 

Оқулықтың 98- бетіндегі Ыбырай Алтынсаринның «Атымтай Жомарт» мәтінін оқып келу.

 

 

13. Тілек ағашы

1 минут

 

 

14. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

2  минут

 

 

 

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп жүрекшеңізге жазып,тілек ағашына жапсырайық.  Сабаққа қатысқан-дарыңызға рахмет!  Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 988


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст