Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке жол акциясы бойынша есеп

08.09.2023

«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 «Мектепке жол» акциясы бойынша қорытынды есеп

2023-2024 оқу жылы

 

        Аз қамтылған және көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы  жылдың қыркүйек айында Зеренді ауданының білім бөлімінің демеушілігімен мектебімзіде 2 оқушыға, яғни Ахметжан Гүлназ бен Жолданғар Аишаға мектеп құралдары мен сөмке берілді. Әр сөмкеде дәптерлер, қалам, қарындаш, түсті қағаз, сурет дәптер, пенал, пластилин, акварель, түсті қарындаш, т.б. сабаққа қажетті заттар салынған.

        Осы акция аясында Ауылымыздың жеке кәсіпкерлері Шарипов Толеген және Кожагулов Сағдат өз демеушіліктерін танытып, 1-сынып оқушыларына 50000 (елу мың) теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті. Ол ақшаға 1-сыныптың 9 оқушысына мектеп құралдары (дәптерлер, қалам, қарындаш, түсті қағаз, сурет дәптер, пенал, пластилин, акварель, түсті қарындаш, т.б.) алынды. 1-қыркүйек күні Білім күніне орай өткізілген салтанатты шарада оқушыларға таратылып берілді.

        Сонымен қатар Зеренді ауданынан Аманат партиясының атынан 2-сынып оқушысы Серік Інжуге 50000 (елу мың) теңге қаржылай көмек берілді.

        «Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетілген барлық көмек түрлері оқушыларға қуаныш сыйлады. Сөмкелердің сапасы жақсы болуы мен қатар, ішіндегі заттары әр оқушыға қажетті құрал жабдықтар болып табылады.

       Барлық демеушілерге алғыс білдіреміз!

 

Просмотров: 1191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст