Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

10.10.2023

Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің

«Қамқоршылық кеңес» отырысының

ХАТТАМАСЫ №1

Өтілген күні: 26.09.2023 ж.

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрайымдары, қамқоршылық кеңесінің құрамы

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
  2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
  3. Жұмыс жоспарын бекіту

Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Сарин Ж.Т. сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.

  1. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
  2. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
  3. Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
  4. Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
  5. ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
  6. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
  7. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.

2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы Наймантаев Ербол  Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.

Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып оқушылар ата-аналары мен жергілікті инспектор және мектеп ардагерлері ұсынылды.

 

Қамқоршылық кеңес төрағасы: Наймантаев Е.Е.

Хатшы: Ахметжанова З.Т.

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:

 Нукенов Саят Мухаметкаримович

Ахметжанов Акылбай Орынбаевич

Даньярова Таттигул Мурзахановна

Аузар Темирбек

Тастемирова Альмира Болатовна

Бектурганова Гулбаршин Бексултановна

Калипенов Азамат Байзоллович

Доскарин Даулетхан Раимбекович

Жусупова Райхан Бопановна

Талтакаева Динара Касымовна

Ержанова Слушаш Калимовна

Айпхан Ерболат

 


 

Шешімі:

  1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
  2. Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.


 

Қамқоршылық кеңес төрағысы: Наймантаев Е.Е.

                                             Хатшы: Ахметжанова З.Т.

Просмотров: 808


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст