Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепшілік тәрбие бақылау бойынша анықтама

26.10.2023

 

«Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Мектепшілік тәрбие бақылау бойынша  анықтама

2023-2024 оқу жылы

                                                       Қыркүйек

          2023-2024 оқу жылының басталуына байланысты Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі бойынша мектепшілік тәрбие бақылау жұмысының жоспары құрылып, бекітілді. Мектепшілік тәрбие бақылау жұмысының жоспары, циклограммасы ай, апта сайын жүргізіледі.

         Тәрбие жұмысында нормативтік құқықтық құжаттарды тексеріп, толтыру, тәрбие жұмысының жоспарын бекітіліп, сынып жетекшілер тәрбие жұмысының жоспарын тексерілді. Педагогикалық педкеңестің шешімі бойынша  сынып сағаты әр сәрсенбі күні сағат 08.00 де өткізіледі деп шешілді.

      «Мектепке жол» қайырымдылық  акциясына демеушілік көрсетіліп 1 сынып оқушылармен жағдайы төмен оқушыларға кеңсе тауарларымен қамтылды,  есеп жазылды.

           Ата-аналармен жүргізілетін  жұмыс жеке жоспары құрылып,  әр сыныпта ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне байланысты волейбол секциясы (Жігер ДОО) қазақша күрес және минифутбол үйірмелері өткізіледі. Бастауыш сыныптарда шахмат үйірмесі жүргізіледі.

             Кезекші сынып және кезекші әкімшілік кестесі құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Кезекші әкімшілік кезекші мұғаліммен сағат 8.00 де мектепке келіп, оқушыларды қарсы алады. Мектеп бойынша сынып кезекшілігін ұйымдастыру, сынып жетекшілер өз жұмыстарын тиянақты орындау, оқушылардың сабаққа қатысуын, тазалығын, түр келбетін, киім үлгісін (классика стилінде) бақылау, сынып ішіндегі тазалықты қадағалау. Сабаққа қатыспаған оқушылардың ата-аналарына телефон шалып, оқушылардың себебін уақытында анықтау, кешіккен оқушылармен жеке әңгіме жүргізіледі.

             Асханада 1-4 сыныптар арасында тегін тамақтану және  аз қамтылған оқушылар (8 оқушы) тегін тамақпен қамтылады. 5-11 сыныптар арасында буфеттік тамақтану ұйымдастырылды.  Бракераж комиссия құрылып, асхана кезекшілік кестесі құрылып, тамақтың сақталуы мен сапасын уақытында тексерілді.

           Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы жеке жоспар бойынша орындалып, жауаптылармен бекітіліп, жүргізілді.

Сынып жетекшілер сыныптарына арналған тәрбие жұмыс жоспарын құрып, ата-аналар жиналысының жоспарын ұйымдастырып, сыныптың әлеуметтік паспортын жасалып, тәрбие жұмысының меңгерушісіне тексертіліп, мектеп директорымен бекітілді.

1,5 сынып оқушыларымен мектеп психологі психологиялық диасностика өткізу бойынша адаптация (бейімдеу) жұмыстарын жүргізді.

 

                          Тәрбие ісінің меңгерушісі                 Ахметжанова З.Т.

Просмотров: 2293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст