Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айткожина А.Д. шығармашылық есебі

29.05.2020

«Өзен жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

 

 

 

 

Шығармашылық есеп

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Айткожина А. Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019– 2020 оқу жылы

 

 

 

Проблемалық тақырып: Білім беру мазмұнын жаңартуды қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне енгізу.

Мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, қазақ тілі мен әдебиет пәндеріне  деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері: білім алушылардың тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда, ойлануға, қорытынды жасап, ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру.

 «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»

К.Д. Ушинский

Мен, Айткожина Асемгуль Дюсенбаевна осы ұстаздық қағидамен 9 жыл ұстаздық жолында еңбек етудемін. Осы мектепте жұмыс жасай жүріп, оқытудың көптеген әдіс-тәсілдеріне үйрендім. Жаңартылған курс мазмұнын аяқтап, өзара сабақтарға қатынасып, іс-тәжірибе алмастым. Оқушыларды сауатты жазуға үйрете отырып, олардың есте сақтау қабілетін, тілін дамытып, өзара түсіне білуге, еркін сөйлей, сөйлесе ала білу деңгейіне көтеру, ойлануға, қорытынды жасап, ойын жүйелі айта білуге дағдыландыру.  Осындай мақсаттарды орындау барысында тілдер апталығында «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің негізін қалаушы»,

 IMG-20200130-WA0070IMG-20200130-WA0069

5 «А» сыныбында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты ашық сабақ өткіздім. 

 

20200131_093248Абайдың 175 жылдығына арналған “Ғылым таппай мақтанба” атты дебат.

20200131_093009

«Ата-аналар жиналысында « Қазіргі қоғам және қазақ тілі» тақырыптарында баяндамалар оқып, ой бөлістім, тәжірибе алмастым. Мектеп бойынша өткізілетін тәрбие жұмыстары мен іс-шараларға қатысып, ат салысамын. Атап айтсақ, «Ұстаз тілегі», «Ұстаз кз.» атты республикалық сайыстарға қатысып, Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталдым.

Мұғалім – озық ой мен шынайы практикалық қызмет иесі десек, мақсат – түпкі нәтижеге қол жеткізу болатын, ал түпкі нәтиже – ол білім сапасы, оқушылардың жетістігі деп ойлаймын. «Дарынды оқушылармен» жұмыс жасай отырып, “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасына 3 оқушы қатыстырып үшеуі де үшінші жүлделі орындарға ие болды. 11 сынып оқушылары “Білгірлер” бағыты Шұғайып Еламан  және “Сөз шеберлері” бағыты Мұқан Нұрәділ. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша “Тіл дарыны-2020” аудандық кезеңінде 11 сынып оқушысы Сабирова Аружан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

20200201_14590120200201_131830(0)

 

 

 

Абайдың 175 жылдығына орай сырттай конкурстарға қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болдық.

ZERDELI Абай оқулары Шұғайып Еламан І дәрежелі диплом, SANAEducation- Интеллектуалды білім порталы сайысы мәнерлеп оқудан Шұғайып Еламан ІІ орын, шығарма жазудан Ержан Дина ІІІ орын иеленді.

Жетекші мұғалімге Алғыс хат берілді.

Сабақ барысында жаңа оқу тәрбие әдістерімен уақытылы танысып, жаңа тәжірибелерді игеруге тырысамын.

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст