Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

26.10.2020

Жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы

 

Жиналыс өтілген күн: 16.10.2020 жыл

Қатысқан ата-аналар: 49 ата-ана.

 

Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер:

 

  1. Мектеп директорының  2019-2020 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыстарына есеп беру
  2. Әртүрлі сұрақтар.

Жалпы ата-аналар жиналысына Өзен жалпы білім беретін орта мектебінен 49  ата-ана қатысты.

Ең алдымен мектеп директоры  2019-2020 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысына есеп берді.

                                                        Оқу-тәрбие барысының сараптамасы.

                Өзен жалпы білім беретін орта мектебін 2019-2020 оқу жылы 95 оқушымен басталды, 95 оқушымен аяқталды. Барлығы 11 сынып,12 сынып комплектін құрайды.

1-4 сыныптарда-38 оқушы

5-9 сыныптарда-47 оқушы

10-11 сыныптарды –10  оқушы

Оқу үздіктері-8

Оқу екпінділері-41

 

Мектеп бойынша білім сапасы- 53 % көрсетті

 

2018-2019 ж.ж.

2019-2020ж.ж.

54%

53%

 

ҰБТ бойынша мәлімет.

Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің  2019-2020 оқу жылында 11 сыныпта 7 оқушы оқыды, 6 оқушы  ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Орташа баллы – 62.

2 оқушы грант иегері атанды:– грант, Шугаив Еламан С.Сейфулин атындағы аграрлық университеті, Қайролла Жансерик Жоғары техникалық колледж.

 

              Төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып аяқтадық. «Балдәурен» жазғы балалар алаңы да қашықтықтан өткізілді. Күн сайын әртүрлі тақырыптар бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізіліп отырылды. Онлайн суреттер байқауы, ән байқауы, қолөнер көрмелері, спорттық ойындар, жазғы бау-бақшадан бір күндік видеолар түсіріліп әлеуметтік желілерге жүктелініп отырылды. Аудандық, облыстық онлайн сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық.

              2019-2020 оқу жылына жоспарлаған барлық іс-шаралар толығымен орындалды.

 

Алдағы оқу жылына міндеттеме:

1. Жаңа оқу технологиясын қолдану арқылы білім сапасын көтеру.

2. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысу.

3. Дарынды оқушыларды дамытуға бағытталған жұмысты жалғастыру.

4. Мұғалімдердің шығармашылығын арттыру.

5. Әр оқушының жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиетін жүзеге асыру.

6. Ата-аналармен жұмыстың мазмұны мен түрін жаңарту және оқушылардың отбасылық тәрбиесіне педагогикалық тұрғыда әсер етуін күшейту.

7. Мектепте отбасылық клубты ашу және жұмысын жандандыру.

 

 

Мектеп директоры:                       Бектурганова Г.Б.

Просмотров: 747


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст