Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал дос пен амал дос" қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

18.11.2020

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айткожина А.Д,

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

   

Бөлім атауы

4. Сүйіспеншілік және достық

Сабақтың тақырыбы

4.5. Адал дос пен амал дос

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.2.4.1 (О)- идеясы ұқсас публицистикалық және көркем  әдебиет стиліндегі  мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін  салыстыра талдау;

7.4.4.1(ӘТН) -етістіктің болымды, болымсыз түрлерін жазылым, тілдесім барысында қолдану.                                                                                                  7.ӘТН3.Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушыларға: тақырып бойынша ой толғап, пікір білдіреді, болымды және болымсыз етістіктерге тән белгілерді анықтайды.

 

Оқушылардың басым бөлігі: мәтін бойынша тілдік талдау тапсырмаларын орындап, болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолын үйренеді;

 

Кейбір оқушылар: мәтіннің мазмұнын ашып тсіндіріп, достық туралы тсінігін жеткізеді. Болымды және болымсыз етістіктерді бір-біріне айналдырады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алады;

Публицистикалық және көркем  әдебиет стиліндегі  мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, тілдік ерекшелігіне салыстыра талдау

Тілдік дағдылар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Адал дос, амал дос, достықтың түрлері. Болымды және болымсыз етістіктер нағыз дос, сырласу, серік, сенімді, қорғау, өзің, сатқындық, жақсылық, дос табу.

Құндылықтарды дарыту

  • оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
  • адамгершілікке, достық қарым-қатынасты құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Өмірмен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып,  интербелсенді тақтаны қолданады

Бастапқы бөлім

Денсаулық – зор байлық

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

 

 

Тыңдалым

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Қызығушылықты ояту

«Жан досым» әнін тыңдау

Тыңдалым алдындағы тапсырма. Оқушылармен сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме жүргізіледі:

1. Әнді тыңдаған кезде қандай көңіл-күйде болдың?

2.Достықтың  адам өмірінде алатын орны қандай деп ойлайсыз?

3. Достық кімдердің арасында болады?

4. Достық кімдердің арасында болады?

5. Не үшін дос болады? Дос болудың мәні неде?                                   (Достық жайлы сөз қозғайды)

    Дескрипторлар:

  1. Әннің көңіл-күйі мен өзінің көңіл күйін сипаттай алады;
  2. Әннің көңіл-күйін жеткізу үшін қажетті сөз тіркестері мен етістіктің түрлерін пайдалана алады;
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Адал дос пен амал дос.
  • Сабақтың мақсаты айтылады

Ой шақыру.

  • Адал дос дегеніміз кім? Амал дос дегеніміз кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20 мин

 

 

 

 

Ж1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенді сынайын деген замандастары: “Достық нешеу?” деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

— Достықтың екі түрі болады. Бірі — адал достық, екіншісі —

амал достық, — деген екен.

Сонда замандастарының ішінен біреуі тұрып:

— Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? дегенде:

—  Адал достық  өмірлік  нұсқа  болады,  амал  достықтың  өрісі қысқа болады, — деп жауап берген екен. Жауабына тәнті болған замандастары Әйтімбеттің шешендігін мойындапты.

Көкжиек күнтізбесінен.

Оқылым алдындағы тапсырма. Оқушылармен сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме жүргізіледі:

  1. Мәтін ұнады ма? Несімен ұнады?
  2. Ерекше әсер қалдырған тұсы.
  3. Морфологиялық талдау. Адал достық  өмірлік  нұсқа  болады,  амал  достықтың  өрісі қысқа болады
  4. Мәтіннен етістіктерді тауып, оған болымсыз етістіктің жұрнағын жалғап жазыңдар.
  5.  

1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнымен танысу.

2. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтау.

3. Етістіктерді тауып, түрлеріне ажырату.

Қалыптастырушы бағалау.

Тапсырма.

Мәтінді  оқып,  көтерілген  мәселені  анықтаңыз.  Көтерілген  мәселелер  бойынша проблемалық сұрақтарға жауап беріңіз.

Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем

Проблемалық сұрақтар

/ықтимал жауап/

1

Бұрын  адал  достық  ең  жоғарғы  адами  құндылық

саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға

қосқан,  бұрын  достыққа  үлкен  сезіммен  және

жауапкершілікпен  қараған.  Достық  үшін  құрбан болуға да дайын болған.

Қалай ойлайсың, бұрын

асыл қасиет саналған

достық бүгінде жай ғана

қарым-қатынас немесе

іскерлік байланыспен  

шектеліп қалған сияқты

емес пе?

2

Ертеректе  ел  ішінде Әйтімбет  деген  сөзге  шешен

кісі  болыпты.  Бір  отырыста  Әйтімбет  шешенге

замандастары:  «Достық  нешеу?»  –  деп  сұрақ

қояды.  Сонда  Әйтімбет  тұрып:  «Достықтың  екі

түрі  болады.  Бірі - адал  достық,  екіншісі - амал

достық»,- деп жауап беріпті.

Адал  достық  пен  амал

достықтың  арасын  қалай

ажыратуға болады?

3

Жақсымен дос болсаң, 

Алдыңнан шығар елпектеп...

Жаманмен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

                        Махамбет ақын

Досыңның  жаман, жақсы

екенін қайдан, неден білуге болады?

4

Сарапшы топ

бағалау

 Достық туралы айтылған ойларыңызды қандай мақал-мәтелдермен түйіндер едіңіздер?

Тақырып таңдау стратегиясы

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар

2.Дос - ажарың, жолдас - базарың.

3.Жақсыменен дос болсаң - күнде базар,
   Жаманменен дос болсаң - көңілің азар.

   Ресурс беріледі

http://bilim-all.kz/article/1910-Qumyrsqa

Сабақтың соңы

5 минут

 

 

Сабақтың соңында оқушылар:

Бүгін мен...................... білдім

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.

*......................... екенін түсіндім.

 

  • Өздерінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

 

 

 

 

 

     

 

               

 

Просмотров: 2541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст