Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

26.11.2020

Пән: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері:  Жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқаларға  жақсылықты жасау, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Сабақтың барысы:

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырамыз, денелеріңізді түзу ұстаймыз.

Аяқ - қолыңызды айқастырмаймыз, қолыңызды тізеге қоямыз.

 Көздеріңіді жұмыңдар.

Елестетіп көреміз: Күн нұры сендердің төбелеріңнен өтіп, кеуделеріңе

қарай бойлап барады. Кеуделеріңнің орта тұсында гүл түйнегі

орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,

 тілек қалауыңызды шайып, жүректеріңнің  қауызын ашты.

 Нұр сәулесі сендердің бойлрыңа ақырын тарай бастағанын елестетеміз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарымызға түсіреміз. Сіздің қолдарың нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарымызға тарады. Аяқтарымыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр  аузымызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты жақсы сөздерді айтады. Нұрды құлақтарымызға  бағыттамыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға нәрселерге қарап, бәрінен жақсылықты  ғана көреді. Сендердің бастарың  түгелдей нұрға бөленіп, басымызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Ұйымдастыру кезеңі

«Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын иегере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс».

С. Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген

 - Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?)-деген сұрақтарға жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет деген.

Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау

 

Қиянат жасамау

  • Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтың жиынтығынан тұрады. Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері

Сүйіспеншілік

 

  • Сүйіспеншілік – адам жанының асыл қасиеті, рухына қанат беретін ең күшті, ең тұрақты, ең ұлы сүйіспеншілік сезімі. Сүйіспеншілік ұғымын грек ойшылы Платон сезімдік махаббат және рухани махаббат сезімдері деп екіге бөліп қарастырды. Сезімдік махаббат адам жанының ынтық болатын, сұлу нәзік сезімі. Ал, рухани махаббат сезімі адамның белсенді танымдық қызыметінің қайнар бұлағы деп көрсетті. Сонымен бірге адамдарда сүйіспеншілік туындап, оның бағыттылығына байланысты әртүрлі түрлерін байқай аламыз.

Ақиқат

  • Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім.Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс.
  • Тек ақиқат білім ғана күндік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Ғылым-үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері,тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелм
  •  

« Ана махаббаты »  аңыз әңгіме.

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст