Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Өзен ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Озен отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"​

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзен жалпы білім беретін орта мектептің жас маманы . Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі. Сеит Ануардың жылдық жұмысының есебі.

29.05.2020

Өзен жалпы білім беретін орта мектептің жас маманы .                                    Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі.

Сеит Ануардың жылдық жұмысының есебі.

 

 

Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.

Н.Ә.Назарбаев

 

 

1 қыркүйек 2019 жылы "Алғашқы әскери дайындык пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тағайындалып өзімнің жұмысымды бастадым. Маған аға тәлімгер ретінде Касымбаев Беркаир Тореханович тағайындалды. Тәлімгермен бірге жылдық жоспар құрып, сол бойынша жұмыс жасап отырдым. Аға тәлімгер сабақты қалай дұрыс жүргізуді, іс қағаздармен дұрыс жұмыс жасауын және оқушылармен өзін қалай дұрыс ұстау қажет екенін түсіндірді.Сынып жұрналының талаптары мен танысып, дұрыс толтыруды үйрендім.

Жас маман ретінде өз тәлімгерім мен үнемі қарым- қатынас жасап отырдым. Бос уақытымда тәлімгерімнің және де тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырдым. Химия пәнінен "Хлор, Фтор хлориді" , География пәнінен "Қазақстан қазбалары" , Қазақстан тарихынан "Жәрменке, саудасының дамуы" , Дебат "Адам болам десең" . Сабақты қызықтыра өтуді, түрлі қызықты көрнекіліктерді жасауға тәлімгерім бағыт бағдар беріп отырды. Мектепте болып жатқан ашық сабақтарға, семинарларға, конференцияларға уақытында қатысып отырдым. Интернеттен түрлі сабақтарға материалдар алдым.

Алғашқы әскери сабағынан "Әскери кросс" жақын маңындағы мектептер арасында жарыс өткіздім.

 

 

13.02.2020 ж  "Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек, жаралану." атты ашық сабағымды өткіздім. Жас маман болғандықтан қоғамдық жұмыстарға, мерекелерге белсене қатыстым.

       

 

Болашақта аға ұстаздардың ізін басушы, жаңа заманға сай интернет, компьютер, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімімді жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын, жаңа технологиялардың қыр сырын меңгеріп аша алатын жас маманның бірі болуға тырысамын.

 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст